.
.
Сабақтың тақырыбы: «Ас қорыту» тарауын қайталау «Ас қорыту» тарауын қайталау
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1883 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың «Ас қорыту» тарауы бойынша алған білімдерін саралау;
Дамытушылық:талдау,ойлау,салыстыру,қорытынды шығару ,биологиялық тілде сөйлей білу, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға – асты уақытымен ішуге,ұжыммен,топпен жұмыс істей білуге, басқа адамның жауабын тыңдай білуге, адамгершілікке,еңбек ете білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайдтар,оқулық,топқа бөлуге арналған қима қағаздар, асық, қоржын,сұрақтар,жағдаяттар тапсырмасы,сағат
Әдісі: сұрақ-жауап,жағдаяттарды шешу,тапсырмалармен жұмыс,өзін және жолдасын тексеру блогымен жұмыс,бірін-бірі бағалау,ойын,жұмбақтар шешу
Қолданылған технология: М.М.Жанпеисова
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесіп,сынып оқушыларының сабаққа қатынасуын тексеру.Оқу құралдарын түгендетіп,назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Сабақтың тақырыбы,мақсаты айтылып,сынып оқушыларын 3 топқа: түрлі-түсті қағаздарға жазылған тақырыпқа байланысты бөлу.
1 топ: Ас
2 топ: қорыту
3 топ: мүшелері
ІІІ.Сабақтың кезеңдері
1) І.Өзін және жолдасын тексеру блогымен жұмыс. Шарты: әр топтан бір-бір оқушыдан шығады. 5 сұрақтан қойылады,жауап толық немесе дұрыс болмаса сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді.Жауаптары жауап парағына белгіленіп отырылады. Егер де сұраққа жауап берілмесе,немесе толық жауап айтылмаса,сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді,толықтырады.Оқушылардың жауабы сұрақ санына қарай бағаланады,сұрақ қойған оқушы да ескеріледі.
2) ІІ. Қоржыннан алынған сұрақтар: Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Нөмірленген асықтың сұрақтары төмендегідей:
1.Ас қорыту дегеніміз не?
2.Ас қорыту бездерінің ең үлкені қалай аталады?
3.Сілекей безінің қызметін зерттеген ғалым?
4.Тістің ең соңғы жұбы қалай аталады?
5.Ауыз қуысында қанша жұп сілекей бездері бар?
6.Ас қорыту қай мүшеден басталады?
7.Ұзындығы 25см қуыс бұлшық етті мүше ?
8.Аш ішектің ұзындығы?
9.Тістің бұзылуы қалай аталады?
10.Ересек адамда қанша тіс болады?
11.Адам тәулігіне қанша литр су ішеді?
12.Бауырдан бөлінетін өттің түсі қандай?
13.Тістің ең соңғы жұбы қанша жаста шығады?
14.Ең ірі сілекей безі?
15. Қарында ас қанша уақыт қорытылады?
ІІІ.Мылқау сурет .Әр топқа ас қорыту мүшелерінің санмен белгіленген суреттері беріледі.
Жауаптары интерактивті тақтада беріледі, топтар арасында тексеру жүргізіледі,қателері табылып, бағаланады.
ІҮ.Топтық жұмыс (мәлімет беру)
1 топ: Ас қорыту мүшелерінің аурулары
2топ: Тамақтан улану
3 топ: Тамақтану және денсаулық
Ү.Сергіту сәті “Өз жартыңды тап”Музыка ойналып жатады,оқушылар мақалдың жартысын табады.
1.Байлық байлық емес, денсаулық- байлық
2.Денсаулық- зор байлық.
3.Апыл-ғұпыл ішкен ас,асқазанға түскен тас
4.Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
5.Тәні саудың - жаны сау
6.Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады.
7.Ауырып ем іздегенше ,
Ауырмайтын жол ізде.
8.Ас – адамның арқауы.
9. Ішің ауырса-аузыңды тый
ҮІ. Жұмбақтар
1 топ:
Дәу үңгірдің қақпасы,
Жабылады, ашылып,
Жоқ болса да топсасы
2 топ:
Есігін ашсаң, сайраған бұл-бұл.
Есігін жапсаң, жайраған құр күл.
3 топ:
Үңгір толы, асыл тас.
ҮІІ.Дәптермен жұмыс: Төмендегі ұғымдардың анықтамасын жазыңдар.
