.
.
Жаным сені сүйемін Жаным сені сүйемін
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1322 | Размер: | Автор: Нартай4540Менің күлкім сен үшін мағыналы
Мен қуансам қабағың жазылады.
Мен сен үшін жаралған тірі жанмын
Сенсіз дүние мен үшін тарылады.
Көз жасымды көрмесең қуанасың,
Сан жыртылған жүректі құрағансың.
Қабырғаңнан пендемін жаратылған,
Сені меннен ешкім де сұрамасын.
Сенсіз күнім батпайды сенесің бе?
Қуантады сөзің де, елесің де.
Саған лайық болуға күресемін
Сен мен үшін жаныңды бересің де.
Саған сеніп жүрегім тыныштанды
Қалайын махаббатың болып мәңгі.
Жүрегіммен сенемін сезіміңе
Күдіктің ауылы да алыстады.
Мұңаймашы жаным
Жаным неге жабырқаулы қарадың,
Ренжітті қай көкжалы даланың.
Мен сені білемін ғой бес саусақтай
Өзгелер білмей қалай тағады мін.
Мұңаймашы бәрі алдамшы дүниенің,
Білесің бар әрқашан сүйенерің.
Көре алмай саған қастық ойлағандар
Күйеді көр отына дүниенің.
Мұңайған жүрек қуанар,
Жылы сөзбен жаның да жұбанар.
Қосағың қамыңды ойласа
Кім сенің алдыңда бөгет боп тұра алар.
Жүзіңнен күлкі көрсем қуанамын,
Алладан амандығың сұрағаным.
Сеземін көңіліңе ауыр менің
Кей кезде еркелікпен жылағаным.
Сен барда мен үшін тым өмір мәнді,
Мұңайудан тұрмайды өмір мәңгі.
Мөлдіреген жанарыма бір қара қане
Жұбатайын мейіріммен ауырған жанды.
Жұбатайын көңіліңді еркелігіммен.
Аялашы сен де мені ерке көңілмен.
Өмірдің қиындығы ұмыт болады
Әр күнді бірге өткізсек еркелеуменен.
Ботақаныма
Асыл сезімді анадай кім бар аялар,
Сәбиге жанын,мейрімін асыл бере алар.
Мен ана болдым Аллаға тәубе сол үшін,
Бала едім міне өзімде де енді бала бар.
Әкеңдей болшы аяулы, асыл, салмақты,
Қуантатындай үлгілі іспен жан-жақты.
Сүйкімдім менің, сүйемін қашан өзіңді
Сәбиім менің алтыныңнан да ардақты.
Ананың сырын ана болғанда ұғарсың,
Сәбиің үшін қиындыққа да шыдарсың.
Өмірдің тәтті сыйы екен сәбиді аялау,
Сәбиің үшін аласарады шыңар шың.
Сен менің өмірдегі ең асылымсың,
Сені ешкімге бермеймін алтын мен асыл үшін.
Жүрегімді жарып шыққан ақ боташым
Арманым орындалған асылымсың.
Аллам берген ақ періштем десем де,
Шаттық күнін сыйладың сен шешеңе.
Құрсағымда күнім болып жаралдың
Мәз болармын бесігіңнен шешерде.
Әруақтарым желеп-жебеп демей көр,
Сәбиіме ұзақ мәнді өмір бер.
Анасы мен Әкесінің мәңгілік
Мақтанышы болсыншы биіктерден көрінер.
Менің жаныма
Сүйген жүрек бір сәтке дамылдасын
Жүрегімде әрқашан жанымдасың.
Бір Алладан сұраймын жалбарынып,
Мен үшін қымбат мәңгі жаның қалсын.
Сенемін сезім сендік сөнбес мәңгі,
Жаралап, қинаса да дертің жанды.
Мен үшін өмір мәнсіз, сенсіз өткен
Ішім от, сұлу жанмын сыртқы тәні.
Су өтті таңдайымнан сенсіз талай,
Жыр жазғанмын азабына төзе алмай.
Сендегі азап меннен кеп орын алса,
Бір қадам жақындар ем саған қарай.
