.
.
Абдыров Сергей. Қаңқаның негізгі бөлімдері.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2306 | Размер: | Автор: Нартай4540Химия-биология пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы №15 орта мектеп.
Сабақтың тақырыбы. Қаңқаның негізгі бөлімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүйектердің құрылысы бойынша оқушылардың білімдерін бір қалыпты тиянақтау
Дамытушылық: Жаңа сабақ бойынша оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, шапшаңдығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды сүйектерден пайда болатын аурулар туралы таныстыра отырып, оқушыларды сол аурудың алдын алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қаңқа макеті, қима қағаздар, суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатынасын
тексеріп, үй-тапсырмасын анықтау.
2.Үй –тапсырмасын сұрау: Тест
Нұсқа I
1.Теріде неше ауырсыну рецепторлары бар?
а) 100 ә) 200 б)150 в) 96
2. Сипап сезу дегеніміз не?
а). Толыққанды тіршіліктің, еңбек іс-әрекетінің міндетті шарты
ә).Кірпікшелері бар рецепторлардың шоғыры
б).Қорғаныш реакциясы
в).Тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды
3. Сипап сезу қайда орналасқан?
а) Ауызда ә) Мұрында б) Саусақ, тіл ұшында, ерінде в) Теріде
4. Тілдің ұшы нені сезеді?
а) Тәтті б) Қышқылды в)Тұзды
5. Тілдің орталық артқы бөлігі нені сезеді?
а) Тұзды ә) Ащыны б) Қышқылды в) Тәттіні
Нұсқа II
1. Тілдің алдыңғы және бүйір бөліктері нені сезеді?
а). Тәттіні ә).Тұзды б). Ащыны в) Қышқылды
2. Қышқыл дәмді тілдің қай шеті сезеді?
а). Бүйір шеті ә). Ортасы б). Артқы жағы в). Тілдің ұшы
3. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
а). Ауыз қуысында ә) Сілекей безі б) Мұрында в).Тілде
4. Сыртқы ортадағы болып жатқан өзгерістерді қай сезім қабылдайды?
а) Иіс сезімі ә) Сипап сезу б).Бұлшық ет сезімі в).Тері сезімі
5. Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?
а). Тілдің алдыңғы бөлігінде ә) Мұрында
б). Мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында в). Тері сезімінде
3.Жаңа сабақ: §23. Қаңқа бөлімдері.
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек қимыл – жүйесі атқарады.
Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды. Қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ – қол сүйектері иінтерек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады.
Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас атауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды.
Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды. Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.
Бас қаңқасы. Бас қаңқасы – бас сүйек екі: ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.
Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан Бұл қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ жақ сүйегіндегі ұяда орналасқан, сондықтан олар берік бекиді
.
Дене қаңқасы. Дене қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғары бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен, 40% пайызын құрайды.
Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7 омыртқа), арқа (12 омыртқа), бел (5), сегізкөз (сегізкөз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.
Омыртқа жотасы иілім түзеді, оның екеуінің дөңес жері – алға. Ал екеуінікі артқа бағытталған. Иілімнің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және тік жүруге байланысты. Иілімдер еркін қозғалуды, тепе – теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Омыртқа жотасының қозғалғыштығы жақсы, оның қозғалуы үш ось айналасында жүзеге асырылады. Ол әрқайсысының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы бар омыртқалардан тұрады. Бірінің үстіне бірі орналасып, омыртқа тесігі жұлын орналасатын омыртқа өзегін түзеді. Доғадан өсінділер таралады, оларға бұлшық еттер бекиді.
Кеуде қуысы. Арқа омыртқалалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғы жағы (төменгі екі жұбын басқа) төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.
Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп, қолмен әр түрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майынына толы болады.
Білек кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен біліктің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.
Қол бас сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.
Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады
.
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.
Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәріздіпішінге ие болады.
Сабағымызды ары қарай сайыс түрінде өтеміз. Сыныпты А тобы, Ә тобы, Б тобы деп үш тоқа бөлеміз.
