Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Биология сабағында  жаңа технологияларды пайдалану. -

Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7594 | Размер: | Автор: bibigul
. №14орта мектебі


Биология сабағында
жаңа технологияларды пайдалану.



Дайындаған:Калдырбаева Г.Ш.

Көкшетау-2014

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе...........................................................................................................3

1 Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері...........................................4
2 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін
ұйымдастыру.............................................................................................8
2.1 Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік технологияның тиімділігі................................................................12
3. Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын биология сабақтарына еңгізу жолдары.............................................................................14
4. 7 сынып биология пәні бойынша сабақ түрлері және жоспары.....

Қорытынды..............................................................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................17

Кіріспе.

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емесСабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланыстыәрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.

1 Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері.

Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кезкелген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздеріқаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады.Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен
Оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуңына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйәымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «өсімдіктердің көбею мүшелері», «гүлдің құрылысы» атты тақырыптардағысабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.
Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.
Эссе - өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарыменинтегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдік пайдасы», «гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді.
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады
- оқушыны басқа жақтарынан таниды
- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады
- оқушының жұмысын бағалайды
Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады.
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:
- оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;
- оқушыларға өз пікірін айта білуіне;
- оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;
- шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.
Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
2 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру.

Модульдік оқыту технологиясының мәні: оқушы модульмен жұмыс істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл – оқу мазтұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін.
Модульдің құрамы:
- әрекеттің мақсатты жоспары;
- ақпарат банкі;
- дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау.
Бұл технологияны оқыту мазмұныаяқталған дербесақпарат блоктары түрінде ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға топтастырылады.Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады. Оның біріншісі – оқу мазмұның меңгеру деңгейі, екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес дайындалады.
Модульдер үш типке бөлінеді:
- танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады;
- операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады;
- аралас, алғашқы екеуін қамтиды.
Модульдік оқыту барысында өзіндік жұмысқа барынша көп уақыт бөлінеді,. Оқушы мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін байқап, сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқытуды субъект қатынасына негіздеп құруға көмектеседі.
Модульдік оқыту технологиясын сонымен бірге бақылау, талдау және түзетуді өзін өзі басқарумен үйлесімдікте іске асырады:
- жаңа модульмен жұмыс жасауға дайындық деңгейі қандай екенің білу үшін әрбір модуьді бастамас бұрын оқушылардың білім, білік, дағдыларын алдын ала бақылау жүргізіледі;
- қажет болған жағдайда оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүргізіледі;
- әрбір модульдің құрамдас бөліктерінің соныңда өзін өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, үлгімен сәйкестендіру түрінде ағымдық және аралық бақылаулар өткізіледі;
- қорытынды бақылау модульдің соңында жүреді.
Модульдерді кез келген оқыту жүйелерінде қолдануға болады. Ол оқытудың сапасын жақсартып, тиімділігін арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі оқытумен үйлестіру өте нәтижелі.
Модульдерді жасаудағы мақсат курс немесе курстың әрбір тақырыбының мазмұның педагогикалық, дидактикалық және кәсіптік міңдеттерге сәйкес құрамдас бөліктерге бөлу болып табылады. Одан кейінгі мақсат-барлық құрамдас бөліктер үшін оқытудың ең тиімді түрлері мен формаларын анықтап, оларды уақыт жағынан үйлестіру және бір кешенге біріктіру, кіріктіру.
Модульдерге бөлуоқу пәнінің түсініктемелік аппаратын жүйелі түрде талдауға негізделеді. Ол іргелі түсініктер тобын бөліп алуға, оқу материялдарын жүйелі, тиянақты етіп топтастыруға, курс ішіндегі немесе іргелес, туыс пәндерге тақырыптарды қайталауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Әрбір модуль қажетті дидактикалық, әдістемелік материялдармен, негізгі түсініктердің тізімімен, оқыту барысында қалыптасатын білік, дағдыларымен қамтамасыз етіледі. Әрбір модуль үшін оны меңгеру алдында оқушыға берілетін анықтамалық және иллюстративтік материялдар іріктеліп алынады. Сондай-ақ оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі дайындалуы тиіс. Әрбір оқушы бір модульден келесі модульге оқу материялдарын игеру қабілетіне қарай өз траекториясымен жүреді және ағымдық бақылау кезеңдерінен басқа оқушыларға қатыссыз өтеді.
Оқу материялдарын модуль бойынша құру – міңдетті және маңызды процесс, себебі ол:
- пән мазмұнын дамыту логикасын нақты айқындауға;
- осы мазмұнның бөліктері мен байланыстарын белгілеуге;
- олардың автономдылығының деңгейін анықтауға,
- олардың арасындағы логикалық байланыстарды тек мұғалімнің ғана емес, оқушының да толық түсінуіне жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Модульдің оқу материялдарының мазмұнын анық, дәл құру оқушылардың жетекші идеяларды, оқу пәнінің даму логикасын, жалпыланған білім жүйесін саналы меңгеруіне көмектеседі.
Оқу материялдарының мазмұның құру барысында оқу пәнін мұғалім белгілі бір жүйе ретінде қабылдауы тиіс. Логикалық құрылымды талдау графасы мұғалімге аталған модульді меңгерту кезіңде оқушыларда қандай арнайы, пәндік білік, дағдылар қалыптасуы керек және оны игеру процесін жеңілдету үшін қандай жалпы білік, дағдылар қолданылатының анықтауға көмектеседі. Қажетті біліктер мен дағдылар жүйесі оқушылардың жаңадан иергендерімен қоса, бұрынғы білік, дағдыларына сүйеніп қалыптасады. Оқушыда бұрыннан бар білік дағдылар танымдық іс әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгеру үшін негіз болып табылады. Оқу материялдарын модульде орналастыру, баяндау жүйесі оқушыларда іс әрекеттің жалпылама тәсілдерін құрастыру үшін жағдай туғызады. Нақтылы бір бала үшін жаңа болып табылатын маңызды білік, дағдылар туралы ақпараттар модульдің мазмұнына еңгізіледі. Бұл мағлұматтар әр түрлі әрекеттеріне арналған бағдарлық негіз түрінде беріледі. Ол оқу іс әрекетін күтілетін нәтижеге ғана бағдарлап қоймай, осы нәтижеге қол жеткізетін тиімді әдістерді іздеуге де көмектеседі. Бұл оқушылардың іс әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, модульдік оқыту процесінде өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарылатады. Мұны іске асыру модуль мазмұның құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда мүмкін болады.

