Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест жұмыстары -

Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест жұмыстары

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 9637 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест жұмыстары



Э.Ә. Қажекенова

Семей қаласы
Ұлғайтқыш құралдар .
Өсімдік жасушасының құрылысы.

1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі
4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:
а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма
9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер
12. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:
а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар
13. Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар
14. Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:
а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар




Өсімдік ұлпалары.
І-нұсқа

1.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:
а)түзуші ә)негізгі б)жабын

2.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

4. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш

5. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы

6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

7. Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

8. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:
а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі

9. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа:
а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі

10. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.

11. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:
а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

12. Сүт жолы мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:
а)жабын ә)бөліп шығарушы б)негізгі

Өсімдік ұлпалары.
ІІ-нұсқа

1. Жасушалары арасында ауа кеңістіктері бар ұлпа:
а)тірек ә)негізгі б)түзуші

2. Сабақ пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:
а)түзуші ә)жабын б)өткізгіш

3. Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:
а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

4. Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші б) жабын

5. Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:
а )түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

6. Су мен улы газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат түзетін ұлпа:
а)өткізгіш ә)негізгі б)жабын

7.Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:
а)өткізгіш ә)тірек б)негізгі

8. Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) түзуші ә)негізгі б)бөліп шығарушы

9. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналатын ұлпа:
а)тірек ә)өткізгіш б)жабын

10. Тін талшығы жасы жетілген ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)тірек б)негізгі

11. Жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы болатын ұлпа:
а)өткізгіш ә)жабын б)бөліп шығарушы

12. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:
а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы


Тамыр.
І-нұсқа

1.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым
2. Вегетативті мүшелердің тамырлар жүйесі:
а)сабақ ә)тамыр б)жапырақ
3. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)қосалқы ә)жанама б)негізгі
4. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:
а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар
5. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:
а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар
6. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:
а)шашақ тамыр ә)кіндік тамыр б)жем тамыр
7. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:
а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр
8. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору
9. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу
10. Жас жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:
а)сору ә)өсу б)өткізу в)бөліну
11. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:
а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору
12. Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізетін тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору б)өсу в)бөліну
13. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ
14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз



Тамыр.
ІІ-нұсқа

1. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері :
а)тұқым ә)жапырақ б)жеміс в)сабақ г)гүл ғ)тамыр
2. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)негізгі ә)жанама б)қосалқы
3. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:
а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар
4. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:
а)жанама тамыр ә)қосалқы тамыр
5. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:
а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр
6. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну
7. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу
8. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:
а)бөліну ә)өсу б)сору в)өткізу
9. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды соратын тамыр бөлімі:
а) өсу ә)бөліну б)өткізу в)сору
10. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну
11. Органикалық тыңайтқыштар:
а)қи ә)күл б)қарашірік в)құс саңғырығы г)азот ғ)шымтезек
12. Минералды тыңайтқыштар:
а)шымтезек ә)азот селитрасы б)суперфосфат в)қи г)күл ғ)сүйек ұны
13. Жем тамырлы өсімдіктер:
а)сәбіз ә)қызылша б)орамжапырақ в)картоп г)шомыр ғ)шалқан
14. Түйнек тамырлы өсімдіктер:
а)орхидея ә)нарғызгүл б)кипарис в)батат г)шырыш ғ)таушымылдық


Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
І-нұсқа
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік:
а)төбе ә)бұйыққан б)жанама в)қолтық

2. Өркеннің ең ұшына орналасқан бүршік:
а)қолтық ә)қосалқы б)жанама в)төбе

3. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:
а)қосалқы ә)төбе б)бұйыққан в)жанама

4. Төбе бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері:
а)жуандап өседі ә)ұзарып өседі б)гүлдейді в)жапырақ шығарады

5. Тік сабақты өсімдіктер:
а)қайың ә)жүзім б)бидай в)қауын

6. Шырмалған сабақты өсімдіктер:
а)жөке ә)шырмауық б)бақбақ в)құлмақ

7. Қысқарған сабақты өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)пияз б)жүзім в)жүгері

8. Сабақты жуандатып өсіретін қабат:
а)камбий ә)сүрек б)қабық в)өзек

9. Органикалық заттар қорға жиналатын қабат:
а)сүрек ә)қабық б)өзек в)тін талшығы

10. Су мен минералды заттар қозғалатын қабат:
а)қабық ә)сүрек б)тоз жасушалары в)тін талшықтары

11. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:
а) өзек ә)камбий б)сүрек в)қабық

12. Сабақ тыныс алатын, жасымықша жасушалары орналасатын
қабат:
а) камбий ә)сүрек б)өзек в)тоз қабаты

13. Буын және буынаралығынан тұрады:
а)тамыр ә)тамырсабақ б)түйнек

14. Сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар:
а)түйнек ә)тамыр б)тамыр

Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
ІІ-нұсқа
1. Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік:
а)төбе ә)жанама б)қолтық в)қосалқы

2. Өсімдіктің төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік:
а)қосалқы ә)бұйыққан б)төбе в)қолтық

3. Гүл бүршігінің орналасқан орны:
а)қысқарған өркен ә)ұзарған өркен б)төбе бүршігінде в)қолтық бүршігінде

4. Өсу бүршігінің орналасқан орны:
а)қосалқы бүршік ә)қысқарған өркен б)қолтық бүршік в)ұзарған өркен

5. Жатаған сабақты өсімдіктер:
а)құлпынай ә)құлмақ б)пияз в)қияр

6. Өрмелегіш сабақты өсімдіктер:
а)тырбық аңдыз ә)қарағаш б)асбұршақ в)жүзім

7. Тін талшықтары орналасқан қабат:
а)камбий ә)қабық б)сүрек в)өзек

8. Қабық пен сүректің арасындағы қабат:
а)сүрек ә)камбий б)өзек в)қабық

9. Сабақтың органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:
а)өзек ә)камбий б)қабық в)тін талшығы

10. Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:
а)түйнек ә)тамырсабақ б)тамыр

11. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен:
а)тамырсабақ ә)пиязшық в)түйнек

12. Пиязшықты өсімдіктер:
а)сарымсақ ә)картоп б)лалагүл в)бетеге

13. Түйнекті өсімдіктер:
а)орамжапырақ ә)жер алмұрты б)картоп в)пияз

14. Тамырсабақты өсімдіктер:
а) бидайық ә)қызанақ б)бетеге в)қызғалдақ
Жапырақ

1. Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер:
а)қарағай ә)жүгері б)емен в)шырша
2. Бір ғана тақтасы бар жапырақ:
а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ
3. Бір сағақта бірнеше жапырақшалардың болуы:
а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ
4. Жүйкелердің жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:
а)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену ә)параллель жүйкелену б)доғалы жүйкелену в)саусақ салалы жүйкелену
5. Негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелердің теңдей таралуы:
а)параллель жүйкелену ә)доғалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в)саусақ салалы жүйкелену
6. Орталық жүйкенің бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін салаланып таралуы:
а)саусақ салалы жүйкелену ә)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену б)параллель жүйкелену в)доғалы жүйкелену
7. Жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелердің иілуі:
а)параллель жүйкелеу ә)саусақ салалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в)доғалы жүйкелену
8. Қоректік заттар қорға жиналатын жапырақ:
а)шырынды ә)тікенді б)мұртша в)қабыршақ
9. Өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды б)тікенді в)мұртша
10. Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ:
а)тікенді ә)мұртша б)қабыршақ в)шырынды
11. Бүршіктердің нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:
а)мұртша ә)тікенді б)шырынды в)қабыршақ
12. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды б)тікенді в)мұртша
13. Ылғалды үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)тікенді б)мұртша в)шырынды
14. Тікенді жапырақты өсімдіктер:
а)қарлыған ә)асбұршақ б)кәріқыз в)ақ қараған
15. Мұртшалы жапырақты өсімдіктер:
а)үрмебұршақ ә)жабайы бұршақ б)асбұршақ в)сарыаға

