Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Алтынемел  мемлекеттік  саябағы әлемі » -

« Алтынемел мемлекеттік саябағы әлемі »

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 383 | Просмотров: 2122 | Размер: 61.5 Kb | Автор: bibigul
. Сабақтың тақырыбы: « Алтынемел мемлекеттік саябағы әлемі »

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға саябақтың әсем табиғаты жайлы,оның
флорасымен фаунасының, ерекше қорғалатын
тарихи ескерткіштері жайлы экологиялық білім беру.
2. Балалардың жүйелі ойлау қабілетін,сөз байлығын дамыта
отырып, шығармашылық жұмысқа баулу және мамандыққа
тарту
3. Жаңа ақпараттық құралдарды қатыстыру арқылы қоршаған
ортаны , сирек кездесетін аң-құстарды, өсімдіктермен
жануарларды қорғауға ,адамгершілікке ,жанашырлылыққа ,
мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу,зерттеу,табиғатты тану,
бақылау, суреттеу, салыстыру, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: Суреттер көрмесі, слайд, стенд,фотоальбом, кітаптар, гербарий

Пәнаралық байланысы: Тарих, география, биология, химия, әдебиет,бейнелеу,
құқық,музыка..

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар , біз бүгін сендермен бірігіп, бірнеше топқа бөліне отырып елімізде жоғары қамқорлыққа алынып , Күреңбелді алыс та жақын шет елдерге таныс еткен, Күреңбелдің көркі болған « Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағына » саяхат жасаймыз.Мына жерде тарихшыларымыз отыр, мына жерде географтарымыз отыр, мында биологтар және химик, экологтар, заңгерлер, шығармашылық топ зерттеушілер тобы отыр.

