Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бунақденелілердің дамуы -

Бунақденелілердің дамуы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 318 | Просмотров: 2375 | Размер: 14.9 Kb | Автор: bibigul
. Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Молдахметова Салия Қайыртайқызы. 6 «б» сыныбы.
Оқушының саны 18 Ақмола облысы
Степногорск қаласы.
№1 Бестөбе орта мектебі

Сабақтың атауы Тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы
Сілтеме Жүнісқызы.К, Әлімқұлова Р, Жұмағулова К, 6 сынып оқулығы. 156-159 бет.
Слайдтар.
Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Бунақденелілердің тіршілік әрекетімен,даму сатысымен,табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру
Міндеттер:
1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
2. Ұйымшылдыққа,шығармашылыққа,ізденіске баулу
3. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру
2.Оқушының деңгейлік тапсырманы игеруі
3.Оқушылардың өзін-өзі бағалауды қалыптастыру
Тренинг Бунақденелілердің даму сатыларына байланысты ойын ұйымдастыру
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже 1.Бунақденелілердің дамуы туралы білімнің кеңейту;
2.Жаңа ақпаратты беру барысында бунақденелілердің құрлысымен тіршілік ортасына тоқталу ;

Тапсырмалар
беттерінен жүктелген дереккөздер

І.Қай бунақдене қай тәсілмен дамиды?(әріп пен сәйкес сандарды,қосып жазу керек) А. Шала түрленіп даму;
Ә.Толық түрленіп даму;
1. Сүңгір қоңыз 5. шегіртке
2. Инелік 6. маса
3. Үй шыбыны 7. Тарақан
4. Түкті ара 8. Дәуіт

ІІ.Түрленіп дамудың бунақденелілер үшін қандай маңызы бар?мәлімет жинау.
Қазақстандағы омыртқалы жануарлары энцеклопедиясы.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин
№2 сабақ. Тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы

Слайд 1 Гидра,шұбалшаң,өрмекшілердің көбею жолдары? /0,5мин/
сонымен Гидра,шұбалшаң,өрмекшілердің көбею жолдарын қане кім айтады?(әрқайсысына жеке тоқталу)
/оқушылардың жауабын тыңдаймыз / 5 мин/

Көбеюдегі маңыздылығы? /0,5мин /
Оқушы жауабы /0,5 мин/

Қызығушылығын ояту (әр топқа бунақденелілердің дайын макеттерін тастау)
Енді балалар бунақденелілердің даму сатысына тоқталайық
Қандай бунақденелілерді білесіндер?
Оқушылар жауабы /0,5 мин/

Мұғ. флип чарт, фломастер тарату
Берілген материалдарға сүйене отырып түсінгенін флипчартқа түсіру,топта қорғау? Слайд 2
Оқушылар жауабы /10 мин/
1.топ, сипаттама
2.топ,құрылысы
3.топ,тіршілік ортасы
4.топ,ауыз мүшелерінің сан алуандығы
5.топ,көбеюі
(өз-өздерін оқыту)

Әр топтағы берілген мағлұматтарға сүйене отырып,бунақденелілерге эссе жазу /3мин/ (топ ішінде талқылап)ең жақсы жазған оқушы ортаға шығып оқиды. Слайд 3
Оқушылар жауабы /5мин/

Бекіту слайдпен
слайдта жеке-жеке шығару/(5мин)


1) Бунақденелілер неліктен буынаяқтылар типіне жатқызылған?
2) Бунақденелілерді зерттейтың ғылым қалай аталады?
3) Бунақденелілердің табиғаттағы рөлі?
4) Көкқасқа шегіртке неге өте қауіпті жәндік болып табылады?
5) Бунақденелі жәндіктердің ауыз құрылысындағы ерекшеліктері?
6) Шала түрленіп даму деген не? Мысал.
7) Толық түрленіп даму деген не? Мысал.
8) Бунақденелілердің адам өміріндегі пайда зияны – қандай?
9) Бунақденелілер қайда кездесетін жәндіктер?
10) Бунақденелілер қалай тыныс алады?
11) Бунақденелілер неше бөліктен тұрады? Дене бөліктеріне қандай мүшелері сәйкес келеді?

7. Бағалау 5мин

Мұғалім көшбасшы(2)
Бағалау критерийларын ескеріп отыру?
• Ұйымшылдық
• Белсенділік
• Материалдың жинақылығы
• ортасы
• Көбею.
• Құрылысы
• Тіршілік жолдарын

5 Слайд Үйге:Оқулықта 162бет I тапсырма

І.Қай бунақдене қай тәсілмен дамиды?(әріп пен сәйкес сандарды,қосып жазу керек) А. Шала түрленіп даму;
Ә.Толық түрленіп даму;
1. Сүңгір қоңыз 5. шегіртке
2. Инелік 6. маса
3. Үй шыбыны 7. Тарақан
4. Түкті ара 8. Дәуіт

ІІ.Түрленіп дамудың бунақденелер үшін қандай маңызы бар?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.