Гүл. Гүлшоғырлар.
І-нұсқа

1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан гүл бөлігі:
а)гүлтабан ә)аналық б)күлте в)аталық
2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы:
а)тостағанша ә)гүлсағақ б)күлте в)аналық
3. Тозаң ұясы бар гүл бөлігі:
а)аналық ә)күлте б)аталық в)гүлтабан
4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі :
а)аналық ә)аталық б)тостағанша в)күлте
5. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетілетін гүл бөлігі:
а)аналық ә)гүлсағақ б)күлте в)тостағанша
6. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы:
а)қос жынысты ә)дара жынысты
7. Аталық гүлдер мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:
а)екі немесе қос үйлі ә)бір үйлі
8. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі:
а)күлте ә)аналық б)тостағанша в)аталық
9. Аталықтың бөлімдері:
а)жіпше , аузы ә)тозаңқап, тостағанша б)мойны, жіпше в)жіпше, тозаңқап
10. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасқан гүлшоғыр:
а)жай масақ ә)жай шашақ б)собық в)күрделі шатыр
11. Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанып орналасқан гүлшоғыр:
а)күрделі қалқанша ә)күрделі шатыр б)күрделі масак в)күрделі шашақ
12. Собық гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бидай ә)күнбағыс б)калла в)жүгері
13. Күрделі шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)кербезгүл ә)сәбіз б)көктерек в)аскөк
14. Жай масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)тары б)сүйсін в)гүлшетен
15. Сырға гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)қарағаш ә)алмұрт б)қайың в)тал


Гүл. Гүлшоғыр.
ІІ-нұсқа

1. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін орын:
а)тостағанша ә)гүлсағақ б)күлте в)гүлтабан
2. Мойны бар гүл бөлігі:
а)күлте ә)аналық б)гүлтабан в)аталық
3. Жіпшеден және тозаңқаптан тұрады:
а )гүлсағақ ә)күлте б)аталық в)аналық
4. Гүлсеріктің сыртқы бөлігі:
а)гүлтабан ә)тостағанша б)аналық в) күлте
5. Ұрықтану процесі жүретін орын:
а)аталық ә)гүлсағақ б)жатын в)күлте
6. Гүлде тек аталық немесе аналықтың болуы:
а)дара жынысты ә)қос жынысты
7. Аталық гүлдердің бір өсімдікте, аналық гүлдердің екінші өсімдікте болуы:
а)бір үйлі ә)екі немесе қос үйлі
8. Аталық тозаңдары жетілетін орын:
а)жіпше ә)жатын б)тозаңқап в)күлте
9. Аналықтың тозаң қабылдайтын бөлімі:
а)мойны ә)жатыны б)жіпше в)аузы
10. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасқан гүлшоғыр:
а)жай масақ ә)жай шашақ б)себет в)шоғырбас
11. Жай шатырдағы жеке гүл сағақтарына бірнеше гүлден топтанып шоғырланған гүлшоғыр:
а)күрделі шашақ ә)күрделі қалқанша б)күрделі шатыр в)күрделі масақ
12. Себет гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)мойыл б)күнбағыс в)бақбақ
13. Күрделі масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)балдырған ә)орамжапырақ б)қарабидай в)бидайық
14. Жай шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)пияз ә)қайың б)адамтамыр в)інжугүл
15. Жай шашақ гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бақбақ ә)қарақат б)аскөк в)орамжапырақ


Тозаңдану. Жемістер.
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.
І-нұсқа

1. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану ә)өздігінен тозаңдану
2. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)өздігінен тозаңдану ә)айқас тозаңдану
3. Гүлдері өте ұсақ , реңсіз өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)бунақденелілер арқылы б)өздігінен тозаңдану
4. Тозаңдары ірі өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен тозаңдану ә)жел арқылы б)бунақденелілер арқылы
5. Бітеу гүлдің тозаңдану жолы:
а)бунақденелілер арқылы ә)өздігінен тозаңдану б)жел арқылы
6. Гүлдері ашық реңді, ірі өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақденелілер арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен тозаңдану
7 Аналығының аузы үлпек қауырсынды өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)өздігінен тозаңдану б)бунақденелілер арқылы
8. Шырыны мол, жұмсақ жеміс:
а)құрғақ жеміс ә)шырынды жеміс
9. Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп жеміс:
а)жидек жеміс ә)жидек тәрізді б)сүйекті
10. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын жеміс:
а)қауашақ ә)бұршаққын б)бұршаққап в)тұқымша
11. Бір тұқымды, тұқымы жеміс серігімен тұтасып біріккен жеміс:
а)жаңғақ ә)тұқымша б)қауашақ в) дәнек
12. Сыртында су жұқпайтын түктері бар өсімдіктердің тұқымдарының таралу жолы:
а)бунақденелілер арқылы ә)су арқылы б)жел арқылы в)өздігінен
13. Сыртында ілмешектер, тікенектер, желімтек түктері бар тұқымдардың таралу жолдары:
а)жануар, бунақденелілер, адам арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен в)су арқылы
14. Жел арқылы таралатын өсімдіктер:
а)қамыс, қияқ, жалбыз, қоға ә)шытырлақ, жауқазын, қараған, шегіргүл
б)қарағаш, бақбақ, үйеңкі, орхидея в)шоңайна, долана, бүлдірген, кәріқыз
15. Құстар арқылы таралатын өсімдіктер:
а)жауқазын, қараған, шытырлақ, бөрібұршақ ә)шие, таңқурай, бүлдірген, мойыл б)бөденешөп, қоға, түкті күреңот, қамыс в)қайың, тал, терек, үйеңкі