1 -бөлім Тарихшылар тобы Алтынемелдің тарихи әлеміне саяхатжасаймыз:
« Алтынемел » мемлекеттік ұлттық саябағы 1996 жылы 10- сәуірде осынау ұлан-байтақ даладағы ғасырлар көмбесін сақтап қалып , жойылып бара жатқан аң-құстарды бұл мекеннен аудармай өсіру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің № 416 қаулысымен құрылды. Бұл саябақтың ашылуына Алматы облысының құрметті азаматы ,экология академиясының академигі
Ғалым Тұрғанбаев ағамыздың көп еңбегі сіңіп , академик атағы берілді . Туған жер табиғатын қорғауға барынша күш-жігер жұмсаған азамат көптеген лауазымды адамдардың есігін қағып, Парламентке дейін осы саябақты ашу мәселесін көтеріп, ақырында мақсатына жетті. Бұл жер-Ұлы Жібек жолы өткен тарихи аймақ. «Алтынемел » атауы моңғол сөзінен шыққан , ол « алтын ер » дегенді білдіреді.1219 жылы Шыңғысхан Орта Азияны жаулауда осы алқап арқылы өткен екен дейді. Сарғая бастаған шөп басқан таудағы батқан күнді көргенде қолбасшы мынау
« Алтынемел ғой» деп таңқалыпты.Содан бері сол таулар« Алтынемел » деп аталып кеткен. Егер анықтап қараса шынымен де сол таулар сырт көзге атқа салатын ерге қатты ұқсайды.
Ал енді тарихи ескерткіштерге аялдайық. Біздің жыл санауымызға дейінгі 3-8 ғасырларда сайын даланың иесі болып дүркіретіп өткен Сақ тайпаларының тағы бір белгісі осы Бесшатыр. Алыстан мұнартып тұратын ноқаттар ең алдымен бес төбе болып көрінеді. Жақындаған сайын үлкейе береді. Дәл түбіне келсеңіз биіктігі 20, диаметрі 100 метрлік қиыршық тастар үйіндісі өзіндік сырын ашады. Міне, ең үлкенінің жанында тұрмыз . Бұл төбеге Сақ көсемі құрал-сайман , киім-кешек , ыдыс-аяқ , тіпті күтуші құралдарымен бірге жерленген . Ал келесі төбелерде дәл сондай тәртіппен ірі қолбасшыларының жамбасы тиген . Тағы бір елең еткізері - бұл төбелердің араларын байланыстыратын жер асты жолдары бар екен. Бұл тірісінде сыйласып өткен жандар о дүниеде де қатысып тұра ма екен деген ұғымды білдірсе керек.Сондай-ақ , археологтар осы Бесшатырдан табылған Сақ көсемдері мен қол басшыларының және жауынгерлерінің сүйектеріне қарап , сақтардың бойлары 2-2,5 метр аралығында болған, өңдері ақшыл сары, көздері аспан түстес болса керек деген болжам да жасаған.
Міне көз алдымызға біздің дәуірімізге дейінгі 3-7 ғасырларда өмір сүрген Сақ тайпаларының тасты қашап салған көне суреттері тұр. Үш мүйізді таутеке , қос өркешті түйе үстінде садақ тартып отырған жауынгер , нұрын шашып тұрған күн бейнесінің бетінде беймәлім үш нүкте қойылған сурет . Кейбірі көмескілене бастағандықтан анық ажырата алмадық. Бір бөлігі көкшіл қоңыр қошқыл , теңбіл тастың қашалған жерлеріне мүк түспеген . Қоңырқай түске әлдеқашан еніп әлі күнге өзгермей келе жатқан сияқты. Қалай десек те екі жарым мың жылдан астам уақыт болғандығы ғылымда дәлелденген
Бұл Қасқырсай шатқалында « Үңгіртас » үңгірі бар, оны халық арасында тағы да « Қаша ( қора ) деп атап кеткен . Бұл шынында да табиғаттың жаратқан керемет ісі. Кіре берістің биіктігі 25метр шамасында , үңгір ішке қарай жиырма метрге жете тереңдейді. « Таңбалы тас» петроглифтерін ұлттық парктің кез келген жерінен кездестіруге болады. Әсіресе ол Теректісай шатқалында көп.
Палеонтологтардың болжамы бойынша мұнда тас ғасыры кезінде аз ғана адамдар тұратын тайпа өмір сүрген болуы керек , өйткені үңгірдің қабырғалары мұқият тегістеліп , тастар қолдан қаланғанға ұқсайды.
Енді міне Айқайқұмға да келіп жеттік Үлкен қалқан және Кіші қалқан деген екі таудың ортасын қостырмаймын дегендей ұзындығы 3км , биіктігі 150м құм жотасы көрінеді. Құм болғанда ерекше құм . Кілем сияқты жұп-жұмсақ , қолыңа ұстасаң шаңы , топырағы жоқ. Түсі қызғылт сары. Күн түскенде қызылды жасылды түске енеді Аңыз бойынша бұл жерге Шыңғысханның байлығы әкелініп , үстін құммен жапқан екен дейді. Сол байлықтың тұсында екі иірімдері бар екен . Қандай зат түссе де жұтып қоятын құдіреті бар бұл құм қасиетті болып саналады. Әлемнің төрт-ақ жерінде кездесетін тау іспетті төбенің бірі.Әншіқұмның шығатын гуілі 3-4 км жерден естуге болады. ТМД ғалымы В.И: Арабаджи Әншіқұмнан шығатын дыбысты магнитофон таспасына жазып , оның бұл қасиетін зерттеуде. Оның гуілі кәдімгі реактивті ұшақтың гүрілі сияқты.Әндеткен гуілінен жақын маңдағы аңшының үйінің тересінің әйнегі сылдырлайды.Қай уақытта болса да жалы пышақтың қырындай болып тұрады.Мұны көргендер бірде Кабул маңындағы Рег- Реваға ұқсатса , енді бірі Синай түбегіндегі Қоңырау тау атанған Джебел-Накуб жотасымен ұқсастық табады.
Бұл Жаһандағы жауынгер ошағы. Биіктігі 170см , шеңбері , аумағы қос құлаш , дөңгелете жерге қадалған бұл тастар кәдімгі ошақ сияқты. Оны жергілікті халық кезінде Шыңғысханның әскері тамақ пісіру үшін жасаған дейді.


