.
.
А.С. Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейі Жуан дауысты дыбыстар. «Ақ бұзау» өлеңі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1628 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық сабақ
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.
«Ақ бұзау» өлеңі.
Мұғалім: Баймбетова Жанар Әшімқызы
Шымкент
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.
«Ақ бұзау» өлеңі.
Сабақтың мақсаттары: 1. Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйрете түсу;
2. Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісін дамыту; Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту; танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Үй жануарларының пайдасын түсіндіре отырып, жануарларды аялауға баулу, тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын қолдану;
Көрнекіліктер: «Киіз үй » суреті, таблицалар, суреттер, үнтаспа, домбыра;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың көңіл-күйлерін тексеріп, олардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.
2. Өткен сабақты қайталап, еске түсіру, пысықтау.
1. Психологиялық дайындық.
- Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
- Бізде көңілдіміз.
- Өйткені біздің сабағымызға алыстан көптеген қонақтар келіп отыр. Әрбір атқан таң шуағы адамға жақсылық, қуаныш алып келеді екен балалар. Ал, балалар бүгін қандай күн?
- Бүгін күн жұма.
- Қазір қандай сабақ?
- Ана тілі сабағы.
- Олай болса біз бір-біріміздің қолымызды қысып, бір-бірімізге жүректен шыққан жақсы тілектерімізді айтайық.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Бақытты бол!
- Өтірік айтпа!
- Шыншыл бол!
- Үлкеннің алдын кеспе!
- Ата - анаңды сыйла!
2. Өткен сабақты пысықтау
- Ал енді сабағымызды бастайық. Мына суретке қарай қойыңдар! Суретте не берілген?
- Киіз үй.
- Киіз үйдің құрылысын атап беріңдерші?
- Шаңырақ, кереге, уық, есік.
- Енді сол шаңырақты зерттейік.
3. Әріп деген не? Қазақ тілінде неше әріп, неше таңба бар?
4. Сөз неден құралады?
5. Сөйлем неден құралады?
6. Сөйлем деген не? Ол нені білдіреді? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан не қойылады?
7. Дауысты дыбысты ата.
8. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Сендер жаңа сөйлем сөзден құралады, - дедіңдер. Олай болса мына суретке қарап бір-бір сөйлем құрап беріңдерші. Суретпен жұмыс.
Балалардың жауабы тыңдалып, мадақталады.
II. Ой ашар: «Ойлан тап» кестесімен танысу.
Енді балалар мына кестеге қарайық. Бізге мысалдар берілген. Осы мысалдарды орындап, жанындағы әріпті, мысалдың жауабы қанша шықса, сол номердегі тор көзге апарып жазамыз.
Соңында бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз шығады.
1 2 3 4
дауысты дыбыс әріптері
н 2+2
ж 7-6
у 3-1
а 9-6
Міне біз «Ойлан тап» кестесінің сырын таптық.
Дыбыстың 2 түрге бөлінетінін білеміз, дауысты және дауыссыз дыбыс болып.
Дауысты дыбыстың өзі 2 түрге бөлінеді екен.
Жуан дауысты дыбыс және жіңішке дауысты дыбыс болып.
2. Енді кестедегі жуан дауысты дыбыс әріптерін оқиық және жаттап алайық.
3. Тақтамен жұмыс.
Сонымен бүгінгі тақырыптың ішінен жуан дауысты дыбыс әріптерін табайықшы.
4. Оқулықпен жұмыс.
5. 28 - жаттығу: көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.
6. Сергіту сәті. «Ортеке» әні. Домбырамен сүйемелденеді.
7. Үнтаспадан жұмбақтар тыңдап, шешуін дәптерге жазу.
8. Дәптермен жұмыс.
Жұмбақтың шешуін таба отырып көркем жазу минутын өткізу. Есту диктанты: КІТАП, ДОМБЫРА, СИЫР.
Жұмбақтар: Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
¥зын мойын екі ішек,
Қатар - қатар тепкішек
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар.
(сиыр)
9. Ең соңғы жұмбағымыздың шешуі сиырдың атасы кім еді?
- Зеңгібаба
- Олай болса «Зеңгібабаның» құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып жіберейікші - деп 3-4 оқушыға тізбектетіп оқытамын.
Ал балалар осы төрт түліктің бірі сиыр малының қандай пайдасы бар?
- Еті, сүті тағам. Оның сүтінен әр түрлі тағамдар алынады. Атап айтар болсақ құрт, май , айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік.
10. Қорытындылау:
- Сонымен, жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін «Жуан-жіңішке» деп аталатын ойын ойнайық. Жуан айтылатын сөз айтқанда орнымыздан тұрамыз. Ал жіңішке айтылатын сөз айтқанда отырамыз.
Бас – бес
Қасық – ісік
- Сонымен қандай дыбыспен таныстық?
- Қандай өлең оқыдық? Бұзау ненің төлі?
- Сиырдың атасы кім?
- Енді үйге тапсырма алайық.
29 - жаттығуды жазып келу.
«Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Ал енді балалар! Бізге келген қонақтарды ұмытып кетпей «қонақ кәде» жасайық. «Қонақ кәде» деген не?
- Ол келген қонақтарға дәм-ауыз тиіңіздер - деп сый-сияпат көрсету. Олай болса ақ сиырдың сүтінен жасалған аппақ майлы құрттан ауыз тигізейік - деп екі оқушыға таратқызамын.
Л
Р
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.