Тозаңдану. Жемістер.
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.
ІІ-нұсқа

1. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану ә)өздігінен тозаңдану
2. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану ә)өздігінен тозаңдану
3. Гүлдерінде шірнесі бар өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақдене арқылы ә)өздігінен б)жел арқылы
4. Тозаңдары майда, жеңіл өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен тозаңдану ә)бунақденелілер арқылы б)жел арқылы
5. Тозаңдануы бір гүлдің ішінде болатын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)өздігінен б)бунақдене арқылы
6. Аталық жіпшесі ұзын, тербеліп тұратын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен ә)бунақдене арқылы б)жел арқылы
7. Гүлдері аңқыған хош иісті өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен ә)бунақдене арқылы б)бунақдене арқылы
8. Қабығы қатты, сүректенген жеміс:
а)шырынды жеміс ә)құрғақ жеміс
9. Сыртқы қабығы жұмсақ, жұқа, ішкі бөлімі сүйектенген жеміс:
а)жидек тәрізді ә)жидек б)сүйекті
10. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар жеміс:
а)бұршаққап ә)бұршаққын б)қауашақ в)дәнек
11. Жеміс серігі тұқымымен бірікпеген жеміс:
а)жаңғақ ә)бұршаққап б)дәнек в)тұқымша
12. Жемістері қақырағыш, ширатылғыш өсімдіктердің таралу жолы:
а)жануар, құстар арқылы ә)су арқылы б)өздігінен в)жел арқылы
13. Шырынды, ашық реңді жемістердің таралу жолы:
а)жел арқылы ә)құстар арқылы б)өздігінен в)су арқылы
14. Су арқылы таралатын өсімдіктер:
а)жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған ә)шоңайна, итошаған, иттікен, кәріқыз
б)қараған, шегіргүл, бөрібұршақ,ат талшын в)тұңғиық, жалбыз, қоға, қамыс
15. Адамдар, жануарлар арқылы таралатын өсімдік:
а)шоңайна, иттікен, кәріқыз, итошаған ә)ат талшын, қараған, шегіргүл,шытырлақ б)жалбыз, қамыс, тұңғиық, қияқ в)бақбақ, орхидея,
жөке, қайың

Қос және дара жарнақты өсімдіктер.

1. Тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі:
а)гүл ә)жеміс б)тұқым

2. Екі тұқым жарнағы бар өсімдік:
а)дара жарнақты ә)қос жарнақты

3. Бір тұқым жарнағы бар өсімдік:
а)қос жарнақты ә)дара жарнақты

4. Дара жарнақты өсімдіктер:
а)бидай ә)үрмебұршақ б)асқабақ в)арпа

5. Қос жарнақты өсімдіктер:
а)сұлы ә)жүгері б)асбұршақ в) қияр

6. Тұқым өнген кезде бірінші шығатын өскін мүшесі:
а)сабақ ә)тамыр б)жапырақ в)барлығы бір мезгілде шығады

7. Өніп келе жатқан ұрықтың алғашқы кездегі қоректену заттары:
а)эндоспермдегі су және минералды тұздар ә)су, ауа, органикалық заттар
б)эндосперм мен тұқым жарнағындағы органикалық заттар қоры

8. Бидай тұқымындағы қор заттар жиналатын бөлігі:
а)ұрық ә)эндосперм б)қабығы в)жарнағы

9. Тұқым тыныс алғанда болатын өзгеріс:
а)көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады
ә) оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газы мен жылу бөледі
б) оттегін сіңіріп , көмірқышқыл газ бөлінеді

10. Крахмал қоры көп болатын өсімдік:
а)күнбағыс ә)картоп б)жер жаңғағы

11. Нәруыз қоры көп болатын өсімдік:
а)зығыр ә)мақта б)бидай

12. Май қоры көп болатын өсімдік:
а)күнбағыс ә)жүгері б)соя


Бір жасушалы жәндіктер.

