.
.
Жылқы. С.Мұқанов. Қазыбаева Рыскүл Мұратқызы. Шымкент қаласы №84 Циолковский атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жылқы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1646 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Жылқы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: С.Мұқановтың «Жылқы» мәтінінің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: С.Мұқанов жайлы мағлұмат беру. Мәтін бойынша таным-дық тапсырмалар беру арқылы, өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Төрт түлікті күтіп, баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: С.Мұқановтың портреті, жылқының суреттері, жыл-қының мүсіні.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс, эвристика-лық.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ә) Серпіту сәті.
Көктем келді, еліме
Көктем келді, жеріме
Бақыт, байлық тілейміз
Бүкіл қазақ еліне
1. Бір-біріне тілек айту.
2. Үй жұмысын сұрау.
«Ара мен шыбын» мәтінін ролге бөліп оқыту.
1. Шыбын араға қандай өтініш айтты?
2. Ара неліктен бірден келісе алмады?
3. Қонақ күтуге шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
- Қонақ күту рәсімдерін әңгімелеу
- Төрт түлік малға нелер жатады?
Топтық тапсырма
1-топ: Төрт түліктің пірлерін ата?
2-топ: Төрт түліктің төлдерін ата?
3-топ: Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
3. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабақта қазақ халқының жанына жақын саналатын қасиетті түлігі жылқымен толық танысамыз.
І Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
- Жылқы жайлы не білеміз: Оқушылар ойы?
- Жылқының жасына байланысты атаулар?
- Жылқының түсіне байланысты атаулар?
ІІ Ой толғау: Нені білгіміз келеді?
Оқулықпен жұмыс
С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесімен таныстыру.
С.Мұқанов туралы мағлұмат беру.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге бүгінгі күнді, тақырып жазу
Тірек сөздер ілемін
1. бақташы
2. қайраттысы
3. аттауға
4. қос
5. түндік
6. күштілігі
7. асыл
есте сақтау қабілетін тексеру
тірек сөздермен жұмыс.
Оқушылар тірек сөздерді әңгімеден тауып оқып береді.
Әңгімені талдау.
Авторы: С.Мұқанов
Жанры: әңгіме
Азат жол 8.
Жаңа сөз: Қос – шөп, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы атарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Топтық жұмыс: «Теңге алу ойыны»
1-топ: Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
Жылқының аналық мейірімі жөнінде не айтылған?
2-топ: Қос деген не?
Жылқы етінің қасиеті қандай?
3-топ: Жылқының терісі жөнінде не айтылған?
Мақан жылқышының сөзі.
Кубизм стратегиясы бойынша тапсырмалар.
1-топ: Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?
Жылқы жөнінде қандай әңгіме не өлең білесіңдер?
2-топ: Жылқының адамға пайдасы қандай?
Батырлар жырындағы суреттелген аттарды есіңе түсір?
3-топ: Жылқы малына қатысы бар қандай спорттық ойындарды білесіңдер?
Үлкендер неліктен «құлыным», «ботам», «құлыншағым» дейді.
ІІІ. Ой қорыту: Нені білдік?
Бекіту.
«Бәйге ойынын» топ бойынша ойнату.
1. Бүгінгі сабақта танысқан жеті қазынаның бірі ---?
2. Жылқы атасы –
3. Жылқының сүті –
4. Жылқының төлі –
5. Алпамыстың жылқысы –
6. Ақанның жылқысы –
7. Жылқыны кім бағады?
8. Жылқышының үйі қалай аталады?
9. Жылқышы адамның несі –
Бағалау. Үйге тапсырма.
Жылқы мәтінін оқу. Жылқы малы туралы әңгіме жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.