2-бөлім. Географтар тобы: Географиялық әлеміне саяхат жасаймыз.
Жалпы көлемі 520 мың гектар жерді алып жатыр.Дүниежүзілік алты құрлықтағы табиғат көрінісінің бәрін де осы ұлттық парк аумағынан кездестіруге болады.
Ұзындығы 200км , сонау Шеңгелдіден бастап , Айдарлы , Жаркенттің бергі жағы Ақтау , Қатутау, Қалқан жоталары,Көктерек , оңтүстік шекарасы Іле Қапшағай көлі болса, солтүстік шекарасы Матай тауымен , Шолақ, Дегерес, Қоянды тауымен шектелетін үлкен алқап. Салыстырып қарасақ Қазақстандағы қазір ерекше қорғалатын аймақтардың ішіндегі ең ірісі осы Алтынемел саябағы болып табылады.Осыдан 150 жыл бұрын 1858 жылы қазақ халқының біртуар ұлы , этнограф-ғалымы Шоқан Уәлиханов Құлжаға сапарында бір түнеп , суын ішкен бастауға ат басын тіреген. Ғалымның күнделігіне зер салсақ , тау аңғарына жетер жерде құландардың жайылып жүргендігін жазады.Әрине, одан кейінгі уақытта түрлі себептерге байланысты жойылып кетті.
Жалпы Шоқан жазбаларына қарасақ , Жошы ханның баласын құландар теуіп өлтіргенде осы маңнан Тарбағатайға дейінгі аралыққа ор қазып, құландарды түгелдей қырған ғой. Сол ордың орны әлі де сақталып отыр.

3- бөлім. Биологтар тобы. : Флора мен Фауна әлеміне саяхат жасаймыз.

А) Ботаниктер:Саябақтың флорасы таулы қылқан жапырақтылардан (Шренк шыршасы , арша) бастап жазықтық шөлді өсімдіктерге ( қара сексеуіл, сораң ) түрлі өсімдіктерден тұрады. Қыркүйек, қазан айында да гүлдеген жусан мен бір жылдық сораңдарды көре аласыз. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктер - әйгілі « темір ағаш» немесе кавказ таудағаны , қызғалдақ және Іле бөріқарақат - кездесіп қалады. Алтынемелде жер бетінде жоғалып бара жатқан тораңғы ағашы өседі ,шөлге төзімді, аса мықты ағаш .Сондай-ақ , шырша , үйеңкі, тораңғыл, қызыл тал, жиде, жыңғыл сексеуіл, сораң т.б. өседі. Және де емдік қасиеті бар жауқазын, ботатабан , қылша , алтынтамыр т.б. өсімдіктер кездеседі. Саябақтың флорасы 1800 түрлі өсімдіктен тұрады, олардың көбісі Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген.Емдік шөптен , мысалы: Эфедрин дәрісін жүрек ауруына қарсы немесе «алтынтамырды» асқазан , іш құрылысын емдейді, ұйқысыздықты жояды.
Мына қыңыр өскен ағашты алғаш көрген жан қарағайға ұқсатары анық
Жақындап келгенде құдіреттің тәнті болмасқа әбдіңіз қалмайды. Бір түптен төрт жаққа қарай жантая өскен мынау төрт ағашқа 700 жыл болғандығын ғалымдар растапты.

Б) Зоологтар: Ұлттық саябақтың фаунасы ерекше бір әңгіме . Тек омыртқалы жануарлардың 260 түрі кездеседі. 78 түрлі сүтқоректілердің сегізі Қазақстан республикасының Қызыл кітабына енгізілген.Олар: ала жертесер, тас сусар , шұбар күзен, кәмшат, сабаншы, құлан, қарақұйрық, және арқар, және одан басқа ақбөкен, жабайы шошқа,қасқыр, түлкі, сусар, қоян, т.б.
1978 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралдан 27 құлан әкелінген болатын, қазірде олардың саны 2000 жетті. Ең әдемі киік- қарақұйрыққа келсек , оларды бүгінде Қазақстан бойынша осы жерден ғана көптеп кездестіруге болады. Қарақұйрықтың жалпы саны 6000 мыңнан асты.
Ғалымдармен жұмыс істеудің нәтижесінде Германияның Мюнхен қаласындағы зоологиялық бақтан сегіз Пржевалъский жылқысын ұшақпен әкелініп , жерсініп кетті , болашақта құландар секілді олар көбейетін болады.
Қосмекенділер мұнда аз , бірақ та данатин құрбақасы мен сібір бақасы
сияқты қызылкітаптықтар кездесіп қалады.

В) Ихтиологтар: Балықтардан: 32 түрлі балық мекен етеді, оның 18 басқа су
қоймаларынан ( сазан, жайын, ақмарқа, табан т.б) арнайы әкелінген.Ал, мұндағы ,
ілелік қарабалықпен Балқаш алабұғасы Қазақстанның қызыл кітабына енген.

