.
.
Сабақ жоспары (9 «Б» сыныбы) Басымдылықтың әр алуан типтері, ажыраудың күткен шамадан
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 495 | Просмотров: 2715 | Размер: 64.0 Kb | Автор: bibigulКүні
Тақырыбы:§ 39. Басымдылықтың әр алуан типтері, ажыраудың күткен шамадан
ауытқуы
§ 40. Қосбуданды шағылыстыру. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Мақсаты:
Білімділік: басымдылықтың 3 типі туралы білім беру, қосбуданды шағылыстыруды үйрету және механизмін түсіндіру.
Тәрбиелік: Пеннет тор көзін пайдалануды үйрету, К.Э.Коренс, Э.Чермак, Г.де Фриз, Г.Мендель ғалымдарының атын және олардың тәжірибелеріне пайдаланған материалдарды білу.
Дамытушылық: қосбуданды шағылыстыру (дигибридті будандастыру) туралы ой-өрістерін дамыту, генетикалық есептерді шығаруға үйрету.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, есептерді шығаруға жаттықтыру
Көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған слайд (Басымдылық типтері; Дигибридті будандастыру)
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастырушылық кезең (2 мин.)
a) Мұғалім оқушылармен амандасады және оларды түгендейді
b) Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексереді
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)
a) Өткен § бойынша биологиялық диктант
1. Бірдей гендерді_______деп, ал әр түрлі гендерді______деп атайды.
2. Басым гендерді_______, ал басылыңқы гендерді________дейді.
3. Ата-ананы____әрпімен белгілейді, ал ұрпақтарды____әрпімен белгілейді.
4. Гендердің жиынтығы______деп аталады.
5. Гендердің сыртқы көрінісін_____деп атайды.
6. Генетика дегеніміз_______.
7. ______бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.
8. Моногибридті будандастыру дегеніміз ______.
9. Бір белгілердің екіншісінен басым болуы___.
10. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын ашқан ғалым__________.
Жауаптары: 1-гомозигота, гетерозигота; 2-доминантты, рецессивті; 3-Р,Ғ; 4-генотип; 5-фенотип; 6-белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым; 7-ген; 8-бір жұп белгілері бойынша ерекшеленетін шағылыстыру; 9-басымдылық; 10-Г.Мендель.
b) Жұмыс дәптері бойынша берілген 139 жаттығуды тексеру
ІІІ Жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин.)
Мұғалім: - Балалар, бүгін сабақта біз екі тақырыпты өтеміз. Осы тақырыптардың аталуына қарап бүгінгі сабақтың мақсаты неде деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың сабақтың мақсаты туралы ойы.
Мұғалім: - Иә, дұрыс айтасыңдар. Бүгін біздің мақсатымыз, ол: басымдылықтың болатын типтерін анықтау және дигибридті будандастырудың механизмін жасауды үйрену, яғни оған арналған есептерді шығаруға жаттығу.
Мұғалім: - Жалпы басымдылық дегеніміз - бір белгілердің екіншісінен басым болуы.
Ал, сендердің ойларынша басымдылық үнемі пайда бола ма?
Оқушылардың сөзі.
Мұғалім: - Өйткені, басымдылықтың үш типі болады екен.
Мұғалімнің интерактивті тақта арқылы мынадай схеманы көрсетуі және оны түсіндіруі:
Басымдылық типтері
Толық басымдық Шала басымдық Қос басымдылық
Бір белгінің (ішінара) өзара әрекеттесу кезінде
екінші белгіге ген ішінара басылыңқы жаңа белгі беретін
басымдылық көрсетуі. генге үстемдік жасайды. гендердің бірлесіп басымдық жасауы.
Мысалы: 1) Р ♀АА х ♂аа Мысалы:
Р ♀АА х ♂аа қызыл ақ Р ♀ АВ х ♂ ОО
сары жасыл ІV І
Г: Г:
Г:
Ғ1: Аа Ғ1: Аа Ғ1: АО АО ВО ВО
Генотип:гетерозигота Генотип:гетерозигота АО – ІІ қан тобы
Фенотип:сары Фенотип:қызғылт ВО – ІІІ қан тобы
2) Р ♀ Аа х ♂ Аа
Г:
Ғ2: АА Аа Аа аа
Генотип: 1:2:1
Фенотип:25 % қызыл
50 % қызғылт
25 % ақ
Мұғалім: - Ал, өткен сабақта біз осы басымдылық көрсететін белгілерді қалай белгіледік және оның қайсысын гомозигота деп, ал қайсысын гетерозигота деп атадық?
Оқушылардың өткен сабақтан түсініктері.
Мұғалім: - Моногибридті будандастырған кезде біз тек бір белгі бойынша есептеулер жүргіздік. Ол: АА сары түсті бұршақ және аа жасыл түсті бұршақ. Ал бүгін біз осы бұршақтарды екі белгі бойынша будандастырамыз. Яғни, түсі және пішіні жағынан. Осылай будандастырған кезде біз белгіленуді былай жазамыз: ААВВ (сары тегіс) және аавв (жасыл бұдыр) және енді оларды біз гомозигота, гетерозигота деп атамаймыз. Оларды дигетерозигота және дигомозигота деп атаймыз (екі-екіден ген түсі және екі-екіден ген пішіні бар).
Мұғалім: дигибридті будандастыруды интерактивті тақтада дайындалған слайд арқылы түсіндіре бастайды.
Дигибридті будандастыру деп қарама-қарсы екі жұп белгі бойынша ерекшеленетін аталық, аналық формаларды будандастыруды айтады. Дигибридті будандастыру қарама-қарсы жұптардың тәуелсіз тұқым қуалайтын белгілер бойынша айқындалады. Мендель дигибридті будандастыруға белгілердің бір-бірінен тұқымының пішіні және дәнінің түсі арқылы ажыратылатын бұршақты тәжірибеге пайдаланды. Дигибридті будандастыру кезінде буданның бірінші ұрпағы ата-анасының екі белгісі бойынша басым болады. Егер Ғ1 будандары өздігінен тозаңданса, онда Ғ2 ата-ананың екеуінің де жаңа белгілері бар формалар шығады. Яғни будандастыру кезінде жұп белгілер тәуелсіз тұқым қуалайды. Бұл Мендельдің 3 заңы деп аталады. Ғ2 белгілердің фенотипі бойынша ажырауы 9:3:3:1 қатынасында болып, генотипі бойынша 4:2:2:2:2:1:1:1:1 сан қатынасында болады.
4-АаВв
2-ААВв
2-АаВВ
2-Аавв
2-ааВв
1-ААВВ
1-ААвв
1-ааВВ
1-аавв
ІV Бекіту (6 мин.)
1) § 40 соңындағы есептің №1 орындау (191 бет)
2) Жұмыс дәптеріндегі 157 және 159 жаттығуды орындау (75 бет)
3) Бағалау
V Үйге тапсырма (2 мин.)
1) § 39, 40 оқу.
2) Оқулықтың 191 беттіндегі № 2,3,4 есептерді шығарып келу.
Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары мектебі
Жас маман биология пәнінің мұғалімі Ш. Т. Карипбаева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.