.
.
Тақырыбы:Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы. Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3911 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік
беру. Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Градус торы туралы сұрап ,білімдерін тиянақтау. Глобуспен тақтада жұмыс жүргізу.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?
-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа тапсырмалар беріп отыру.Сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы өткізу.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Жер туралы бұрыннан білетіндерін айтқызу:
Жер шар тәрізді дене,сыртын атмосфера қаптап тұрады,күнді айналып жүреді,серігі-Ай,6 материктен тұрады,4 мұхиттан тұрады, Бүгінгі сабақта алатын білімдері :Жер білігі дегенді түсіндіріп алу .Ол үшін пластиллиннен домалақ жасап ,ортасынан жіп жіберу . Сол жіптің білік екенін түсіндіру. Глобустан жер білігін көрсету.Жер осы өз білігінен айналады . Май шамын жағу.Бұл күн екенін ескерту.
1-тапсырма:Не байқадыңдар?
Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз,қараңғы жағы түн болады.
Глобусты айналдыру.
2-тапсырма:Енді не өзгеріс болды?
Ой толғау:Күн мен түн ауысты. Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:
Слайд көрсету:
1)Жер қалай пайда болған?
Жер газ бен тозаңнан тұрған.Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.
2)Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?
Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.
3)Жер ішінде не бар?
Ядро бар,өте ыстық,өте қатты,оған бұрғылаумен жету мүмкін емес.+4000°С
Одан соң мантия болады.Ол ыстық тау жыныстарынан және жартылайбалқыған тау жыныстарынан тұрады.
Жер қыртысы болады.
4)Жердің магниттік өрісі
Жердің магниттілігі планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады.магниттік өрісі көзге көрінбейді
5)Жердің ашылуы
Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.
Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Теріп оқыту.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Ой толғау:
Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасын әр топ айтып береді
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
-Не себепті Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?
-Күн мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?
-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?
VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 124-125- беттерді оқу, мазмұны.Сармандық жұмыс жасап көру глобуспен. ІХ. Бағалау.
Тақырыбы:Деректер бойынша есептер құрастыру.
Мақсаты:математика пәнінің теориялық материалын сапалы түрде меңгерту,өздерінің есеп құрастыруы арқылы шығармашылығын дамыту,қоршаған ортаны сүйіп,аялап,адамдардың тіршілігі табиғатпен байланысты екенін түсіну,пәнді қоршаған ортамен сәйкестендіре өту,оқушылардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Көрнекілігі:парашюттер,жазылған сөздер,деректер,слайд,ағаш діңдері.
Сабақтың түрі:конференция
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Балалар екі топқа бөлінеді.
-Балалар,сабағымыздың тақырыбы «Деректер бойынша есептер құрастыру».Сабағымыз табиғатқа байланысты болмақ.Ендеше тақтадағы мына бір өлең шумағына көңіл аударайық:
Пір тұтып табиғат ананы,
Пұшайман күйге оны түсірме.
Пайдалы іс істе саналы,
Пәк болып,жер-суға түсірме.
-Өлеңнен не түсіндік?Оқушылардың ойын тыңдау.
3.Осы кезде аспаннан парашюттер түсіріледі,онда «Эколог,орманшы ,жасыл ел бағдарламасының өкілі» деп жазылған.Сонымен бірге хат жіберілген.
Хатта:
-Балалар,бұл табиғатымыздыңжағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқандықтан,сендер жауапкершілікпен қарасын деп,Тапсырмалар беріп,оның салдарын түсінсін деген мақсатпен жазып отырмыз.» -деп жазған.
-Балалар,табиғат қорғаушылары бізге мынадай тапсырмаларын беріп жіберген екен.Мұнда тек деректер берілген,екен,осыған өзіміз сұрақ қойып,салдарын анықтап көрейік.
-Енді мына суретке көңіл аударайық.Монитордан орман суреті көрсетіледі.
-Орманның қандай түрлерін өттік?
-Ормандар не себепті азаюы мүмкін?
Орманшы тапсырмасы:Бір жылда 2га жердің орманы кесіледі.Балалар осы дерек бойынша есеп құрастырады.
Есептер тыңдалып,құрастырылған есептердің ең қиыны алынады.
Оқушыларды сұрақтары:10 жылда қанша? 100 жылда қанша?
-Суреттегі ағаштар қандай ағаштар?