Г) Орнитологтар: Құстардан жыл мезгілінде келіп-кететіні мен қыстап қалатыны қосса 400 түрі бар екен - бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, , бұлдырық. Су қоймалары үйректерге бай. Мұнда қара дегелек, ақбас үйрек-қаз, аққу, ақбас тырна, жорға дуадақ, қыран, қарақұс, дала бүркіті, үкіні кездестіруге болады.

Д)Герпетологтар: Жорғалаушылардан жыланның 16 түрі , кесірткенің 8 түрі , тасбақалар кездеседі және де , бұзауқұрт, шаяндардың да неше түрі кездеседі.

4-бөлім . Химиктер тобы : Химиялық әлеміне саяхат жасаймыз.
Алтынемел саябағының жер бедері де сан алуан. Бұл жерде түрлі уран , мәрмәр тастары, торф сілемдері, әк тасының үлкен мөлшердегі қоры да бар. Әк тастарын ұқсату цехтарында өңдеп күнделікті тұрмысқа кеңінен пайдаланып жүр.Айқайқұм өте құрғақ кремнезем қоспасы бар құм түйіршіктерінен тұрады, құм беті марганец пен калиймен жабылғандықтан , астыңғы қабатындағы дыбыс күшейеді-міс.
Мыңбұлақ ( Шоқан бастауы) суының дәмі бөлектеу, тұщы болса да тойымды екенін атақты ғалым Шоқан бабамыз айтқан және де түрлі ауруларға шипа су көздері бар. Найзатапқан, Көктөбе, Жотаарасан, Қосбастау сияқты емдік қасиеті бар минералды су көздері халықтың сүйікті орнына айналған.

5- бөлім. Экологтар тобы: Саябақтың экологиялық әлеміне саяхат жасаймыз.
1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабы жарық көрді. Қызыл кітапқа енген табиғат туындыларын ерекше қорғауды қажет етеді.2004 -2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы құжаттарға қол қойылды. 2004 жылғы жазда Іле қазаншұңқырында бұрын кездеспейтін тіпті де жаңа түр -кішкене кеміргіш –Эверсман аламаны табылды.
Алтынемел ұлттық саябағының экологиялық жағдайы 1996 жылдан бастап
Флора мен фаунасы қамқорлыққа алынғалы бері жақсарып келеді. Әртүрлі өсімдіктер әлеміне бай болғандықтан, ауасы таза .Жазда жауын-шашын аз болғандықтан 40-50 градусқа дейін ыстық болады, қаңтар айының өзінде ауа-райы -10 градустен аспайды. Табиғат ананың осынау қолайлылығы қыстай мал жайылуға ыңғайлы , бағзы заманнан бері аң-құстардың құтты мекеніне айналдырған. қар өте жұқа түседі.

6-бөлім. Заңгерлер тобы: 1991 жылы 18 – маусымда еліміздің тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы заңы шықты.
Бұл заң адам денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын , адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, табиғи тепе-теңдікті сақтаумен табиғат байлықтарын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған.
2001 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы шықты. Онда былай деп жазылған « Қоршаған ортаны қорғау туралы » Заңының 62- бабына және « Жануарлар дүниесін қорғау ,өсімін молайту туралы бабына сәйкес бекітілді.

7-бөлім. Әдебиетшілер тобы: Бұл топпен Алтынемел ұлттық саябағы жайлы жазып келген шығармалар, өлеңдерін оқу арқылы шығамыз..
8-бөлім Суретшілер тобы. Бұл топпен Алтынемел саябағына табиғаттың құндылықтарын сурет салу арқылы саяхатқа шығамыз.( Табиғи ескерткіштерінің, жануарларының , өсімдіктерінің)


Алтынемел әлемі.
Таутеке, арқар елік шапқылаған,
Бүркіті қыран болып жарқыраған,
Сазанменен көксерке, ақмарқалар,
Кең көлінде ұландай боп шалқыған.
Алтынемел, асуың асқақтаған,
Әдемі ғой табиғатың тас қаптаған.
Шыныменде тауып қойған жерімізге,
Лайық па атауыңа басқа ат саған.

7 б сынып оқушысы: Нүсіп Гүлжан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.