Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зиянды әдеттерден сақтан -

Зиянды әдеттерден сақтан

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1895 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы : Зиянды әдеттерден сақтан

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын қалыптастыра отырып
өз ісін қадағалауға , жауапкершілікпен қарауға баулу .
Көрнекілігі : суреттер , ребустар, нақыл сөздер ,
мақал – мәтелдер,сөзжұмбақ.
Әдісі : сайыс түрінде
Тәрбие сағатының барысы :
Сынып 2 топқа бөлінген, сайысқа алдын – ала дайындалған.
Сайыс жоспары :
1. Кіріспе сөз.
2. «Таныстыру» ( әр топ өз төсбелгілерін , ұранын , атын
таныстырады.)
3. «Денсаулық – зор байлық» ( зиянды әдеттерге
байланысты өлең шумақтарын айту.)
4. «Жарнама» ( көрініс )
5. «Уланбасын өмірің» (мақал –мәтел, жұмбақ , ребус шешу )
6. «Бәйге» ( сұрақ - жауап )
7. Қорытынды.
1. К І Р І С П Е С Ө З .
« Бірінші байлық - денсаулық» деп халқымыз айтқандай , қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат –міндеттердің бірі – адамның хал – ахуалы мен «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау , салауатты болуы шарт.

Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туын еңкейтпей , ұрпағымызды ғасырдан – ғасырға жоғары деңгейде білімді етіп тәрбиелеу мақсатында біз 4- сынып оқушыларына мынандай үндеу тастаймыз:
• Жер бетінің экологиясын қорғау.
• Маскүнемдік , шылым шегушілік және нашақорлыққа қарсы күресу және оларды жою.
2. Т АН Ы С Т Ы Р У .
І топ ұранымыз : « Тәні саудың – жаны сау.»
төсбелгіміз - аспан бейнелі, көк түсті, ортасында
медициналық көмек
көрсету белгісі , яғни адам әрқашан өз
денсаулығын сақтап отыруы қажет.
Ақ түс – ақ халат киген жандар
белгісі.
ІІ топ ұранымыз : « Бірінші байлық – денсаулық.»
Төсбелгіміз - жасыл түсті көк шөп , табиғат бейнесі. Өмірде
бірінші орында болғандықтан адам бейнесін
алдық. Адам – тіршілікті игеруші және
құрушы.Сондықтан адамның
денсаулығын сақтау қажет.
3 . «Д Е Н С А У Л Ы Қ - З О Р Б А Й Л Ы Қ.»
Әр топ өз өлең шумақтарын айтып жарысады.
4. « Ж А Р Н А М А»
Әр топ оқушылары маскүнемдік , шылым шегуге , нашақорлық тақырыптарына байланысты көрініс көрсетеді.
5. «У Л А Н Б А С Ы Н Ө М І Р І Ң»
Әр топ оқукшылары мақал – мәтел айтып , ребус шешеді.
Мақалдар : 1. Өз - өзімен отырып ,
Сықылықтап күледі.
2. Темекі тартқан бір кісі, 3. Арақ ішті дегенше
Уланған бүкіл үй іші. Азғын жолға түсті де
4. Шараптың қызығы бір кеште өтер,
Шатағы бір жетіге жетер.
5. Жабылады шарабың ішерде
Пәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Бойға шарап сіңсе ,
Ойдан айрылдым де.
7. Мастықтыңтүбі -мазақ
Мазақтың түбі – азап.
Жұмбақтар :
Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. Ол не ? ( темекі)
Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,
Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? ( насыбай )
Оңға қарай оқысың,
Әзәзіл деп білерсің.
Солға қарай оқысаң,
Жаға салар күйесін. Ол не ? ( арақ )
6 . « Б Ә Й Г Е.» ( сұрақ – жауап )
1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
2.Зиянды әдеттермен шұғылданатын адамдарда қандай
өзгеріс байқалады?
3. Темекінің құрамында (нелер) , қандай заттар кездеседі?
4. Есіркі қолданатын адамдардың организмінде пайда
Болатын белгілерді атаңыз.

7. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.