.
.
Тақырыбы: «Қанайналым және жүрек» «Қанайналым және жүрек»
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 293 | Просмотров: 1906 | Размер: 44.0 Kb | Автор: bibigulМақсаты: а)Оқушыларға жүрек,қантамырлары жөнінде айта отырып,олардың айырмашылықтарын,бөлімдерін,атқаратын қызметтерін меңгерту.
ә)Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, тереңдетіп отыру, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
б)Оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын,адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:ойын «көңілді старт»
Сабақтың типі: жаңа ұғымдарды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта,кітап,плакат,тонометр,барометр
Пәнаралық байланыс:валеология,физика,дене шынықтыру
І.Сабақтың жоспары:
1. «Бөшкедегі басқатырғыштар»кезеңі
2. «Биологиялық диктант»кезеңі
3. «Жарнама» кезеңі
4. «Ой-толғаныс» кезеңі
5. «Тест»
Сыныпты алдымен 4топқа бөліп алдым.
І.топ. Кардиологтер. ІІІ. топ.Гематологтер.
ІІ.топ. Терапевтер. IV.топ.Валеологтер.
І. «Бөшкедегі басқатырғыштар»кезеңі
Бұл кезеңде әр топ оқушылары бөшкеден сұрақтар алып соған жауап береді. Дұрыс жауап жетон арқылы белгіленіп отырады.
1.Қанайналым дегеніміз не?
2.Жүрек қайда орналасқан?
3.Қантамырлар нешеге бөлінеді?
4.Жүректің салмағы қанша?
5.Жүрек неше қабаттан тұрады?
6.Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
7.Жүректің қақпақшалары дегеніміз не?
8.Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
9.Қылтамыр дегеніміз не?
10.Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз не?
11.Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз не?
12.Қан қысымының жоғарлауын не деп атаймыз?
13.Қан қысымының төмендеуі?
14.Жүректі зерттейтін ғылым не деп аталады?
15.Жүректі емдейтін маман дәрігер кім деп аталады?
ІІ. «Биологиялық диктант»кезеңі
Бұл кезеңде әр топқа диктант беріледі. Нүктенің орнына тиісті сөздерді жазуы керек.
«Кардиологтер»тобына
1. ..... ..... деп, құлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді айтады.
2. Алкоголь қанға тез өтеді және бүкіл организмге ..... арқылы таралады.
«Терапевтер»тобына
1.Ең үлкен қызылтамыр қолқа деп аталады. Ол жүректің ... .... ....... басталады.
2.Ересек адамның жүрегі минутына 70-75рет ....., ...... .
«Гематологтер» тобына
1.Жүрек пен қан тамырларының қызметімен бүкіл .... қызметі байланыста болады.
2...... ...... мен есірткі заттары жүрек пен қан тамырларының жұмысын бұзады,созылмалы аурулардың пайда болуына себепші болады.
«Валеологтер»тобына
1.Жүрек клеткаларындағы ........ саны организмнің белсенді жағдайына байланысты.
2....... ........ зақымданғанда-адамның дене қызуы көтеріледі,тізе буындары ісіп,қатты ауырады,әлсіздік және терлегіштік байқалады.
ІІІ. «Жарнама» кезеңі
Бұл кезеңде әр топ өзінің зерттейтін ауруларына сипаттама береді.
«Кардиологтер»тобы
Жүрек кемістігінің аурулары
Жүрек жұмысын электрокордиография әдісімен зерттеу.
Алдын алу шарттары:
1.Жеке бас гигиенасын,күн тәртібін сақтау.
2.Тиімді тамақтану
3.Зиянды әдістерден аулақ болу.
4.Денені шынықтыру.
«Терапевтер»тобына
Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар
Бағлан:-Мен сіздерге бүгін қан қысымының өлшейтін құрал тонометрдің құрылысымен және онымен қысымды қалай өлшейтінін көрсетемін.
«Гематологтер»тобына
Қан аурулары
Қаназдылықтың белгілерімен,алдын алу шаралары көрсетілген.
«Валеологтер»тобына
Қан кетудің түрлері сызбанұсқамен көрсетіледі. Алғашқы көмектің түрлері сипатталады.
IV. «Ой-толғаныс»кезеңі
Бұл кезеңде әр топқа сандар беріледі. Сол сандар қандай мағына беретінін айту керек.
120/80мм; 75-76рет; 4,5-5млн; 4-8мың; 4-топ; 100мың км; 50есе.
V. «Тест»
Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.
Бағалау: Қай топ көп жетон жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Үйге тапсырма беру:
Интернеттен қантамырлар және жүрек жөнінде мағлұмат жинау және қантамырлары ауруларын реферат күйінде жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.