Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім -

«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3233 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау
Дамытушылық мақсаты: өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу
Тәрбиелік мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Анамның тілі – аяулы үні
Шона Смаханұлы

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: «Жаным,
Арайлы таңым».
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретіп тынбай,
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай, күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған.
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
• «Өзін-өзі тану» пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?
• «Өзін-өзі тану» сабақтарында не үйрендіңдер?
• Осы оқу жылында өздеріңнің және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
• Сабақтан үйренгендеріңнің күнделікті өмірде кездескен кезі болды ма?
Суреттерді пайдалана отырып, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үйренген қасиеттер мен құн-дылықтарды естеріңе түсіріңдер.
Балалар елін бағындыру
Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен.
келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.

Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жаңадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл – ел өміріндегі өзінше жақсы кезең болған екен...
...Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ, сонда да, ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты.
Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен енді көмекке Оқу келіпті.
Ойын мен Еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.
Өмірдің құпия сырын меңгеріп, біліммен қаруланған олар ересектер шаруасына да араласыпты. Мұнан кейін күні бойы сабақ оқып, қажыған баланы сергіту үшін тағы бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты Спорт екен.
Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген Балалар еліндей ел, әй, дүние жүзінде болмаған шығар...
...Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі – бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түсіпті.
Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап – алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.
Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады.

Олар да балаларды керемет жақсы көреді екен. Кейде, тіпті «мен алам», «жоқ, енді мен алам» деп өзара таласып қалып та жүреді.
• Ойын мен Еңбектің айырмашылығы неде, деп ойлайсыңдар?
• Балалар еліне Спорт пен Өнердің қандай пайдасы болды?
• Неліктен Оқу мен Кітап «Балалар елінің» өмірін жақсарта түсті деп ойлайсыңдар?
• Өздерің «Балалар елінде» болып көрдіңдер ме?
Өзін өзі тану:
1. өзін-өзі жетілдіру.
2. өз ойы мен әрекеттерін жақсылыққа бағыштау.
3. сезімі мен ниетін басқара білу.
4. жақсы мен жаманды ажырата білу.
5. өзін, қоршаған әлемді құрметтей, сыйлай білу.
6. үнемі ізденісте болу.
Кел, достар, сапқа тұр
Ән қосып жарқынды шақта бұл,
Кел, достар, кел достар, сапқа тұр.
Күн сәулелі туған ел арайың,
Нұр құйсын көңілге.
Шын болаттай шыңдалып әрдайым,
Жалындаймыз өмірде.
Біз жастар, құрыштай шыныққан,
Өмірден таусылмас жыр ұққан.
Алтын күннен туған ел аумаған,
Нұр құясың көңілге.

Бойымызда күш-жігер қаулаған,
Жалындаймыз өмірде.

Жайнаған жастықтың алаңы
Біздерді құшаққа алады.
Күн сәулелі туған ел арайы
Нұр құясың көңілге.
Шын болаттай шыңдалып әрдайым,
Жалындаймыз өмірде.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.