.
.
Тақырыбы: Жаным толған жақсылық Жаным толған жақсылық
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2179 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Міндеті:
1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал
ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,
жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Суретті картиналар,қызыл жүрек,нақыл сөздер
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!
Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?.... Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса ата - аналардың құрметіне арналған «Жаным толған жақсылық»атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер
1.Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын.
Мен боламын Дильназ,
2.Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым,Мұхамед.
3.Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті.
Алуа деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4.Дарасы болар даланың,
Берік деген баламын.
5.Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті мен Батырхан.
6.Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Бахтияр жігіт мен болам.
7.Мөлдір қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8.Айтуған деген баламын,
Есепті мен шағамын.
9.Көп оқитын,көп тоқитын
Менің атым Бексұлтан.
10.Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Мадина боламын.
11.Би билеймін айнала,
Менің атым Сабина.
Алуа мен Мадина
Армысыңдар,ұстаздар,Алуа
Армысыңдар,ата-ана,
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,Мадина
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Ән"Үйретеді мектепте"
Дильназ
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып, кетірген.
Біреуге жақсылық етсең –
Ол жақсылықты міндет етпе!
Алуа
Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Мұхамед
Жақсы адам көңілі – күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі – түн,
Кеудеден отты өшірген.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Айтуған
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң, ел сүйінсін ісіңе.
Ақыл қуған адаспас,
Ақылда, дос, бар тетік.
Қапта жатпас таза алмас,
Шығар бір күн жарқ етіп…
Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.
Халқымыз "жақсылық" деген ұғымды адамгершілікке балаған.
Адамгершілігі мол адамды "жақсы адам "деген."
Жақсы болуды "мақал-мәтелдер арқылы дәріптеген.
"Жақсы сөз-жарым ырыс" дейді халқымыз.
Жақсы сөз естісең,жанын жадырап сала береді.
Жақсы сөз ашу шақырмайды,жүрегінді жылатады,қуанышқа бөлейді.
Жылы сөз адамдарды достастырады , сабырлы болуға, денсаулық сақтауға септігін тигізеді.
Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды.
Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы, жақсы тілек айтқан дұрыс.
Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екенін ұмытпайық.
Жақсылық туралы кім тағы мақал-мәтелдер біледі?(Оқушыларды тыңдау)
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - деген екен халық.
Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.
Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.
Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Берік
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің.
Бахтияр
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Би.
Батырхан
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Мадина
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Жүргізуші:
Бақыт тілеп, бақ тілеп
Қауышады ағайын.
Айтып менде ақ тілек,
Жырдан шашу шашайын – деп келесі кезекті әнге береміз
Ән" Әрқашан күн сөнбесін"
Бексұлтан
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Мөлдір
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
Жүргізуші:
Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың.
Сабина
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
Жүргізуші:
• -Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
-Балалар, мен сендерді " Жүректен-жүрекке" шеңберіне шақырамын . Менің қолымда кішкентай қызыл жүрек бар. Осы мейірімге және шаттыққа толы жүрекпен бір-бірімізге арнап тілек тілейік.
Мен сендерге мына кішкентай жүрекшелерді сыйлағым келіп тұр.Ал енді сендер өз жақындарыңа,достарыңа ақ тілектеріңді айтып,жүрекшелерді мына сиқырлы сандықшыға салыңдар!
• Балалар:
• -Менің ата-анам әр қашан бақытты болсын!
• Менің достарым көп болсын!
• Достарым ауырмасын!
• Ата мен әжем ұзақ өмір сүрсің!т.с.с.
• Жүргізуші:
• -Өте жақсы тілектер айтылды.Осы тілектер орындалу үшін,сиқырлы сөздерімізді айтайық.
• Сандығым менің ашылар,
• Қуаныш ішінен шашылар.
• Тілегіміз біздерден,
• Бар әлемге таралар.
• (сандықты ашамын,ішінен гельді шарлар ұшып шығады)
• Жүргізуші:
-Міне балалар,мына ғажайып шарлар біздің тілектерімізді аспанға алып ұшты.Демек,тілегіміз орындалады.Бәріңе рахмет!
-Ал енді барлығымыз дастарханның басына барайық!Ас дәмді болсын!
Сөз №42 КММ тәрбие менгерушісі Зауреш Дюсенбайқызына беріледі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.