-Ағаштың биіктігіне байланысты есептер құрастырайық.
Экологтың тапсырмасы:Ағаштардың биіктігі:қайың-20м, емен-40м,шырша -30м,қараағай -36м.
Оқушылардың сұрақтары:Қайың қарағайдан қанша метр аласа? Емен қайыңнан неше есе биік?
Сергіту сәті: «Ағашқа неше жас?» ойыны.Берілген дің бойынша жасын анықтайды.
Суреттен ағаштар көрсетіледі,тақтаға тапсырма ілінеді.
Жасыл ел бағдарламасының өкілі:Шырша-300жыл,қарағай-350ж,балқарағай-850ж,терек-100ж өмір сүреді.
Оқушылардың сұрақтары:Шырша теректен неше есе ұзақ жасайды?Балқарағай қарағайдан қанша жыл артық жасайды?
Монитордан «Барсакелмес» қорығы,аңдары ,өсімдіктері көрсетіледі.
-Суретте қай қорық көрсетілген?
-Енді осы қорыққа байланысты орманшының деректерімен танысайық.
Орманшы:Барсакелмес қорығында 1948жылы қарақұйрықтар саны 2000-ға жуық жетті.1949ж қыстың қатты болуынан 60 бас қана қалды.
Оқушылардың сұрақтары:Қанша бас қарақұйрық қырылды?
-Сендер білесіңдер,біздің жерімізде 40жыл бойы атом бомбасының сыналғандығын,оның әкелген зардаптарын.Соған байланысты көріністерге зер салайық.
Атом жарылыстары ауада,жер бетінде,жер астында сыналған екен.Олай болса экологтың мына деректеріне сүйене отырып,есеп құрастырыңдар.
Эколог:1949-1963ж дейін жер бетінде 160 жарылыс,1963-1988ж арлығында жер астында жылына 18 атом жарылысы болып отырған. жарылыс болды?
1949-1963 жылмен салыстырғанда 1963-1988 жылда болған жарылыс қанша?
Орманшы:64 млн. га жер жылына эрозияға ұшырайды екен.
Оқушылардың сұрақтары:1949жылдан 1988 жылға дейін қанша
Оқушылардың сұрақтары:10жылда қанша?
4. «Тез есепте» ойыны.Оқушыларға алдын ала есептеуге арналған өлеңдер құрастырып келу берілді.Балалар бір-бірінің өлеңдерін оқып шешеді.
-Міне,балалар, өздерің көріп отырғандай табиғат осылай құлдырай беретін болса,бүкіл халық көз жұмып қарап отыра бретін болсақ,ертеңгі күніміздің не болатынын ойлаудыңөзі қорқынышты.Бұған қалай жауап берер едіңдер?
Балалар хормен:Ұлан-байтақ дала-туған ұямыз,
Ұямыздан қанаттанар ұланбыз.
Ұранымыз «Туған жерді түлету»,
Ұямыздың қорғаны да мына біз.
5.Бағалау.
Қызықты математика
Тақырыбы:Қашықтық,жылдамдық ,уақытқа байланысты есептер.
Мақсаты: Қашықтық,жылдамдық ,уақытқа байланысты есеп тер шығарту,баланың өздігінен есеп шығарып, жол табуына ынтасын ашу,қызығушылығын арттыру,ойын дамыту,өз ойын дәлелдей білуге машықтау.
Көрнекілігі: суреттер, планеталар,зымыран.
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың барысы:
1.Ұ.к.
Психологиялық дайындық:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар, біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады?
-Байқоңырдан.
-Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа?
-Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін.
-Тұңғыш ғарышкер кім?
-Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім?
-Бүгін ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз.
-Ғарышқа немен ұшады?
-Зымыранмен.
-Олай болса зымырандағы тапсырмаларды орындайық,сонда тез жетміз.
Көбелектер далада,
Гүл күлтесін санаған. Үш көжекке кешкі аста,
Әрбір гүлде 5 күлте, Үш көршісі кеп қалды.
Алты гүл бар жиыны. Бақшада олар әрқайсысы,
Күлте нешеу санашы, Жеті сәбіз жеп алды.
Бар ма осының қиыны? (30) Неше сәбіз желінді? (42)
3. -Балалар,бірінші планетаға қону үшін мына тапсырманы орындайық.
І планета-Меркурий.