1. Жануарлар дүниесіндегі қарапайымдылардың жіктелуі:
а)көп жасушалы ә)бір жасушалы

2. Талшықтылардың топтасып тіршілік ететін түрі:
а)домалаңғы ә)жасыл эвглена б)кірпікшелі кебісше

3. Кірпікшелердің мекен ететін сулы ортасы:
а)тұщы су ә)ащы су

4. Көзшесі бар жәндік:
а)амеба ә)кірпікшелі кебісше б)эвглена

5. Жануар және өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік:
а)эвглена ә)кірпікшелі кебісше б)амеба

6. Кірпікшелі кебісшедегі кіші ядроның атқаратын қызметі:
а)қоректену ә)көбею б)қозғалу

7. Хлоропластары бар жәндік:
а)амеба ә)эвглена б)трипаносома

8. Қарапайымдыларда қолайсыз жағдай туғанда түзілетін қабат:
а)эктодерма ә)энтодерма б)циста

9. Амебаның көбею жолы:
а)жыныссыз ә)жынысты

10. Қылаулатқышы бір жасушалы жәндік:
а)эвглена ә)амеба б)кірпікшелі кебісше

11. Қантышқақ ауруын тудыратын жәндік:
а)дизентерия амебасы ә)амеба б)лейшмания

12. Тері лейшманиозы ауруын тудыратын жәндік:
а)құртамыш ә)лейшмания б)лямблия

13. Кокцидоз ауруын тудыратын жәндік:
а)лейшмания ә)лямблия б)құртамыш

14. Лямблиоз ауруын тудыратын жәндік:
а)трипаносома ә)құртамыш б)лямблия


Көп жасушалы жануарлар және олардың құрылысы мен тіршілігі.

1. Денесінің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын тізбектің бірі:
а)жасуша ә)ұлпа б)мүшелер жүйесі в)мүше г)организм

2. Дененің сыртқы жамылғысын түзетін ұлпа:
а)жүйке ә)дәнекер б)эпителий в)бұлшықет

3. Сүйек, шеміршек, май, сіңір, қан, ұлпа сұйықтығын түзетін ұлпа:
а)бұлшықет ә)дәнекер б)жүйке в)эпителий

4. Көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттерінен түзілген ұлпа:
а)эпителий ә)жүйке б)дәнекер в)бұлшықет

5. Жүйке ұлпасының жасушасы:
а)нейрон ә)дендрит б)аксон

6. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің сыртқы жабыны:
а)хитин ә)түк б)қабыршақ в)қауырсын

7. Балық, кесіртке, жылан денелерінің сыртқы жабыны:
а)қауырсын ә)хитин б)қабыршақ в)түк

8. Құрылыс материалын, ферменттер мен гормондар түзетін зат:
а)көмірсу ә)нәруыз б)май

9. Организмдегі негізгі энергия көзі:
а)нәруыз ә)май б)көмірсу

10. Құрылыс материалы, қуат көзі, жасушаны сумен қамтамасыз ететін зат:
а)май ә)көмірсу б)нәруыз


Омыртқасыз жәндіктер және омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйелері және астың қорытылуы.

1. Гидраның асқорыту жасушасының орналасқан қабаты:
а)эктодерма ә)энтодерма

2. Гидраны жауынан қорғайтын және жемін аулауға қатысатын жасушасы:
а)жүйке жасушасы ә)апта жасушасы б)тері-бұлшықет жасушасы
в)асқорыту жасушасы

3. Ауыз → жұтқыншақ →өңеш →жемсау →қарын → ішек тәрізді асқорыту жүйесіне тән жәндік:
а)ақ сұлама ә)зауза қоңызы б)шұбалшаң

4. Өңештің соңғы бөлімі кеңейіп жемсауға айналған құстар тобы:
а)дәнмен қоректенетін ә)бунақденелілермен қоректенетін б)ұсақ кемірушілермен қоректенетін

5. Құстар қарынының бөлім саны:
а)1 ә)2 б)3

6. Сүтқоректілердегі тіс түрінің саны:
а)2 ә)4 б)3

7. Үй қояның жақсы дамыған тістері:
а)азу тістер ә)күрек тістер б)сойдақ тістер

8. Иттің жақсы дамыған тістері:
а)сойдақ тістер ә)азу тістер б)күрек тістер

9. Етпен, дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:
а)2 ә)1 б)4

10. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:
а)4 ә)2 б)1

Омыртқасыз жәндіктер және омыртқалы жануарлардың тыныс алу жүйелерінің құрылысы.

1. Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын организмдер:
а)анаэробты организмдер ә)аэробты организмдер

2. Оттегінсіз тыныс алатын организмдер:
а)аэробты организмдер ә)анаэробты организмдер

3. Гидраның тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер:
а)өкпе қапшықтары ә)тыныс саңылауы б)бүкіл денесімен сіңіру арқылы

4. Шұбалшаңның тыныс алуын жүзеге асыратын мүше:
а)сыртқы тері жабыны ә)өкпе қапшықтары б)желбезек

5. Шаршылы өрмекшінің тыныс алу мүшесі:
а)өкпе қапшығы ә)демтүтік б)тері жабыны

6. Балықтардың тынысалу мүшесі:
а)өкпе ә)демтүтік б)желбезек

7. Ересектері өкпе, дернәсілдері желбезек арқылы тыныс алатын жануарлар:
а)құстар ә)балықтар б)жорғалаушылар в)қосмекенділер

8. Қосмекенділердің қосымша тыныс алу мүшесі:
а)желбезек ә)тері б)ауа қапшығы

9. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі:
а)тері ә)өкпе б)желбезек

10. Қосарлы тыныс алатын омыртқалы жануарлар:
а)жорғалаушылар ә)сүтқоректілер б)құстар в)жорғалаушылар


Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйелерінің құрылысы.

1. Денедегі артық, зиянды заттардың сыртқа шығарылуын жүзеге асыратын мүшелер:
а)асқорыту мүшелері ә)зәршығару мүшелері б)тыныс алу мүшелері

2. Қарапайымдардың зиянды қалдық заттарды сыртқа шығару мүшесі:
а)жұлдызша түтікше ә)мальпигий түтікшесі б)жиырылғыш вакуоль

3. Көпжасушалы жануарлар организмінде түзілетін сыртқа шығарылуы тиіс заттар:
а)көмірқышқыл газы ә)несеп б)оттегі в)қанның қызыл түйіршіктері
г)нәжіс

4. Құрттардың зиянды заттарды шығару мүшесі:
а)мальпигий түтікшесі ә)жұлдызша түтікшесі б)жасыл түсті бір жұп
бездер

5. Шаянтектестердің зәршығару мүшесі:
а)бүйрек ә)бездер б)жасыл түсті бір жұп бездер в)мальпигий түтікшесі.

6. Бүйрек және мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығаратын жәндік:
а)өрмекшілер ә)құрттар б)бунақденелілер в)шаянтектестер

7. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі:
а)жұлдызды түтікшелер ә)мальпигий түтікшелер б)бүйрек
в)жиырылған вакуоль

8. Бүйрек →несепағар →қуық арқылы зәр шығаратын жануарлар:
а)омыртқасыз жануарлар ә)омыртқалы жануарлар

9. Қуық болмайтын омыртқалы жануарлар:
а)балықтар ә)сүтқоректілер б)қосмекенділер в)құстар г)жорғалаушылар


Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қанайналым
жүйелерінің құрылысы .

1. Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралатын қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі
2. Қанның жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене қуысына құйылатын қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі
3. Ұлудың жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша және екі құлақша ә)екі қарынша және екі құлақша
б)құлақша және қарынша
4. Түсі қызыл - қоңыр, көмірқышқыл газына қаныққан қан:
а)вена қаны ә)артерия қаны
5. Түсі алқызыл, оттегіне қаныққан қан:
а)вена қаны ә)артерия қаны
6. Балықтың жүрегінің бөлімдері:
а)1 ә)2 б)3 в)4
7. Қосмекенділердің жүрегінің бөлімдері:
а) 4 ә) 3 б) 2 в) 1
8. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы:
а)кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
9. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қантамырлар тармағы:
а)кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
10. Жорғалаушылар жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша мен құлақша ә)екі қарынша мен екі құлақша б)қарынша мен екі құлақша
11. Жүрек қарыншасы жартылай пердемен бөлінген омыртқалы жануарлар:
а)құстар ә)қосмекенділер б)сүтқоректілер в)жорғалаушылар
12. Дене температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына тәуелді жануарлар:
а)жылықанды жануарлар ә)салқынқанды жануарлар
13. Дене температурасы тұрақты, қоршаған орта температурасына тәуелді емес жануарлар:
а)салқынқанды жануарлар ә)жылықанды жануарлар
14. Құстар жүрегінің бөлімдері:
а) 1 ә)3 б)2 в)4
15. Сүтқоректілер жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша мен екі құлақша ә)қарынша мен құлақша б)екі қарынша мен екі құлақша
16. Жылықанды омыртқалы жануарлар:
а)жорғалаушылар ә)құстар б)қосмекенділер в)сүтқоректілер г)балықтар
Омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың қозғалуы.

