.
.
«Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы»КММ Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3137 | Размер: | Автор: Нартай4540Лейменова Мадина Ариновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі
Күні: 04.12.2014ж
Сынып 3
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
1. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
2.Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын қалыптастыру .
3.Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек – сызба, слайд, карточка
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ереше өтпек,бізге қонақтар келіп отыр тұрып сәлемдесейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз!
-Жақсы ,балалар отыра қойыңдар!
Психологиялық дайындық: Слайдта Ы. Алтынсариннің портреті шығады.
Мұғалім сөзі:
― Балалар, бұл суретте кім? Ол адам туралы не білеміз?
Балалар жауабы.(Ы.Алтынсарин-ұстаз,алғаш мектеп ашқан,Торғай облысы,қазіргі Қостанай облысынан, «Қазақ хрестоматиясы»оқулығын жазған.
-Қандай өлеңін білесіңдер?(Өнер, білім бар жұрттар»,Өзен, «Кел,балалар оқылық!)
Хормен айту.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар!
Балалар, мен сендерге бүгінгі сабақта оқып білгендеріңді көңілдеріне ықыласпен тоқуларына тілектеспін!. Сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қазір қыс мезгілі.
-Қыс мезгіліндегі қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
-Қыс мезгілі суық, аязды, боранды болады.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар қыста не қалайды?
-Аққала.
-Балалар ендеше мен сендерді Аққала қалауға шақырамын ол үшін сендер өткен сабақ бойынша алған білімдерімізді көрсете білулерің керек.Келісеміз бе?
-Қәне, кім шығады? (қолымызды көтереміз)
«Аққала » ойыны арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
1)Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2)Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
3) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
4) Бастауыш деген не?
5) Баяндауыш дегеніміз не?
6)Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
(оқушылар сұрақтарға жауап береді) дұрыс жауапқа қаршалар алады.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Жақсы,балалар сендер өткен сабақ бойынша білімдеріңді көрсете білдіңдер.
Аққала да сендерге разы.
Енді жаңа сабағымызға көңіл аударайық.
―Балалар, жаңа сабақ бастамас бұрын алдымен сөйлем туралы білетіндеріңді еске түсірейік.
Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.
А) сөздер мағыналық байланыста болады.
Ә) аяқталған ойды білдіреді.
Б) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.
В) соңына (.), (!),(?) қойылады.
― Өте жақсы!Жарайсыңдар!
Тірек сызба көрсетіледі:
Жай сөйлем
Жалаң жайылма
Слайдтан екі бағандағы сөздер көрінеді.
Жаңбыр жауды. Жаңбыр себелеп жауды.
Күн күркіреді. Күн қатты күркіреді.
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып,ереже құрастыру.
Құрастырған ережені кітаптағы ережемен салыстыру.
Ереже.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.
Мысалы:Қыс басталды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Мысалы:Қыста қар қалың жауды.
-Балалар,оқулықтарыңның 88-бетін ашып Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиық .Ол үшін тақтаға екі оқушы шығып Негеш пен Білімбектің рольдерінде болады.Қалғанымыз мұқият тыңдайықОлар не жайында айтты екен.Біз дұрыс ереже құрдық па?
(Екі оқушы шығып диалог түрінде Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.
Екеуара әңгімеге сүйеніп, сызбаны толтырады қорытынды шығарып.
Жай сөйлем
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүше Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше
Бастауыш Бастауыш
Баяндауыш Баяндауыш
4) Дидактикалық ойын
97- жаттығуды «Тиісті пойызға орналастыр» ойыны түрінде орындайды.
Сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдап, жалаң немесе жайылма екенін анықтайды. Содан соң тиісті пойызға сөйлемдерді орналастырады. Болғанан кейін дұрыстығын слайдтан тексереді.
Бұл сөйлемдердің бір –бірінен ерекшелігі неде?(ережені пысықтау)
5) Сергіту сәті
Оқушылардың назарын слайдқа аудару ,көзге арналған жаттығуларды орындату.
Дәптермен жұмыс
-Балалар енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.
Сабақ тақырыбы : Жалаң және жайылма сөйлем.
Көркем жазу
ЖжжЖжжжж
Оқулықпен жұмыс.
98 - жаттығу. Қима қағаздағы сөйлемдерді балаларға таратып, тақтадағы екі себетке , яғни жалаң және жайылма белгісіне байланысты сөйлемдерді себетке салады не ажыратып тұсына іледі. Дәптерлеріне жазып алады. Сөйлем мүшелеріне талдап, тиісті сызықпен сызады.
Өзіндік жұмыс
99 – жаттығу.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.
Оқушылар кездесті.(Оқушылар ардагерлермен кездесті.) Жолаушылар жақындады.(Жолаушылар автобусқа жақындады.)Ұстаз түсіндірді. (Ұстаз сабақ түсіндірді)Айдын қатысты.(Айдын жарысқа қатысты.)
Оқушылар өз бетінше жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.
100-жаттығу.Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендіреді.
Әр оқушыда сәйкестендіру тесті бар.Слайдпен тексеру.
IV. Қорытынды
Рефлексия
Қандай қиындықтар кездесті?
____________________________________________________
____________________________________________________
Көңіл - күйіңді сурет арқылы көрсет:
Бекіту.
V. Үй тапсырмасы.Күнделігімізді ашамыз үйге 101 – жаттығудағы. Ребусты шешу.Сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем түріне ажыратады.
Шығармашылық тапсырма «Қыс»тақырыбына қысқа әңгіме жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.