.
.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Жеміс-жидектер айтысы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1892 | Размер: | Автор: Нартай4540№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Кенжалиева Галия Туракбаевна
Жеміс-жидектер айтысы
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз. Осыған байланысты
Не қасиет бар дейсің, осы күзде-
Деп айтқаны әркімнің есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,
Байлық, ырыс әкелген осы бізге.
Талай-талай басынан таңды асыра,
Алтын дәнін тиеп ап арбасына
Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,
Отанның берекелі қамбасына-
деп, ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салуға ортаға салайық.. Ендеше 2«ә» сынып оқушылары өнер көрсетеді.
Міне, сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні. Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай. Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да, жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық.
(Оқушылар қолдарына вазаға салынған жемістерін ұстап ортаға келед)і.
Бәрі:
«Жомарт күздің жемісі» дәмді болсын,
Көңіліміз жайнасын, әнге толсын!
Ән «Күз келгенде»
Әннен соң, қолдарындағы жемістерін дастарханға қояды.
1-оқушы: 2-оқушы:
Қосып білім нұрға-нұр, Берекесін сыйлауға,
Біздер бүгін жарқынбыз. Өлкемізге күз келді
Басы оқу жылының, Жемістерін жинауға,
Берекелі Алтын күз. Шақырады біздерді.
3-оқушы:
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің қызық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Күз: -Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін. Өйткені:
Егінді ел жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Ән: «Ақ бидай»
Мұғалім: Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса, Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық. (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)
Жүзім :
Жұлып едім жүзімді,
Жүзі бірден үзілді.
Жүзінде жеп қойыппын,
Өзім әбден тойыппын.
Алма:
Бір тістеп өзін алғамды,
Дәмі аузымда қалғанды.
Домалантып жеймін мен,
Күнде қызыл алмамды .
Қауын:
Жинап жатыр ауылым,
Сап-сары ала қауынын.
Алмақ едім үлкенін,
Ауырын-ай, ауырын.
Қияр:
Қызықтың ба қиярға,
Алда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін,
Қапшығыңа сияр ма?
Өрік:
Уылжыған өрікпін,
Мен бау-баққа көрікпін.
Бал татыған дәмім бар.
Көктемде ерте гүлдеймін.
Піспей тұрған кезімде,
Менен аулақ жүр деймін.
Асқабақ:
Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қызанақ:
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Қарбыз:
Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Мұғалім:Алтын күз сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар бәлкім?
Алтын күз:-Әрине,(Жапырақтарын көрсетеді) Күз жұмбақтардың шешуін ортаға шығарып тұрады.
1-Жапырақ тапсырмасы ( Жұмбақтар)
1)Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
2)Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Жуа)
3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)
4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,
Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)
Мұғалім:Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?
Алтын күз: Олар айтысқа шығады.
К ө р і н і с
Бағбан:(Тырмамен жер жыртып жүреді)
Мұқалмаған жігері,
Атай әлі күшінде.
Қашан көрсең жүреді,
Бау-бақшаның ішінде.
Қолы неткен епті еді,
Бәрін өзі істейді.
Ертелі кеш кетпені,
Иығынан кетпейді..(Кетеді)
Бағбан:(Күнбағысқа келеді)
Күнбағыс-ау, Күнбағыс,
Күнді сүйген сен нағыз.
Күн ауғанда сен ауып,
Төбеңнен күн өтпей ме?
Таңдайың кеуіп кетпей ме?
(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)
Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.
Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!
Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.
Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.
(Әрқайсысын жұлқылап оятады)
Жуа:Не болды?
Сәбіз:Бұл не айқай?
Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)
Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.
Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.
Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.
Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!
Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!
Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!
Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)
Би
2-жапырақ тапсырмасы
«Көкөністердің адамға пайдасы».
(Балалар ортаға шығып орындайды.)
1-бала.Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.
2- бала.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .
3-бала.Өрікті Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы,жемсау ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.
4-бала.Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.
5-бала.Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.
6-бала.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.
7-бала.Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.
Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністеріміз бенжемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.
Ойын
Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с).
Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)
3-жапырақ тапсырмасы
( Пайдалы кеңестер)
1-бала.Көкөністер неғұрлым ірі туралса,соғұрлым қоректік заттары жақсы сақталады.
2-бала.Жас картопты асқанда суды алдымен қайнатып алады.
3-бала.Сәбіз,картоп,пиязды аршығанда,қол сарғайып кетеді.Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүрту екрек.
4-бала.Қабығымен асқан картопты тез аршу үшін 1-2 минут салқын суға салып алған дұрыс.
5-бала.Қызылша,сәбіз,картопты бір ыдыста қайнатылса, олардың түсі де,түрі де бұзылады.
6-бала.Қауын немесе қарбыз жегеннен кейін суық су ішпеңіз.
7-бала.Кепкен жемістерді, алма мен алмұртты -40 минут,өрікті -20минут,мейізді-5 минут қайнату керек.
Мұғалім:
Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.
Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.
Алтын күз:
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.
Себеттегі суреттерге жазылған салат рецептілерін таратады.
Мұғалім:Алтын күз бізбен қоштасарда өзіңнің өнеріңді тамашаласақ дейміз.
Ән «Кеш жарық»
Мұғалім Күзге рахмет айтып,қонақтарға пайдалы кеңестер үлестіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.