.
.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Жануарлар жемін қалай аулайды?»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2023 | Размер: | Автор: Нартай4540№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жанкеева Нұргүл Жауынбайқызы
Сабақтың тақырыбы:«Жануарлар жемін қалай аулайды?»
Сабақтың мақсаты: 1. Жануарлар қорегінің алуан түрлілігі,олардың тіршілік ету түрін ықшамды жүйемен танып білуге баулу.
2. Оқушының ойлау қабілетін,тілін дамыта отырып,өздігінен жұмыс істеу білігін қалыптастыру.
3. Табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Түрі:Сын тұрғыдан ойлау.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Түрлі суреттер, плакаттар,сөзжұмбақ, семантикалық карта, топтастыру стратегиясы.
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
-Балалар, біздің бүгінгі дүниетану сабағымыз қалай өтсіндеп ойлайсыңдар?
-Көңілді өтсін. Достарымызды сыйлаймыз. Ұстазымызды сыйлаймыз, жақсы бағалар аламыз. Сыныптытаза ұстаймыз.Табиғаттықорғаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлармен қоректенетін аңдар мен құстарды ата.
Өсімдіктермен қоректенетін жануарларды ата.
Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата.
Шегірткенің түсі өзі отырған шөптің түсімен бірдей. Бұл нені білдіреді?
3.Үй тапсырмасын қорыту.
Семантикалық карта.
4.Жаңа тақырып өту.
«Көрнекілік стратегиясы»
а).Қасқырлардың бұланды қуып бара жатқаны.
ә).Түлкінің із кесуі.
б).Жолбарыстың қоянды аңдуы.
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз.
Жануарлар жемін қалай аулайды?
Кітаппен жұмыс ( мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып, түсіндіріп беру)
Сергіту сәті: Жануарлар туралы өлең оқу.
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Ағаштарды сатпаймыз.
Сөзжұмбақ шешу.
\(Сөз жумбак осы жерде тұру керек)
Топтастыру стратегиясы
Тауық, қой қорегі жағынан қандай жануарларға жататынын әңгімелеп түсіндіру.
5.Жаңа сабақты қорыту:
Оқушыларға тест тарату.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 1). « Аңшылар» атты тақырыпқа әңгіме құрастыру.
2).Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады, сонда бұл екеуі бір-біріне жау деуге бола ма? Жауабыңды дәлелде.
№ Жануарлар қоректенуі Өсімдектер Жәндіктер Ірі жануарлар Бунақденелілер
1 Қасқыр +
2 Қоян +
3 Бұғы +
4 Тауық - +
Сөз жұмбақ
ж
а
н
у
а
р
1. Түнде ұшатын құс
2. Аң патшасы
3. Қорқақ жануар
4. Сиырдың баласы
5.Бал иесі
6. Үй жануары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.