Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ас - адамның арқауы -

Ас - адамның арқауы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1828 | Размер: | Автор: Нартай4540
. С.А.Садыкова –Астана қ.
«Медициналық колледж» МКҚК
биология пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Ас - адамның арқауы»

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақты өткізу әдістері: конференция, ойын
Мақсаты
Білімділік: Студенттерді дәрумендер түрлерімен таныстыра отырып, олардың адам ағзасына пайдасын болашақ маман ретінде білуге баулу;
Тәрбиелік: Студенттерді денсаулықты күтуге, тамақтану гигиенасын сақтауға қатысты білімдерін тереңдете түсу.
Дамытушылық: Білім алушылардың жеке тұлға ретіндегі шығармашылық қасиетерін ояту, кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.

1-ші жүргізуші:
«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру – хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау – ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физиолог И.П.Павлов).
Жасыратын несі бар, қазір елдегі ересек адамдардың арасында екінің бірінің асқазаны ауырады және колитке (тоқ ішектің қабынуына) шалдыққан. Мұның сыры неде? Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметік факторлар көп, әрине. Бірақ соның бәрін емес, өзімді қынжылтатын бір жайды ғана айтайын. Демалысқа шығып, ел аралағанда көзіміз жетіп жүр – кейбір үйлерде жеңіл машинасы болғанмен, отбасына күнделікті ең қажет тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан асқазандары ауырып жүрсе де, ұнның ішінде сақталып, кептірілген немесе сүрленген еттермен тамақтанып отыр. Әсіресе оңтүстікте, жаздың аптап ыстығында ет сияқты асқа қажет тағамдарды тоңазытқышсыз бүлдірмей сақтау өте қиын. Тоңазытқыштың жоқтығынан тамақ бүлініп, улануға де әкеліп соқтыратынын естен шығармаған жөн.
Қарынды кере тамақ ішіп, орындарынан зорға көтерілетіндер де аз емес. Ол, әрине, өте қиын. Мөлшерден артық ішіп-жегендер түнді ұйқысыз өткізеді, мазасы қашады. Соның салдарынан кейде ауырып, хирург пышағына да ілініп жүргендері аз емес. Диетологтардың айтуынша: «Кез-келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол – орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Батпайтын ас – жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды Абдуль Фарадж.

Валеолог:
Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман әдет – гиподинамия, адамдардың күнделікті өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен жатыпішерлердің салдарынан болады. Жаяу жүруге ерінеміз, жақын жер болса да, баратын жерімізге көлікпен барамыз. Қимыл азайған сайын дене ауырлай береді, жүрек пен қан тамырларының қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз ықтиярымен семіздік дертіне шалдығады. Ал дана халқымыз: «Семіздікті қой ғана көтереді» - деп, бекер айтпаса керек.
Семіздік әр түрлі ауруларға – қан қысымының көтерілуі (атеросклероз) және тағы басқа күрделі, емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға мәлім. Олардың (семіз адамдардың) өмірі сау адамдардың өмірімен салыстырып қарағанда 10-15 жылдай қысқа болады. Өйткені, семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу сияқты сырқаттарға душар етеді. Буын-буындарында да тұз жиналып, сырқырап қақсайтын артрит сияқты әр түрлі буын ауруларына әкеліп соқтырады. Денені май басқандықтан және асқазанды кере тойып тамақтанудан адамның кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары көтеріліп, өкпеге және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол организмдердің қан айналымы нашарлайды, өкпе мен жүректің қызметі нашарлағандықтан, адам организмін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі – адам денесіндегі жасушаға қажет «жанармай». Осындай қысым жиі қайталана берсе, ондай адам пневмония, бронхит және т.б. сияқты әр түрлі созылмалы өкпе ауруларына шалдығады.

Диетолог:
Қандай тағамдарды қалай пайдаланған жөн? Енді осыған тоқталайық. Осы уақытқа дейін тамақтар қуатына қарай топқа бөлінетін. Ал соңғы ғылыми жетістіктердің нәтижесінде, тағамдарды оның құрамындағы адам организміне өте қажет зат алмасу үрдістерін жақсартатын биологиялық заттарына қарай бөлудің тиімділігі айқындалып отыр. Ондай биологиялық заттар биосинтез кезінде организмдегі қажетті химиялық қоздырғыш заттарды, атап айтқанда ферменттерді, гормондарды және жүйке жасушаларының бойымен жүретін жүйке тітіркенулерін өткізетін медиаторларды түзуге қатысады. Асқа пайдаланылатын тағамдардың жалпы тағамдық (барлық пайдалы жақтарын ескеріп) құнына, қуаттық немесе калориялық құнына, және биологиялық құндылығына байланысты үш топқа бөлетін болды. Мұндай топқа бөлу несімен тиімді? Осы арқылы соңғы жылдары организмге тек қана калория беретін, ал витаминдерден, микроэлементтерден және тағы басқа пайдалы заттардан жұрдай – қант және тағы басқа кондитерлік тағамдар сияқты «бос калориялы» заттар белгілі болды. Ал арақ пен шараптарда адам организмін уландыратын улы калория да болатыны анықталды.
Сондай-ақ үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге керекті тағамдық (нәруыз, көмірсу, май, микроэлементтер мен витаминдер) заттардың кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланылатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.