Сергелдеңге түсті ғой қайран жүрек,
Өмір тұр тез-тезге сап қолын білеп.
Қандай қадам бассам да тосқауыл бар
Алдым мәңгүрт қара түнек.
Өтірік өлең
Тышқанменен сауысқан байқаусызда
Көк теңіздің астында кездесіпті.
Жылынуға таласып сондағы отқа
Түкті кілем үстінде белдесіпті.
Қоян сұлу алмаға құмар болыпты,
Жан құрбысы момын сұр жылан бопты.
Шәй ішпек боп досына кетіп еді,
Інінен сұр жыланның жылап шықты.
Қой келді қос қасқырды жегіп алып,
80 жыл жүргеніне егін салып.
Ұзақ жыл жасағанын халқы біліп,
Бергенді хрустальдан алқа тағып.
Маусымда мұздан түлкі үй салыпты,
Үйіне шақырыпыт үш балықты.
Қақпанға тышқан түсіп қалған екен,
Ескі дос мысық келіп құтқарыпты.
Айнадан естіп әлем жаңалығын,
Кірпіштен ән естілді жаңа білдім.
Көрді де маймыл күлді өзіне-өзі,
Алғаш рет айтады саналымын.
Досым бар марғау аю оқымысты,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Әр сөзіме сенсе де шыншыл Айса
Дейді Пушкин мені әйдік өтірікші.
Көктем көрінісі
Күн нұрланып қысқы тоңды жібітті,
Көктем қыстың ақ пердесін түріпті.
Елең етер жан-жануар адамзат
Су сылдыры, қыз күлкісі қылықты.
Көктем желі желпіп жерді болған соң
Самарқанның ерітіпті көк тасын.
Екі құрбы татуласып, теңеліп,
Өргізгендей нұрлы күнге түн шашын.
Зәм-зәм суын сыйлап кетті қыс тағы,
Гүлге толы жер ананың құшағы.
Қоңыраулы бесігінде көктемнің
Тербетеді табиғатты құс әні.
Көктем әнін шырқады сұлу аққу,
Қамыс біткен бишідей ырғалады.
Қандырып жердің шөлін еріген су,
Аралады сай-сала жылғаларды.
Ренжімеші
Ренжімеші бұлттай жасты төгіп жыласам да,
Ренжімеші еркелеп кейде жоқтан барды сұрасам да.
Аймалай берші, аялай берші өтінем
Ренжімеші көңілің кетіп құласа да.
Ренжімеші алдасам сені кейде мен,
Ренжімеші жаныңа тиіп сөйлесем.
Күн нұрымен мені аймалай берші жаным,
Ренжімеші менсіз өткен күнге сен.
Ренжімеші елемесем сенің сөзіңді,
Ренжімеші бола алмасам қиындыққа төзімді.
Оянғанда қасымда болшы әрдайым,
Ренжімеші дәл сендей сүйе алмасам өмірді.
Сағыныш
Ауасы жанға шипадай, суы нәр,
Өмірдің жәннаты туған жерден табылар.
Өзге ел өзегін беріп тұрса да
Адамзат анасы туған жерін сағынар.
Сағыныштың дауасын еліңнен табарсың,
Кей сәтте тебірене есіңе аларсың.
Туған жер топырағыңнан айналайын,
Жүректің төрінде сен орын аларсың.
Балалық шағымның аяулы куәсі,
Жүрекке жақын тым жусаны, жуасы.
Әлемде байлықтың, барлықтың ішінде
Өзіңнен қымбаты бар ма екен сұрашы.
Балапан сияқты ем қанаты әлжуаз қатпаған,
Қазақы әдеппен, ибадан аспаған.
Ұяңнан ұштым да өмірден жол таптым
Өткенге оралу өлгенше туған жер жоқ маған.
Жәнібек бабамның қолдауын әркез сезінем,
Күш аламын қасиетінен жерімнің.
Тамырымда Тосынның тылсым қаны бар
Анамның ақ сүтімен тұла бойға берілген.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.