1-тапсырма: Жаяу жүргінші 5км/сағ жылдамдықпен қозғалады.Ол 2сағ-та
неше км жол жүреді?
ІІ планета-Шолпан.
2-тапсырма: Егер спортшы 200м/мин жылдамдықпен 5мин жүгірген
болса,неше метр арақашықтықты жүгіріп өтеді.
ІІІ планета-Жер.
3-тапсырма: Жаяу жүргіншінің жылдамдығы 5км/сағ,бұл велосипедшінің
жылдамдығынан 3 есе кем.Велосипедшінің жылдамдығын тап.
Сергіту сәті.
Бір-иілеміз,шалқаямыз,
Екі алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол созамыз.
Бес,алты дегенде
Орнымызға отырамыз.
ІҮ планета-Марс.
4-тапсырма: Сурет бойынша есеп құрастыр.
Ү планета-Юпитер.
5-тапсырма:Сызба бойынша есеп құрастыр.
Ү планета- Сатурн.
6-тапсырма: Кесте бойынша есеп құрастыр.
4. Қорытындылау
«Кім жылдам?» ойыны. Сәйкес жылдамдықты тап.
5.Бағалау.
Қызықты математика
Тақырыбы:Үшбұрыштан тұратын фигура құрастыр
Мақсаты:Бірнеше үшбұрыштан тұратын фигура құрастыра білуге үйрету,баланың өздігінен жол табуына ынтасын ашу,қызығушылығын арттыру,ойын дамыту,өз ойын дәлелдей білуге машықтау.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұ.к.
Психологиялық дайындық:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз
2.Үй тапсырмасын сұрау
-Балалар, сөзжұмбақ шешіп көрейік:
-Барлық қабырғасы тең болатын фигура.
-Қарама-қарсы қабырғалары тең болатын фигура
-Екі қабырғаның көбейтіндісі
-Үш қабырғаның көбейтіндісі
-Барлық қабырғаның қосындысы
-Тік бұрыштан кіші болатын бұрыш
-Тік бұрыштан үлкен болатын бұрыш
-Екі ұшы тұйықталған түзу
-6 беті,12қыры болатын фигура
3.Жаңа сабақ.
-Бүгін бірнеше үшбұрыштан тұратын фигуралар құрастырасыңдар.
1-тапсырма: 4 үшбұрышы бар фигура құрастыру
2-тапсырма: 6 үшбұрыштан тұратын фигура
3-тапсырма: 8 үшбұрыштан тұратын фигура
4-тапсырма: 10 үшбұрыштан тұратын
5-тапсырма: 14үшбұрыштан тұратын
6-тапсырма: 16 үшбұрыштан тұратын
7-тапсырма: 18 үшбұрыштан тұратын
4.Қорытындылау.
5.Жақсы құрастырған оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Цифрлар сыры.
Мақсаты: Белгісіз сандарды табуға байланысты есеп тер шығарту,баланың өздігінен есеп шығарып, жол табуына ынтасын ашу,қызығушылығын арттыру,ойын дамыту,өз ойын дәлелдей білуге машықтау,мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып,адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі:өрнектер
Сабақтың барысы:
1.Ұ.к.
-Балалар, бүгінгі тапсырмалар тек цифрларға байланысты болады.
- «Цифрлар сөйлейді» ойыны .Цифрларға байланысты мақал-мәтел айту.
Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
Жүз сомың болғанша,жүз досың болсын.
3. 1-тапсырма: Жетіспейтін цифрларды қалпына келтір.
123* 100* 3*9
+ *3*1 - 2*3 +*7*
3*12 747 875
8867
2-тапсырма: Бірдей әріптерге бірдей цифрлар сәйкес келеді.Қандай сандар екенін табыңдар.
+АБВГ АВГ
ВБВА + ГАВ
ГВДАД ВГД
3-тапсырма: Дұрыс теңдік алу үшін А және В әріптерінің орнына қандай цифрлар қоюға болады?
АБ х А х Б=БББ Ж:А=3 Б=7
4-тапсырма: Теңдік дұрыс болатындай етіп цифрлар қой.
АВ:В=21 АхА=ВА ВС:А=А
4. Қорытындылау
-Қандай сандарды қасиетті сан деп атайды?
-3,7,4 сандары.
-Осы сандардың қасиетін біліп келіңдер.
5.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.