.
.
Атырау облысы Жеңіс күні.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1553 | Размер: | Автор: Нартай4540Қызылқоға ауданы
№9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмолдина Серпер Қалыбайқызы
2 – сынып Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жеңіс күні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңді оқи отырып, бүкіл адамзаттың тілегі бейбіт күн
екенін түсіну арқылы тарих тағылымын ұғыну.
Дамытушылығы: Оқушыларды Отанын сүюге, бейбіт өмір сүріп
бейбітшілік бейнесін есте сақтауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың шығармашылық деңгейін дамыту.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп түсініп оқу, сұрақ-жауап, РАФТ стратегиясы,
шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз.
І. Белсенділік
1. Үй тапсырмасын пысықтау
Лездік тапсырма:
Бауыржан Момышұлы кім?
Қарақұл баласының атын Бауыржан деп қандай мақсатпен қойды?
Бауыржан Момышұлы қай кездегі соғысқа қатысты?
Сол соғыстағы жеңісімізге арналған бүгінгі жаңа сабағымыз.
ІІ. Жаңаны түсіну.
Жаңа сабақ:
Тұманбай Молдағалиев. «Жеңіс күні» өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалім)
Өлеңді оқи отырып әр шумақта не туралы айтылып тұр. (Мазмұнын түсіну)
Оқулықпен жұмыс
Тізбектеле шумақтап оқу.
ІІІ. Талдау.
Бекіту тапсырмалары?
Жеңіс күні қай күні?
Пікір алмасу.
Бейбіт күнмен соғысты қалай түсінесің?
Біздерге бейбіт өмірді кім сыйлады?
3. РАФТ стратегиясы бойынша
Р-рөл – оқушы
А – аудитория – сынып
Ф – форма – пікір айту (ауызша), сурет салу
Т – тақырыбы – Бейбітшілік
4. Бейбітшілік құсын ата.
«Ақ көгершін» әнін айтайық.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
ІV. Жүйелеу.
Шығармашылық жұмыс.
«Мен бейбітшілікті қалаймын» тақырыбына әңгіме жаз.
Үйге тапсырма: түсініп оқу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.