.
.
Қ. Абаханов атындағы орта мектеп Жиб-Жица күресі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2973 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: ана тілі
Тақырыбы: «Жиб-Жица күресі»
Қалмақан Әбдіқадыров
Сыныбы: 4 «ә»
Мұғалімі: Қабдолова Нағида
2014-2015 оқу жылы
Ана тілі
1.Сабақтың тақырыбы: Жиб-Жица күресі
2.Сабақтың мақсаты: а. Оқушыларға Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - Жица» әңгімесі бойынша қазақтың әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, күрес түрі жайлы мәлімет беру; ә. Дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; б.Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге тәрбиелеу. 3.Көрнекілігі: Қалқаман Әбдіқадіровтың «Қажымұқан» кітабы, медальдар, бейнеролик,слайдтар. т.б. 4.Сабақтың әдісі: Ақпараттық коммуникативтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістері
5.Сабақтың түрі: топтық 6.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару
Мұғалім: -Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің жетінші қара сөзінде былай деген; «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам, десе,. екіншісі білсем, көрсем, үйренсем дейді.Сендер өздеріңді осының қайсысына жатқызар едіңдер? -Екіншісіне.
(Олай болса сабағымызды бастаймыз)
Психологиялық ахуал туғызу
Күннің нұрын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Жарық, жылы, нәзік әрі мейірімді Болып кетер сонда дереу жан-жағым
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Ой қозғау
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге М. Әуезовтің «Жетім» мәтінін оқып түсініп келуге берілді,
« Өз тілін білмеген, қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес»
-Олай болса, мәтінді жоспар бойынша мазмұндайық
Жоспар:
1.Қасымның әжесінен айырылуы 2..Иса мен Қадишадан көрген қорлығы. 3.Тау ішіндегі қорқыныш 4.Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала
Үй тапсырмасын бекіту
Жаңа сабақ
-Балалар, біз бүгін қазақтың атақты палуаны Қажымұқан туралы Қалмақан Әбдіқадыровтың « Жиб-Жица» әңгімесін оқимыз.
Автор туралы мәлімет
Қалмақан Әбдіқадіров 1901 жылы 14 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. 1964 жылы 30 сәуірде қайтыс болған. Оның тұңғыш шығарған өлеңі «Сырдария» деп аталды. Балалар әдебиетінің дамуына көп үлес қосқан. «Амантай», «Алатаудың бауыры», «Тәтті қауын» және басқа да өлең, әңгімелері бар. Қ. Әбдіқадыров-ақын, жазушы, аудармашы.
Жиб- Жица күресі-ережесіз күрес.
Жапонның Жиб - жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяқ- қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір - бірінің денесіне зақым келтірсе де жазаланбайды екен.
Енді Қажымұқан туралы не білесіңдер?
Не білесің? Не білдің? Не білгің келеді?
?
Қажымұқан Мұңайтпасов- қазақтың әлемге әйгілі палуаны
1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Жер шарының 24 елін аралап, талай-талай атақты палуандармен күрескен. Алтыны, күмісі бар- барлығы 48 медель алған. Берлинде жуан сым темірді мойнына галстук, беліне белбеу етіп байласа, Парижде өзі сахнаға мініп шыққан түйесін мойнына көтерген, 75 пұт жүк салынған арбаны тісімен сүйреп сахнаға шығарса, кеудесіне 20 пұт, яғни 320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақтаттырған. «Ғажап көпір» деген нөмір болған. Палуан көпір жасап тұрып үстіне жүк машинасын өткізген екен. 15 жасынан бастап 70 жасқа дейін күресімен әлемнің 59 еліне барып өнер көрсеткен.
Қажымұқан балуанның 75 жасындағы дене құрылысының өлшемдері
(Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1. Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.
Алып күш иесі Қажымұқан киген көйлек
Алып күш иесі Қажымұқан кеудесіне
320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақтаттырған.
Балуан Шолақтың 816 кг бұқаны көтеріп келе жатқан кезі
Күш атасы –Қажымұқан
Видео
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді балаларға іштей оқыту
Сұрақтар: 1. Сайыс қай қалада өтті? 2. Жапон палуаны Сар- Кек-Ки қандай шарт қойды? 3.Көрушілер арасында неліктен қобалжу пайда болды? 4.Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай екен? 5.Қажымұқан сияқты тағы қандай палуанды білесіңдер?
Оқу жұмысы
1-топ
1. Сар-Кеккиге берілген мінездемені тауып оқы.
2-топ
2. Күрес алаңына шыққан Қажымұқанды көз алдыңа келтіріп көр. Сол елестетуің бойынша Қажымұқанға сипаттама бер.
3-топ
3.Мақалдың екінші бөлігін тауып, мәнін түсіндір.
Қоянды қамыс өлтіреді,
Жігітті ... ...
4-топ
4. Әңгімедегі оқиғаның шиеленіскен жерін тауып оқы.
Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз -адамдар арасында қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің, яғни тартыстың қиындауы. --Балалар, енді мәтінге жоспар құрайық
Жоспар құру
1 бөлім: Сар-Кек-Ки, оның күрес түрін таңдауы
2 бөлім: Қажымұқанның күреске шығуы
3 бөлім: Палуандар арасындағы сайыс
4 бөлім: Қажымұқанның жеңісі
1-топ
Білетінім Білгенім Білгім келеді
2-топ
Бес жол өлең
1. Зат есім ---------- 2. Сын есім -----------,------------- 3.Іс-әрекетті көрсететін үш сөз-----,---,--- 4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем ----- ------- ----- ------. 5. Мәндес сөз -----------
3-топ
Салыстыру (ВЕНН)
Қажымұқан Сар-Кек-Ки
4-топ
Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаз
1.
2.
3.
Қорытындылау
Біздің ауылда да Қазақстан чемпионатына кандидаттар бар. Олар осы мектеп түлектері Қапсалықова Сайда мен Қанатов Жәнібек. Күрес түрін осы мектепте жүріп-ақ үйреніп, қазір ауылымыздың атын шығарып жүр. Сендер де болашақта осындай биіктерден көрінгілерің келсе спортпен айналысуларың керек. Әрқайсыларың атақты болуға, ел намысын қорғауға лайықтысыңдар.
Сайда Жәнібек
Үйге тапсырма: Жиб-Жица мәтінін түсініп оқу
Оқушыларды бағалау
Соңы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.