1.Асқорыту мүшелерінің қабырғасын 7. Тағамының механикалық өңделуі құрайтын қабаттар -
2. Тағамның химиялық өңделуі – 8. Ұлтабар (он екі елі ішек) –
3. Бүрлер – 9. Соқыр ішек –
4. Аппендикс өскіні – 10. Тік ішек –
5. Тұрақты тістер – 11. Ит тістер –
6.Ақыл тістер – 12. Сүт тістер –
ҮІІІ. Постермен жұмыс: тақырыптарын қорғауы
1 топ: Ауыз қуысында астың қорытылуы
2 топ: Асқазанда астың қорытылуы
3 топ: Астың ішектерде қорытылуы
ІХ.Кім жылдам? Шатасқан сөйлемдер ойыны.
1.КҮНІНЕ 2 РЕТ ТАЗАЛАЙМЫН .МЕН ТІСІМДІ.
2.КҮЛГЕНДЕ ЖАҒЫМДЫ.ТІС ТАЗАЛЫҒЫ.
3.ТІС ДӘПІГЕРІ ҚАРАЙДЫ .МЕНІҢ ТІСІМДІ.
4.БАРАМЫН.МЕН ЖИІ-ЖИІ.ТІС ДӘРІГЕРІНЕ
5.ТАМАҚТЫ.САУ ТІС.ЖЕУ ҮШІН МАҒАН.КЕРЕК.
6.ТӘТТІ БҰЗАДЫ.ТІСТІ .ӨТЕ КӨП.
Х.ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМА:
І топ:Биологиялық диктант
1.Ас қорыту..................басталады.
2. ............. ас қорыту және тыныс алу жолдары
қиылысады.
3. ..............ұзындығы шамамен 25 см болып келеді.
4.Қарынның пішіні .............. немесе қапшық тәрізді.
5.Адам ағзасындағы ең ұзын ішек ................ .
6.Ас қорыту жолында аш ішектен кейін .................. орналасады.
7.Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі............ деп аталады.
8.Ең үлкен ас қорыту безі- ............... .
9.Бауыр көптеген улы заттарды ...................... .
10.Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без .............
ІІ топ:Сәйкестігін табыңыз
1.Ас қорыту жүйесі сүт тістер
2.Тағамды майдалайды шықшыт
3.Сәбидің 6-9айлығында шыға бастайды тістер
4.Үш жұп сілекей бездер лизоцим
5.Сілекейдің құрамында, бактерияларды жояды ауыз қуысы
6.Сілекейдің құрамындағы су мөлшері жақ асты
7.Асқазан ауруын болдырмау 98-99%
асты дұрыс шайнау
лизоцим
ІІІ топ:Сәйкестендіру тесті
ХІ. Тест
1.Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?
А)20-25% Ә)0,6-5,0% Б)60-65%
2.Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:
А)көмірсулар,нәруыздар Ә)минералды тұздар Б)су
3.Нәруыздың тәуліктік мөлшері:
А)80-90г Ә)100г Б)400-500г
4.Адамда ас қорыту жолының ұзындығы:
А)3-5м Ә)8-10м Б)15-18м
5.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасады?
А)жұмсақ таңдайда Ә)ұрттың сілемейлі қабығында Б)тілде
6.Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
А)ауыз қуысында Ә)жұтқыншақта Б)өңеште
7.Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
А)аш ішек Ә)тоқ ішек Б)ұлтабар
8.Қоректік заттар құрамына қандай органикалық заттар кіреді?
А)нәруыздар,көмірсулар Ә)витаминдер,майлар Б)минералды тұздар мен су
9.Аш ішектің бөлімдері:
А) ұлтабар,тік ішек,аш ішек Ә) ұлтабар,аш ішек,мықын ішек
Б) соқырішек,тік ішек
Тест жауаптары интерактивті тақтада беріледі. Топ ішінде бір-бірін тексеріп,бағалау парағына бағаларын қояды.
ХІІ. Маңызды түйін : Әр топтың тарау бойынша алған өз ойлары қорытындыланып айтылады.
ХІІІ. Бағалау - Әр топ өздерін бағалайды.
Бағалау парағы
Оқушының аты – жөні Зейіні Сұрақ қоюы Сұраққа жауап беруі Ойлауы,ойын жеткізуі Салыс
тыруы Шығармашылығы Қоры
тын
ды Топпен,жеке жұмыс жасауы Жиын-
тық балы /бағасы/
ХІҮ.ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:§44-§49 ҚАЙТАЛАП ОҚУ
«МЫҢБАЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«АС ҚОРЫТУ» ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ
БИОЛОГИЯ ПӘН МҰҒАЛІМІ:
РАХИМОВА МАРЖАНКҮЛ
2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.