Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Балықтардың көбеюі және дамуы -

Балықтардың көбеюі және дамуы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2453 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Балықтардың көбеюі және дамуы
Мақсаты:
1. Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы туралы білім беру
2. Балықтардың көбеюінің қзіне тән ерекшеліктері, көбею кезіндегі мінез құлығы, ұрпағына қаиқорлық жасауы жайлы ұғым қалыптастыру, тану біліктілігін дамыту
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, табиғатты сүюге баулу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, демонстрация, түсіндіру т.б
Көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа карточкалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу
- түгендеу
-назарды сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Бинго» ойыны арқылы
1. Желілілер типінің омыртқалылар тип тармағына жататын жануарларды ата
2. Жақ сүйектерінің сипатына қарай бассүйектілер нешеге бөлінеді?
3. Ұрығының даму ерекшеліктеріне байланысты нешеге бөлінеді?
4. Дене температурасына байланысты нешеге бөлінеді?
5. Балықтарды неше класқа бөлеміз?
6. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы
7. Балықтардың дене бөлімдерін ата
8. Сүйекті балықтардың түр саны және дене пішіні қандай?
9. Торсылдақ және оның қызметі қандай?
10. Желбезек аппаратының құрылысы мен қызметі
11. Сүйекті балықтарды алғаш пайда болған мүше?
12. Миының құрылысы
13. Жеке отрядтарын ата

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІVV. Жаңа сабақты түсіндіру
Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.
Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.

«слайд арқылы көбею жолдарымен таныстыру»

Балық уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады.
«Сазанның даму схемасы бойынша суреттер көрсету»
Терминдермен жүмыс: Уылдырық, шоғыл, өрістеу, уылдырықтау

V. Жаңа сабақты бекіту:

І. «Балық аулау» ойыны. Балықтың суретін алып ондағы сұрақтарға жауап беріп, шелекке жинайды
1. Ұрықтанудың түрлерін ата
2. Өрістеу деген не?
3. Өрістеудің қандай түрлері бар?
4. Кәсіптік мәні бар балықтарды қалай көбейтеді?
5. Өрістегіш балықтарды ата
Жауабы: бекіре, албырт, жыланбалық
6. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын балықтарды ата
Жауабы: Шортан, сазан, треска, сутіл
ІІ. Биологиялық диктант:
1. Балықтар........ жынысты жануарлар
2. Теңіз алабұғысы ғана ........
3. Аналық безде.......деп аталатын майда жұмыртқа ...... жетіледі
4. Сүйекті балықтар ........ ұрықтанады
5. Кейбір балықтар көбею кезінде.....
6. Аталық безден бөлінетін ....... деп аталады

ІІІ. Балықтың шын атын тап
Берілген басқатырғы бойынша дұрыс жауаптарын табады
Жауап: Шармай, Қортпа, Химера, Бекіре, Сүйрік, Шаншар, Шортан, Таутан, Треска, Албырт

ІV. Өрістегіш балықтар сызбасын толтыр:
1. Өзеннен теңізге қарай
2. Теңізден өзенге қарай

VІ. Қорытындылау:
- Бүгінгі сабақта не білдік?
- Не білгіміз келеді?

VІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Балықтарға байланысты сөзжұмбақ жасау
VІІІ. Бағалау:

«Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» комуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Балықтардың көбею және дамуы

7 «ә» сыныбы
Пән мұғалімі: Ә.Чуйкебаева

2014 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.