1. Жалғанаяқтары арқылы қозғалатын жәндік:
а)эвглена ә)кірпікшелі кебісше б)амеба

2. Жасыл эвгленаның қозғалу мүшесі:
а) талшық ә)жалғанаяқ б)кірпікше

3. Кірпікшелері арқылы қозғалатын жәндік:
а)кебісше ә)амеба б)шұбалшаң

4. Қармалауыштары арқылы «адымдап» , «төңкеріліп» қозғалатын жәндік:
а) шұбалшаң ә)айқұлақ б)гидра в)жүзім ұлуы

5. Денесі ұзарып-қысқарып , жіңішкеріп-жуандау арқылы қозғалатын жәндік:
а)шұбалшаң ә)гидра б)айқұлақ в)ұлу

6. Реактивті тәсілмен қозғалатын жәндіктер:
а) сегізаяқ ә)жүзім ұлуы б)кальмар в)айқұлақ

7. Өзен шаянының жүру аяқтары орналасқан дене бөлімі:
а)құрсақ ә)баскөкірек

8. Балықтың суда төменгі қабатқа түсу, беткі қабатқа көтерілу, денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын жүзбеқанаттары:
а)құйрық жүзбеқанаты ә)көкірек, құйрық жүзбеқанаты
б)екі арқа жүзбеқанаты в)аналь жүзбеқанаты

9. Сазанның торсылдағының атқаратын қызметі:
а) жүзуін реттеу ә)дыбыс толқынын күшейтетін резонатор б)дыбыс шығару

10. Балықтың алға қарай жүзуін реттейтін жүзбеқанаты:
а)көкірек жүзбеқанаты ә)құйрық жүзбеқанаты
б)арқа жүзбеқанаты в)құрсақ жүзбе қанаты

11. Аяқтары болмағандықтан ирелендеп қозғалатын жорғалаушы:
а)кесіртке ә)тасбақа б)жылан в)құбылғы

12. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған омыртқалы жануарлар:
а)балықтар ә)құстар б)жорғалаушылар в)сүтқоректілер

Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың көбеюі.

1. Амебаның көбею жолы:
а)жынысты жолмен ә)жыныссыз жолмен б)бүршіктену арқылы
2. Бүршіктену арқылы көбейетін жәндік:
а)кірпікшелі кебісше ә)амеба б)жасыл эвглена в)гидра
3. Жынысты жолмен көбеюге қатысатын жасушалар:
а)аталық жыныс жасушасы ә)аналық жыныс жасушасы
б)аталық және аналық жыныс жасушалары
4. Аналық жыныс жасушасы:
а)жұмыртқа жасушасы ә)сперматозоид
5. Аталық жыныс жасушасы:
а)сперматозоид ә)жұмыртқа жасуша
6. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы:
а)гамета ә)гермафродит б)зигота
7. Шұбалшаң қандай жынысты жәндік:
а)дара жынысты ә)қос жынысты немесе гермафродит
8. Жұмыртқа → дернәсіл →қуыршақ→ ересек жәндік дамуындағы даму сатысы:
а)шала түрленіп даму сатысы ә)толық түрленіп даму сатысы
9. Жұмыртқа →дернәсіл→ ересек жәндік дамуындағы даму сатысы:
а)шала түрленіп даму сатысы ә)толық түрленіп даму сатысы
10. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер:
а)көбелек ә)шегіртке б)шыбын в)тарақан
11. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер:
а) маса ә)инелік б)дәуіт в)қоңыз
12. Жорғалаушылардың көбею жолы:
а)уылдырықтау ә)жұмыртқалау б)баласын тірідей туу арқылы
13. Ширақ балапан шығаратын құстар:
а)тауық ә)торғай б)саңырау құр в)көгершін
14. Қызылшақа балапан шығаратын құстар:
а)үйрек ә)бозторғай б)бүркіт в)қарлығаш
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.