Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жер-шар тәрізді дене» -

«Жер-шар тәрізді дене»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1568 | Размер: | Автор: Нартай4540
. О.Жандосов атындағы №30 орта мектеп

Дүниетану пәнінен

Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Жер-шар тәріздес дене»


Өткізген мұғалім: Ералина Ш.Т.

Шымкент-2012
Сабақтың тақырыбы: «Жер-шар тәрізді дене»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: жердің шар тәрізді екендігін дәлелдей
келтіре отырып түсіндіру.
2.Дамытушылық: оқушылардың аспан әлемі,жер
планетасы туралы танымын тыңдау,қызығушылығын
арттырып,шығармашылықпен айналысуға баулу.
3.Тәрбиелік: өзі өмір сүріп отырған планетасын
сүюге,құрметтеуге,қамқор болуға,экологиялық
апаттардан қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап,пікір алмасу,топтастыру,өз ойын ортаға салу.
Көрнекілік: глобус,фонарь,плакаттар.
Барысы: Ұйымдастыру.Үй тапсырмасын тексеріп бағалау.
Үй тапсырмасын мына жоспар бойынша баяндаймыз:
1.Күн- жұлдыз
2.Күн-жылу көзі
3.Күн қуатының пайдасы.Тәжірибені қорыту.
Күн туралы білімдерін топтастыру.

Күн жүйесінің орталығы Планета



Газды шар Жарық көзі

Жылу көзі
Сонымен біз ғарыш туралы білімдерімізді тексеріп,бағалайық.Қай қатар көп сұраққа жауап берсе, «ғарышкерлер» титулын алады.Олай болса,үй тапсырмасын қорыту сұрақтары:
1.Аспан әлеміндегі қанша жұлдыз жай көзге көрінеді?
2.Жерге ең жақын жұлдыз?
3.Планета сөзі қандай мағына береді?
4.Жердің серігі?
5.Ғарыш деген не?
6.Күн жүйесін ата?
7.Ғарышқа жол қашан ашылды?
8.Біздің еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады?
Біз өмір сүріп отырған орта қалай аталады?
Жаңа сабақ.
Ендеше,балалар,біз бүгін осы өзіміз өмір сүріп отырған жеріміз туралы өтеміз.
Жер-шар тәрізді дене.
Балалар,сендер осы тақырыпты қалай түсінесіңдер? Балалардың өз ойларын сұрау.
1.Ертедегі адамдар болжамы.Аңызды баяндап беру.
2.Жердің дөңгелек екендігін өздерінше түсіндіру.Тегіс жерге шығып айналаға қарағанда не байқайсың? Айнала қандай формада көрінеді?
3.Таулы жерде күн шыққанда күн шуағы шапағы 1-ші қайда түседі?
Жердің дөңгелек екенін дәлелдеу үшін шардың бір жағынан фонарьмен сәуле түсіреміз,шар көлңкесі қабырғаға дөңгеленіп түседі.Енді коробканың жанынан фонарьмен сәуле жіберсек,көлеңкесі төртбұрыш болады.Қорытындысында жер шар тәрізді деген ұғымға саяды.
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді тізбектеп оқып шығу.Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Глобуспен жұмыс жасау,материк,мұхиттар табу.
Дәптерге:материктердің аттарын жазу
Мұхиттардың аттарын жазу.

Венн диаграммасын құру. КУН
ЖЕР
Жер Күн
П
Л
А
Н
Е
Т
А

Жер біздің мекеніміз оны сақтау үшін не істеу керек?
- Қорғау
- Сақтау

Сабақты қорыту: Бүгін не білдің?
Қандай жұмыс жасадың?
1.Жер пішінін.
2.Материктер мен мұхиттарды.
3.Күн мен жерді салыстырдық.
4.Жерді қорғау керек екенін.
Үйге: мәтінді оқып,дәптерге 2-сұраққа жауап жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.