2.1 Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік технологияның тиімділігі.

Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік – модульдегі басқару қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін-өзі бағалау қызметіменалмасады. Оқыту процесінің дамуына қарай мұғалім оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын болады. Оқытуды басқару біртіңдеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі басқаруға айнлажы.
Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән: оқытудың ақсатына – жеке тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға – теориялық жалпылау деңгейінде оқытудың мазмұны арқылы оқушылардың репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен қол жеткізеді.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін күтілетін нәтижеге және оған қол жеткізудің тиімді жолдарын іздеуге бағыттайтын мақсаттарды айқындау деңгейінде оқыту процесін дамыту бағыты беріледі, танымдық дербестігінің даму қарқыны анықталады. Оқытудың бастапқы кезеңінде бірінші модульмен жұмыс барысында оқушылар мұғаліммен бірге оқытудың мақсаттары мен міңдеттерін айқындайды. Модульдің құрамдас бөліктерінің бірінен екіншісіне көшкен уақытта дәл сол бөліктегі оқу материялдарын толық меңгерудің қажеттілігін, яғни келесі бөліктегі материялдарды онсыз түсінуге болмайтының оқушылардың саналы сезінуіне жағдай жасау керек. Осылайша оқушылар өз әрекеттерінің бағдарламасын өздігімен құруға біртіңдеп дағдыланады.
Модульдегі оқу материялдарын орналастырудың ерекшелігі олардың белгілі бір принциптер, заңдылықтар, жетекші идеялар деңгейінде игерілуін қамтамасыз етеді, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымдық дербестігі мен қабілеттілігін дамытады. Тек қарапайым міңдеттерді ғана емес, жаңа технологиялық және практикалық міңдеттерді шешуге итермелейді.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
1. Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды).
2. Өзін - өзі бағалау.
3.Топтық жұмыстағы белсенділік.
4. Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі.
5.Еркін тәрбиеге баулу.
Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде оқушының ізденісі, қызығуы жалпы білім деңгейі артады.Қорытынды бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ басы бойынша қорытынды баға шығарылады.
Оқуциклі ретінде ұдайы қайталанатын модульді өзінің құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену), сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың іс әрекеттерін ұйымдастыру), қорытынды бөлімі (бақылау жұмысын алу). Әр модульге сағат саны әртүрлі беріледі және баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды.
3 Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын биология сабақтарына еңгізу жолдары.

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен еңгізу.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны «модульдерге» бөлінеді. Модуль дегеніміз – мазмұны, талабы ортақ бірнеше тақырыптардан тұратын, күнтізбелік жоспардағы әрі бақылау жұмысының арасында өтілетін оқу атериялдары. Әр сабақ соңында үш сабақ ерекше болады:
- қорытынды өздік жұмыс сабағы;
- қатемен жұмыс сабағы;
- бақылаужұмыс сабағы.
Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады:
- әр тақырыптың 1 –деңгейінің тапсырмаларын міңдетті түрде және дұрыс орындаған үшін «зачетін алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 процент үлгеруіне кепілдік алады»;
- әр тақырып бойынша қорытынды баға оның әлі келгенше еңбектеніп жинап алған ұпайына сәйкес қойылады;
- әр оқушы үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай саралап беріледі,
- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынан дарының ашуға жағдай жасалынады.
Рейтинг жүйе бойынша бағалау.
Деңгейлеп саралап оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Аталған жүйе оқушылардың оқу сапасын, білімді игеру дәрежесін барынша толыққанды көрсетеді. Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына мүмкіндік жасайды. Рейтингтің арқасында ұстаз бен шәкірттің арасында оқушының ақыл – ой әрекетінің басқа да сипаттамалары, атап айтсақ, орындау тездігі, түсінігінің тереңдігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді.
Рейтинг жүйесінің артықшылықтары оқушы қызметінде:
1. Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;
2. Пәнді оқытуды ізгілендіру ұстамына жәрдемдеседі;
3. Оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады;
4. Рейтингті бақылау қызметі тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рөл де атқарады.
5. Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл – ой әрекетінің сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну тереңдігі т.б. көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады;
6. Жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап – бағалау дағдысын қалыптастырады;
7. Ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді.
Мұғалім қызметінде:
1. Оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдері алдын ала белгілі жүйеге келтіру мүмкіндігі бар;
2. Бақылау үлгілерін, бағалаудың қалыпты критерийінжасау;
3. Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгеру;
4. Сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл – күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқыту – оқушының жеке бас ерекшелігі, рухани дүниесі, қабілеті, бейімділігін ескере отырып, оқу процесі арқылы әр оқушының өз бетінше танымдық қызметін, белсенділігін дамытуды көздейді.

Қорытынды.

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту
процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – Москва, 1991.

2. Занков Л.В. Беседы с учителями. Изд. 2-ое-Москва, 1975.

3. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. № 1,2,3,4. 1998.

4. Әбеуова И. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту. «Дауыс және көрініс» журналы. №1, 2001.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.