.
.
Сауат ашу 1 класс Жылқы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Жылқы
Сабақтың мақсаты: Жылқы мәтінінің мазмұнын меңгерту. Жылқы туралы
ұғымдарын кеңейту .
Сабақтың міндеттері: 1 Білімділік:
Мәтінді түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
2 Дамытушылық:
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту,
дәлдеп сөйлеуге , сауатты таза жазуға дағдылану.
3 Тәрбиелік:
Жануарды қорғап қамқорлыққа алу. Білгендерін үстеме
ізденімпаздыққа, шығармашылық ойларын дамытуға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жылқы суреті, мақал – мәтелдер, жұмбақтар жинағы.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Дөңгелек үстел, дискуссия, топтастыру,ой қозғау
стратегиясы
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту.
1. Атша желіп көрейік,
Ауыздығын тежейік
Көкпар шабайық,
Атпен ырғиық
Ой қозғау.
- Жылқы малы: Мінсең – көлік,
Ішсең – сусын,
Жесең қорек
Пайдалансаң –өнім деген.
-Қорек деп неге атаймыз?
-Оқушылар жауабы,
-Жылқы сүтінен не жасаймыз?
-Оқушылар жауабы.
-Етінен жасалатын тағамдарды ата ( шұжық, қазы, қарта, қуырдақ )
ІІ Мағынаны тану.
- Мәтінді оқымас бұрын , жылқы туралы білетінімізді жазайық ; ( сезімтал, жүйрік, көлік, талғампаз, күйіс қайырмайды, тақ тұяқты, өті жоқ)
-Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оұып беру. Суретін көрсету.
Сұрақ – жауап арқылы мәтінді талдау.
-Оқушылар мәтінмен іштей өз бетінше танысады. Одан кейін топпен, жеке оқылады.
ІІІ Сергіту сәті ( қимылмен )
Көкке шаншып құйрығын
Шауып келеді жүйрігім
Ол не жібек тұлымды
Білеміз ғой құлынды.
Топпен жұмыс.
1 Жылқының пірі – Қамбар ата қоржын жіберіпті. Онда көптеген сұрақтар мен тапсырмалар бар.
І - топ. Мен және менің ұрпағым жайлы не білесіңдер?
ІІ – топ. Адасқан сөзді өз орнына қой ( Схемамен жұмыс )
Ерттеп мініп қымызды
Шөлдеп іштім құрықты
Іліп алып жүйрікті
Тоқтатып міндім жорғаны.
ІІІ – топ Жылқы малына байланысты ұлттық ойын түрлерін жаз. ( Қыз қуу, көкпар бәйге, аударыспақ, теңге алу. т.б )
Дискуссия. Шығармашылық ізденіс. Жазбаша орындау. ( оқушы жұмысы )
1. Жылқы – ер қанаты. Суыққа төзімді. Жылқы талғампаз.
2. Жылқы сулу. Ол жүйрік. Жылқының бойында күш көп.
IV. Ой толғаныс.
- Жылқы малы туралы не білдік? ( Топтау )
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Суреттін салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.