.
.
Сабақтың тақырыбы: Жылы сөз-жақсы тілек. Жылы сөз-жақсы тілек.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2242 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Балалардың «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру
-қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
-мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, үнтаспа, компьютер, көгершін, жер шары, күннің көзі.
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
Сабақ барысы: Музыка әуенімен оқушылар сыныпқа кіріп, шеңберге тұрады.
Шаттық шеңбері -2мин
Мұғалім: — Балалар, далаға қараңдаршы, бізге жылы болу үшін не жетпей тұр? Күннің көзі бізге жылы әкеледі, шаттандырады, бақытты етеді екен иә балалар. Ал егер күннің көзі болмаса не болатын еді? Дұрыс күннің көзі жоқ болса қараңғы, суық, көңіліміз жоқ болар еді . Ал мен сендерге жылы болсын деп, сендер бақытты болсын деп сендерге күннің көзін алып келдім. Ал бәріміз «жылылық шеңберін» құрайықшы. Әрбір оқушы қасында тұрған досымызға жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жимыйып жеткізейік.
-Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, өте ұқыпты баласың т.с.с Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне айтып, күннің көзін бір-біріне береді.
-Жарайсыңдар, балалар! әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайықшы, қонақтарға да жылы лебізімізді білдірейік.
— Сәлеметсіздер ме, қонақтар?! Біз сіздерге де сәттілік тілейміз, жұмыстарыңыз жемісті болсын, балаларыңыз аман болсын, барлықтарыңызға бақыт тілейміз! Күннің көзін тақтаға ілеміз.
ІІ. Жаңа сабақ:
Тыныштық сәті. 1-мин
-Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылыуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.
Ризашылық әнін орындау. 2 мин
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!!!
Ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын қазірге
Үстелде жатқан әртүстіі фигуралардан өздеріңе ұнайтын түсті таңдап алыңдар.
-Сары түстер 1-топ, қызыл түстер2-топ, ал, жасыл түстер 3-топқа отырыңдар.
Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға құрметті қонақтарымыз, келіп отыр. Бүгінгі сабақта мен сендерге балалар, және қонақтарымызға сәттілік, тілеймін. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жылы сөз-жақсы тілек» деп аталады.
Ойланайық, пікірлесейік.
Ертегі тыңдау. «Сыпайы қоян» (оқулық 48-бетте) 7 мин
Балалардың ол туралы пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.
Ендеше балалар оқулықтарыңды ашыңдар, 48-беттегі «Сыпайы қоян» деген ертегіні оқимыз. Қане кім оқимын дейді. Қалғандарың тыңдаңдар, балалар.
Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етеді?
Дәйексөз
Мұғалім тақтадағы «Жақсы сөз –жан семіртер» деген халық мақалдың мәнін түсіндіреді.
-Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекет адамның көңілін түсіреді. 1мин
Өздерің жақсылық мен жамандық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сергіту сәті
Бәріміз орнымыздан тұрып, көрсетейік.
Тілек.
Шөліркемей гүл тұрсын
Жерім жайнап құлпырсын
Нұрын сыйлап біздерге
Көкте мәңгі күн тұрсын
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық
Ыстық бізге кең өлке
Ыстық бізге тыныштық 1 мин
Сахналау. «Әжесі мен немересі» сахналау.
Таңертең Әжесі тұрып үйді жинастырып жүреді. Немересінің мектепке баратын уақыты да келіп қалды.
Әжесі:
-Балам, тұра ғой мектепке баратын уақытың жақындап қалды. Тамағыңды іше ғой.
Немересі тұрмайды.
Әжесі:
-Балам тұра ғой мектепке бармайсың ба?
-Әже менің ұйқым келіп тұр. Қазір.
-Балам қәне тұра ғой енді. Тұр құлыным, мектептен қалуға болмайды. Ұят болады.
-Әже қазір тұра тұршы. Қазір дедім ғой әже.
Әжесі: Қане балам аяғыңды әкел шұлығыңды киіндірейін. Шұлығын кигізеді.
Немересі: - Тұф Әже өзім киемін ғой, қойыңызшы. Мазамды алдыңыз ғой.
Әжесі: -Жәрайді, жата бер балам. Ұйқыңды қандырып ал, мен сен үшін мектепке барып сабағыңды оқи салайын. Бәрібір менің үйде істеп жатқан шаруам жоқ, ұйқым да келмейді. Мен мектепке кеттім балам. Ал қане ұйқыңды қандырып, ұйықтап ал құлыным. Мен мектепке кеттім.
Немересі біраз жатып, содан кейін:
-Әже, Әже тұф, қайда кеттіп қалды екен, шынымен мектепке кетті ме екен? Әже, шалбарым қайда? Көйлегім ше? Кітаптарымды да ауыстырмай ұмытып кеткенімді қарашы, қап. Әже етігім қайда, әже-е-е-е
Немересі әжесін алып келеді.
Әже, мектепке бармай-ақ қойыңызшы. Мен өзім барамын, енді сабақтан қалмаймын. Күнде сабаққа дайындалып, баратын боламын. Уәде беремін.
Әжесі:
-Жарайды құлыным, уәдеңді орындайтыныңды білемін. Енді күнде сабағыңды оқып, мектептен қалмайтын болдың ғой. Жарайсың балам.-деді.
2 мин
Жағдаяттарды талдау
Сахналауға байланысты сұрақтар қою.
-Балалар жанағы сахналаудағы әженің немересі жалпы қандай бала деп ойлайсыңдар?
-Әжесі неге оның орнына мектепке барамын деп айтты?
- Немересі неге барма деп өтінді?
-Немересі қандай уәде берді?
-Әжесі қандай тілек айтты?
-Немересі берген уәдесін орындайды деп ойлайсыңдар ма?1 мин
Шығармашылық жұмыс
Топпен жұмыс: 10 мин
3-топқа бөліну. Өзіңмен бірге оқитын достарыңа, сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер. Не тілейсіңдер. Сол туралы тілектеріңді жазыңдар.
1-топ күннің шуағына жақсы тілек жазу
2-топ – менің жүрегім таза тақырыбы бойынша тілек жазу
3-топ-мен жайнаған гүлдеймін гүлге тілек жазу
Слайд көру
VI. Жүректен-жүрекке
Тақтадағы жүрекке бүгінгі біздің құрметті қонақтарымызға жылы лебізімізді білдіріп, жапсырайық. (әр оқушы өз тілегін оқиды). Ал қонақтар, балалар сендерге өз тілектерін, ұсыныстарын жазып, сабақтың соңында тақтаға жапсырады.
Би билейді.
Үйге: Дәптермен жұмыс. 17-бет. 1 мин
«Жақсы сөз –жан семіртер»
«Жылы сөз-жақсы тілек»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.