Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жол тәртібін жадыңда ұста!’ -

Жол тәртібін жадыңда ұста!’

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1722 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: “Жол тәртібін жадыңда ұста!’’
Мақсаты: 1. Жол белгілерін үйреніп, оның түрлерін ажырата білуге, білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыруға үйрету.
2.Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға, өзіміздің ауылымыздағы жол белгілерін есте сақтау дағдысына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқушылардың салған суреттері, (көшеде сақ бол), картон қағаздан жасалған бағдаршам макеті, «Жол тәртібін жадыңда ұста! Көшеде сақ бол»- деген сөздер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
- Әрбір адам күніне жолды ең кем дегенде 2 рет кесіп өтеді. Қоғамдық транспорттарды немесе велосипед тебеді. Олар біздің жол қозғалысына қатысуымызға айыпкер болады. Ал жол бойында кездейсоқ қатерге ұшырамау үшін жолда жүру ережесін жақсы білу қажет. Жол жүру белгілерін түстеп айырып, бағдаршамның нұсқауына бағыну керек.
1-оқушы: Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағына қара.
2-оқушы: Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3-оқушы: Қала көшесімен келе жатқанда, абай бол! Асықпа! Тек жол жиегімен жүр!
4-оқушы: Тар жол жиегімен келе жатқанда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!
5-оқушы: Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Жүргізуші (шофер)
- Балалар жаяу қай жермен жүруге болмайды?
Оқушылар: - Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.
Жүргізуші: - Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
6-оқушы: - Бағдаршам- өмірімізді апаттан сақтайтын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жол элементтерінің ішіндегі ең ерте пайдаланым бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден әлдеқайда асып кетті. Әрі оның кескін-келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт етеді.
7-оқушы: Үш түсті түрі бар
Жөн сілтер тілі бар
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал.
8-оқушы: Қызыл көк жанарда
Тоқтай қал дамылда
Сары түс ескерту
Дайын бол табанда
9-оқушы
Жасыл көз жарасты
Алдыңнан жол ашты
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты
Мұғалім: -Машина, трактор, артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.
Ойын.
Қағаздан ұзын жол етіп өткел жасалады. Екі ойыншық машина жүргізіледі.Мектептен шыққан оқушы өткелден қалай өту керектігін көрсетеді.
-Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе, оқушылар тыныш тұра қалады, сары көзін көрсетсе,оң аяқтарын көтереді,ал жасылды көрсетсе аяқтарын тап-тап басады.
Ойын бірнеше рет қайталанады.
Көшеде жүру тәртібі ережесіне арналған тәрбие сағатына оқушылар қызыға қатысады,әрі одан мол әсер алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.