.
.
Ш.Батталова атындағы орта мектеп Жануарлардың қысқы мекені.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2204 | Размер: | Автор: Нартай4540Бастауыш сынып мұғалімі:Жандилдина А.Е.
2011-2012
Тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені.
Мақсаты:Жануарлардың қысқы тіршілігі (Азық дайындауы,қыс бойы ұйқыда болуы) туралы әңгімелеу.
Туған өлкенің жануарларын қорғау, қамқорлыққа алу сезімін дамыту.
Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Тренинг сабақ
Әдісі:Сұрақ –жауап, ойын
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Топтарға бөлу
2.Психологиялық дайындық.Амандасу
3.Жаңа сабақ – бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты-сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларынды бөлісіп ашық айтуға дағдыландыру.
4.Жұмбақ шешу.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебемін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Қыс)
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Жануарлардың қысқы мекені деп аталады.Аңдардың қысқы тіршілігін бақылау үшін орманға саяхатқа барамыз.Ол үшін біз шанамызға мініп, жолға шығамыз.
-Ал балалар сендер қыста тонасындар ма?
-Иә
-Олай болса жануарларда қыста тонады екен.
5.Слаид орманға саяхат:
Жұмбақ шешу.
Ырғып қозғалатын қорқақ,құйрығы бір тұтам,құлағы сала құлаш,киімі екі түрлі.Бұл қандай аң? (Қоян)
Халық қу деп,
Қылығы күлкі,
Айласы көп
Бұл қандай аң? (Түлкі)
Түлкі -өте иісшіл,сақ құлақ,қырағы көз аң.
Проблемалық сұрақ: Аңға не қауіпті, әрі не қиын деп ойлайсын тамақ табу ма? Әлде суық аяз ба? Неге? - дәлелде.
Қосымша түсініктер:Ұйқыға кететін жануарлар:аю, бақа, борсық, тышқан, кірпі.
-Жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып қайта келіп жатып жүреді.
Буындардан сөз құрау:
А ян
Еш
Бор
қыр
Қо Ю
Қас
кі
сық
6.Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп –теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
8.Ауылға оралу: (Үй жануарларының суретін көрсету).
-Ал үй жануарлары қалай қыстайды? (оқушылар жауабы)
-Олардың қандай пайдасы бар?
9.Шығармашылық жұмыс:№2 слаид берілген суреттен артығын тап ортақ атаумен ата.
10.Оқулықпен жұмыс: Ақ тиін Қ.Жұмағалиев өлеңді оқып беру.
«Қоян» Ж.Карбозин өлеңді жаттату.
Дидактикалық ойын:”Қай жануар қайда мекендейді?”Аңдар айтысы.
Дала жануарларын айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.
11.Қорытындылау:
-Бүгін нелерді бақыладық?
-Қайда шықтық?
-Нелерді көрдік?
-Аңдар өз қорегін қалай табады?
-Саған ұнағаны?
Бағалап, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.