.
.
Ана тілі Жылқы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1849 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Жылқы
Білімділігі: Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру
Автор турал қысқаша түсінікберу.Оқушыларға
жылқы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту,
түсінігін өз сөзімен баяндауға үйрету.
Төрт түлік туралы толық,терең білімдерін
дамыту.әрбиелілігі: Қиыншылығы мол жылқышы кәсібінің қыр-
Сырын үйрету,мал сүйетін қадір-қасиетін
Тануға ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Әдісі: Деңгейлеп оқыту,полиглот әдісі,танымдық
Тапсырмалар
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық бұрышы,ашық көрме,жылқы
Суреті,ер-тұрман,күбі,ағаш ыдыстар
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
а\ өлеңді жаттау
ә\ төрт түлік туралы реферат жазып келу
1.Мәтінді сахналап көрсету
2.Өлеңді жатқа сұрау
3.Рефераттарын тексеру
4. 1-деңгейлік тапсырма. Сұрақ-жауап
-Мәтін нелер туралы?
-Сиырдың неше түрі бар? Жасына қарай ата.
-Көп сиырды не деп атайды?
-Серке мен текенің айырмашылығы?
-Қойдың тұқымына қарай атауы?
-Малға байланысты мақал айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Дәптерге күннің жадын,тақырыпты жазу.
-Балалар,біз бүгін А.Тоқмағамбетовтың өлеңінен
«Жылқы»бөлімін оқимыз.
-Алдымен жылқы туралы не білеміз,соны айтып шығайық.Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылардың айтқанын жазып шығу.
Серік терісі қылы
Жылқы
Сүті
еті көлік
Сонымен қатар жылқы үй жануары,төрт түліктің бірі,қасиетті жануар.Көлік ретінде пайдаланып,сүтін,терісін,етін күнделікті өмірде қолданамыз.Жылқының Қазақстанда 16 түрі өсіріледі.Жылқы тұқымына қарай 3-ке бөлінеді.
Жүк көтеретін,ахалтеке,ұзақ жүріске шыдамды.
Қазақстанда ат спорты федерациясы,Ұлттық ат спорты шаруашылығы бар.Елімізде 13 жылқы зауыты бар.Мұндағы мақсат:
1. Ет пен қымыз өндіру
2. Күш көлігі
3. Спорттық жарысқа қосуға,шетелге сатуға
Зауыттар: Қызылорда,Ақтөбе, Атырау,Батыс Қазақстан,Маңғыстауда асыл тұқымды жылқы зауыты және Түпқараған ауылында бар.
Атпен ойналатын ойындар: бәйге,көкпар,аударыспақ,тартыс,жамбы ату,теңге ілу,қыз қуу.
Өмірдегі болатын нәрселерді атпен байланыстыру:
Адамның азамат қатарына қосылуын «ат жалын тартып мінді», жас бала алғаш атқа отырғанда «тоқым қағар» деп атайды.Біреудің алдында кінәлі болса «ат-шапан айып төлеу»,біреумен жауласқанда «ат құйрығын кесіскен» деген байланыстырып отырған.
Жылқының жасына қарай атаулары:құлын,жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті,ат.
Қылынан жасалатын бұйымдар:арқан,жіп,тұсау.
Терісінен жасалатын бұйымдар: жүген,айыл,қамшы.
Сүтінен-қымыз жасалады.Оны сусын,әрі емдік қасиетке пайдаланады.
Етінен-қазы,қарта,жал-жая жасалады.
Жылқы тақ тұяқты,өті жоқ болғандықтан күйіс қайырмайды.Соған байланысты күні-түні жайылады.
Жүрісіне қарай жүйрік,жорға,желгіш.
«Біздің асыл дүниеміз- бір ғана жылқымыз,ләззат алатын асымыз-ет,сүйетін шәрбатымыз-қымыз,қызық көретініміз-өрістегі жылқы»деп Мұхаммед Хайдар Дулат деген ғұламамыз айтып,жылқының парқын көрсетіп кеткен екен.
Жылқы малы табиғаттың ыстығына да,суығына да төзімді,шыдамды мал екен.Жаңа туылған құлыны да сол бойда жүріп кететіндігі содан болса керек.Жылқы малына қарап,табиғаттағы құбылысты болжауға болады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
3.Іштей және тізбектей оқыту
4. 1-2 оқушыға мәнерлеп оқыту
5. 2-деңгейлік тапсырма . 2-нұсқада орындайды
1- нұсқа түйеге, 2- нұсқа жылқыға лайықты сөздерді теріп жазу
Бие,інген,тай,тайлақ,бота,жабағы,нар,құнан,байтал,тор-пақ,атан,үлек,саулық,қой,дөнен,буыршын,аруана.
6.Полиглот әдісі. 3-деңгейлік тапсырма. Жұмбақты шешіп,орысшаға,ағыл-шынға аудару және мақал құрастыру
Тік көтеріп құйрығын,
Шауып келді жүйрігім.(құлын-жеребёнок-foal)
Қорасында маңыраған
Қозысымен жамыраған
Қозысынан айырылса
Қоймай ұзақ маңыраған
Аппақ қою сүті бар
Ақ шағала құрты бар.
Бұл не? (Қой-овца-sheep)
Маң-маң басқан,маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Тілін тікен теспеген,
Мұрындығы келіскен.
«Шөк» дегенде «бық» деген
Шешіп үйін жүктеген.
Бұл не? (түйе-сamel-верблюд)
7. 4-деңгейлік тапсырма.Тірек сөз бойынша өлең құрастыру
____________________құндызым
_____________________шабады
_____________________жұлдызым
_____________________қағады
8.Венн диаграммасы бойынша біріктіру
Жас атаулары Ұлттық ойындар(атпен)
Құлын Бәйге
Жабағы Көкпар
Тай Қыз қуу
Құнан Аударыспақ
Дөнен жылқы Теңге алу
Бесті Тартыс
9.Қорытындылау.Сабақты бекіту.
IV.Үйге тапсырма.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.