Иммунолог:
Витаминдер. Медицинада қазір витаминдердің 30-ға жуық түрі белгілі. Олар адам организміндегі зат алмасу үрдісін жақсартып, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Организмге витаминдер жетіспегенде адамның өзінен-өзі күш-қуаты кеміп, біртүрлі әлсіреп, шаршап-шалдыққыш келеді. Ештеңеге зауқы соқпай, болмайтын нәрсеге ашуланып, жұқпалы ауруларға тез беріледі.
Тамақта витаминдердің жетіспеуі ерте көктемде жиі-жиі болып тұратын жағдай. Әрбір витаминнің адам организмінде атқаратын өзіндік ерекше қасиеті немесе орны бар. Адам организміндегі барлық зат алмасу үрдісін жүргізетін ферментердің жеке адамның ішкі бездерінен тікелей қанға бөлінетін гормондардың биохимиялық құрамдары витаминдердің құрамына өте жақын болады. Сол себепті адам дұрыс тамақтанып, қажет витаминдер уақтылы жеткізіліп отырса, организмдегі ферменттер мен гормондар да қасиеттерін сақтайды, зат алмасу үрдісі де ойдағыдай жүреді. Соның әсерінен адамның күш-қуаты күшейіп, организмнің әр түрлі аурулармен күресу қабілеті артып, ауырған күннің өзінде де, дер кезінде емделсе, тез арада сауығуына мүмкіндігі молаяды.
Біздің ата-бабаларымыздың негізгі асты кешке қарай, күн батпай тұрып ішкені де дұрыс екені дәлелденіп отыр. Бірақ, әсіресе ұйқыға жатар алдында асқазанға көп күш салмаған дұрыс. Сонымен қатар бір-біріне сәйкес келмейтін астарды араластырмай тамақтанған жөн, сонда ғана шын мәнінде «ас –адамның арқауы» болады.



А дәрумені
А дәрумені (витамині) майды еріткіш дәрумен болып табылады. А дәрумені алғаш рет сәбізден алынды. Сондықтан да А дәруменінің тобы ағылшын тіліндегі Саrrot (сәбіз) сөзіне байланысты А – каротиноидтар деп аталады.
А дәруменінің екі түрі бар: жануарлар өнімінен алынған дайын күйіндегі
А дәрумені (ретинол) және А провитамині (каротин).
Ең көп тараған каротиноид – В-каротин. Ол А витаминінің провитамині болып табылады. Бауырда қышқыл түрдегі ыдыратқыш арқылы А дәруменіне түрленеді.


В дәрумені
В дәрумені ағзадағы суларды ерітетін дәрумен болып саналады. Оның ағзадағы қоры (мөлшері) сақталып тұрмайды. Күн сайын қайта толықтырылып отыруы керек. В дәруменінің түрлері көп: В2, В6, В12, В13, В17.


С дәрумені
С дәрумені де суды ерітуге бейім болып келеді. С дәрумені табиғи түрде, органикалық түрде және аскорбин қышқылы түрінде болады. С дәрумені негізінен қызанақта, түсті орамжапырақта, тәтті картоп пен жай картопта және жасыл көкөністерде кездеседі.



D дәрумені
Д дәрумені – майды ерітетін дәрумен. Бұл дәрумен адам ағзасына екі жолмен келеді: күннің сәулесімен және тамақтану арқылы. Д дәрумені тіс пен сүйектерді қатайтады.


Е дәрумені
Е дәрумені адамның бауырында, қанда, жатырда, майларда және жүректе болады. Бұл да майды еріткіш дәрумендердің қатарына жатады. Дәруменнің көздері: брокколи, брюссель орамжапырағы, өсімдік майы.







«Денсаулық» мекемесі» ойыны
Ойын шарты: «Денсаулық» мекемесіне бару үшін поезға билет алу керек. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап берген білім алушылар поезға отырып, «денсаулық» мекемесіне бара алады.





Денсаулықты сақтау үшін дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыстан артық ештеңе жоқ. Сондықтан да дұрыс сымбаттың екі себебі бар:
1. Барлық ішкі мүшелердің дұрыс қызмет атқаруына еркіндік беру.
2. Адамның қимылы мейлінше табиғи болуы керек.
Сымбат дұрыс қалыптасу үшін мынадай ақыл-кеңестер береміз:
1. Үй жұмысына көмектескенде екі қолдарыңызды алмастыра отырып, істеуге тырысыңыздар.
2. Қыс пен көктемде аптасына бір-екі рет бір сағаттан ұйықтап, жатып демалыңыздар.
3. Жұмсақ төсек пен жастыққа үйір болмаңыздар.
4. Бір күйде ұзақ қозғалмай отырмаңыздар.
5. Сөмкені немесе портфельді үнемі бір қолмен көтеріп, дағдыланбаңыздар.
6. Сабаққа әзірленген кезде аяқтарыңызды аласа орындыққа қойып отырыңыздар, осылай отыру ыңғайлы.
7. Жазда топырақ қызған кезде жалаңаяқ жүруге тырысыңыздар. Құм үстінде жалаңаяқ жүру, жүгіру пайдалы.

Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.