Сайысымыздың кезеңдері:
1.Деңгейлік тапсырмалар
2. Биологиялық диктант
3.Шыңға шығу ойыны
4.Сүйек бөлімдерін атау
5.Топтастыру кезеңдері
1-кезең. Деңгейлік тапсырмалар
2- кезең. Биологиялық диктант
А тобы
1. Омыртқа жотасы . . . . . . . . түзеді, оныңекуінің дөңес жері- . . . . . . . ал екеуінікі
. . . . . . . бағытталған.
2. Жауырын - . . . . . . . . қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты . . . . . . . . . . . . . . . .. . .
3. Қабырғаларартқы жағынан арқа . . . . . . . . . .жалғасады, ал алдыңғы жағы . . . . . . . . байланысады.
Ә тобы
1. Аяқ қаңқасы омыртқа жотасының .. . . . . . . . . . бөлімінен және екі . . . . . . . сүйегінен тұрады.
2. Бұғананың бір ұшы . . . . . . . . . . жоғарыұшымен, екінші ұшы - . . . . . . . . . . қосылған.
3. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінде . . . . . . . мен. . . . . . . . . жалғасады.
Б тобы
1. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын . . . . . . . . . мен . . . . . . . . . . . . . . жалғасады.
2. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы . . . . . . . . . мен . . . . . . . . . . . . . . өтеді.
3. Тоқпан жілік . . . . . . . . . . . . қозғалмалы байланысатын . . . . . . буынын түзеді
3-кезең. Шыңға шығу ойыны
А тобы
1. Иық белдеуін түзетін сүйектер (бұғана, жауырын)
2. Сүйек қандай ұлпаға жатады? (дәнекер)
3. Қаңқа мен бұлшық еттен құралған жүйе. (тірек-қимыл)
4. Сегізкөз неше омыртқадан тұрады? (5)
5. Адамда неше қабырға болады? (12 жұп)
6. Қолбасы сүйектері нешеге бөлінеді? (білезік, алақан, майда сүйектері)
Ә тобы
1. Омыртқа жотасының саны?( 33-34)
2. Сүйектің сырты немен қапталған? (сүйек қабық)
3. Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады? (200 жүзден астам)
4. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының неше пайызын құрайды?(40%)
5. Кеуде қуысында қандай мүшелер болады?(жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, қан тамырлары, лимфа жолдары және жүйке талшықтары).
6. Кеуде қуысына қандай сүйектер жатады? (төстік, қабырға, омыртқа)
Б тобы
1. Мойын омыртқасы нешеу (7)
2. Адам қаңқасы нешеге бөлінеді?(бас сүйек, тұлға, аяқ-қол)
3. Бас сүйектің бет бөлігін қандай сүйектер құрайды?(қозғалмалы үстіңгі жақ және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектер құрайды)
4. Толарсақ неше сүйектен тұрады?( майда 26 сүйек)
5. Қаңқа қандай қызымет атқарады?(денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады)
6. Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы (атланта)
4-кезең. Сүйек бөліктерін табу
4-кезең. Топтастыру стратегиясы
Сабағымызды қорытындылай келсек, біз бүгінгі сабағымызда адам қаңқасымен таныстық балалар! Адам тепе-теңдікті ұстамағанда скалиоз ауырына әкеп соқтырады екен, оданда басқа омыртқа жотасының арасына ет өсіп кетуі ауыруға әкеп соқтырады. Осындай т.б. ауыруларды емдеу үшін біздің елімізде де арнайы жабдықталған құралдар дамып келеді. Тіпті өзіміздің Ақтау қаласындада ултракүлгін сәулелер арқылы омыртқа жотасының арасына өскен етті алып тастайды.Жаңаөзен қаласының ортасында орналасқан тубуркулез ауруханасы казіргі таңда қаламыздың отыз шақырым батысына елсіз ауасы таза жерге ауыстырып шетке салынуыуы, тубуркулез ауруының азаюына көп септігін тигізеді. Бұл ауру асқынып кеткен жағдайда сүйекке түсіп рак ауруына айналуы мүмкін. Осындай апараттардың пайда болуы, ауруханалардың салынуы, мұның барлығы келешек ұрпақ мына сендер үшін тәелсіз мемлекетіміздің қамқорлығы.
Бағалау :
Үйге тапсырма: §23. Қаңқа бөлімдері. (Реферат жазу, сурет салу)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.