Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жіктеу есімдігінің септелуі.4 -

Жіктеу есімдігінің септелуі.4

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4231 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ЖББ №65 орта мектебі

Ашық сабақ:
Жіктеу есімдігінің септелуі.

Өткізген: Нурбекова.С.К.

4 «Г» сыныбы

Қарағанды 2011
Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің септелуі.

 Білімділік: Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуін зат есімнің септелуімен салыстыра отырып меңгерту, жіктеу есімдігінің тілде атқаратын қызметін байқату, оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.

 Дамытушылық: Оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерді есімдіктермен алмастырып қолдануға дағдыландыру, ой-өрісін, тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге, шығармашылыққа баулу.

 Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптасуына ықпал ету.

 Сабақ түрі: Жарыс сабақ.
 Әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
 Көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, сабақты бастамас бұрын өлкеміздің жаңашыл педагогы марқұм Ш Әленовтың тәлім сөзімен бастайық:

- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпекші, әр қатар атсалысып, білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
2. Жіктеу есімдігін үш жақта жекеше түрде жікте.
3. Жіктеу есімдігін үш жақта көпше түрде жікте.
4. 498-жаттығу
5. Карточкамен жұмыс.

Өткенді пысықтау:

ІІІ. Жаңа сабақ: Жіктеу есімдігінің септелуі.
Жіктеу есімдіктері жекеше, көпше түрде жіктелуін үйрендік, енді бүгін сабақта жіктеу есімдігінің септелуін үйренеміз. Тақтаға назар аударайық.

491-жаттығу.
Жалбыз наурыз айының аяғында өсе бастайды. Ол дымқыл, шалғынды жерлерде көп кездеседі. Оның дәрілік маңызы зор. Оны бүйрек ауруына, суық тигенде ем үшін қолданады.
Мен ауырғанда оның тұнбасын іштім. Жалбыз маған ұнайды.


ІV. Тақтамен жұмыс.
492-жаттығу
Оқы. Зат есім мен есімдіктің септелуін салыстыр. Олардың септелуінде қандай өзгешелік бар?

Септіктер Сұрақтары З. Е. септелуі Есімдіктің септелуі
А.
І.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
кім?
кімнің?
кімге?
кімді?
кімде?
кімнен?
кіммен?
Сәуле
Сәуленің
Сәулеге
Сәулені
Сәуледе
Сәуледен
Сәулемен
онымен
ол
оның
оған
оны
онда
одан

V. Сергіту сәті:
Біздер тату баламыз,
Гүлдей жайнап, жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Жоғары қолды созамыз,
Аяқ ұшында тұрамыз.
1,2,3,4.

VІ. Тақтамен жұмыс.
493-жаттығу
Мен, сен, біз есімдіктерін септеп жаз,септік жалғауларын ата.
Үш қатардың оқушылары осы есімдіктерді тақтада септеп жазады.

VІІ. Шығармашылық жұмыс.
494-жаттығу.
Нан ардақты, адал ас,
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастарқан үстінде
Қол жумай оны ұстамас.
(Ө. Тұрманжанов)
А)Тапсырмалар:
1-қатар: Өлеңнің мазмұнын сөйлеп береді.
2-қатар: Өлеңнен есімдіктерді табады, қай септікте тұрғанын сұрақ қою арқылы анық
3-Қатар: «Ас атасы-нан» тақырыбында шағын шығарма жазу
Ә) Нанға байланысты тыйым сөздерді оқушылар тақтаға жазады.

VІІІ. Ойлан тап!
Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қою, қай септікте тұрғанын анықтау.
496-жаттығу.
..... мектепке де бірге бардық. Ол - бір үйдің еркесі. ..... атасы мен әжесі бар. ..... апам ғана бар. Әкем әскерге кеткен. Апам жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Ол кез қиын уақыт еді.

ІХ. Қорытынды:
• Есімдік дегеніміз не?
• Есімдіктің қандай түрлері бар?
• Жіктеу есімдіктерін айт.
• Мен жіктеу есімдігін септеп бер.
• Біз есімдігін жатыс септігінде айт.

Х. Үйге тапсырма:
496 – жаттығу.
“Қобыз” атты мәтінді көшіріп жазу, есімдіктердің қай септікте тұрғанын айт. Септеліп тұрған есімдіктің атау септіктегі түбірін ата.

ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.