Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бунақденелілердің көптүрлілігі және маңызы -

Бунақденелілердің көптүрлілігі және маңызы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 539 | Просмотров: 4594 | Размер: 28.4 Kb | Автор: bibigul
. Байқоңыр қаласы
М. Әуезов атындағы
№ 6 жалпы білім беретін орта
мектептің биология пәні мұғалімі
Жанузакова Акмарал Бегайдаровна

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көптүрлілігі және маңызы
Сабақтың мақсаты:
білімділігі– бунақденелілер көптүрлілігін айқындау, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
дамытушылығы – оқушылардың ойлау, есте сақтау, өз бетінше іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелілігі – оқушылардың тірі ағзаларға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортадағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікірлесу, іздендіру, сәйкестендіру.
Технология: сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық – коммуникациялық
технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тірек-сызба, бунақденелілердің суреттері
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) сабаққа психологиялық даярлық жасау;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыбы Бунақденелілер класы
«Сұрақ менен, жауап сізден»
1. Бунақденелілердің сыртқы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
2. Бунақденелілердің аяқтарының құрылысы қандай?
3. Бунақденелілерде қандай қанаттар болады?
4. Бунақденелілердің жүйке жүйесі мен сезім мүшелері қалай құралған?
5. Бунақденелілердің көзіне сипаттама беріңдер.
6. Бунақденелілердің қанайналым және тыныс алу жүйесін түсіндір?
7. Бунақденелілердің асқорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесі қандай?
8. Бунақденелілердің ауыз аппараты мен даму жолын сипатта.
ІІІ.Өтілген сабақты қорытындылау
«Артығын тап» (интерактивті тапсырма)
Мақсаты:бунақденелілердің арасынан басқа буынаяқтыларды ажырату.
VІ. Жаңа сабақты талдау
1.Бунақденелілер класының көптүрлілігі:
• алғашқы қанатсыздар
• қанатты бунақденелілер

2. Бунақденелілердің маңызы

Бунақденел ілер класы

Алғашқы қанатсыздар
класс тармағы: камподия, аяққұйрық, қанатты қабыршақ
Қанаттылар
класстармағы: көбелек, ара, шыбын, инеліктер және т.б

Бунақденелілер класы — жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай, көп таралған жәндіктер тобы. Сондықтан бұл класс екі класс тармағына бөлінеді: біріншісі — алғашқы қанатсыздар, екіншісі — қанаттылар.
Алғашқы қанатсыздар класс тармағы ең қарапайым құрылысты бунақденелілер, оларда ешқашан қанат болмаған. Бұлар жай көзді, тура дамитын жәндіктер. Алғашқы қанатсыздар класс тармағына камподия, аяққұйрық, қанатты қабыршақ жатады. Олар жер шарының барлық бөліктерінде кең тараған. Терісінің жұқа болуына байланысты күн сәулесі түспейтін ылғалды жерлерді – топырақ астын, орман төсенішін, шіріген өсімдіктердің, мүктердің арасын мекендейді. Дене тұрқы 1-3 мм болады, ең ірілері 50 мм-ге жетеді. Көкірегінде аяқ жұрнақтары сақталған. Алғашқы қанатсыз жәндіктер көбінесе шіріген органикалық қалдықтармен қоректеніп, топырақ түзу процесіне қатысады. Ал қанаттылар – жоғары деңгейде дамыған жәндіктер. Көпшілігінде қанат болады. Кейбіреулерінде қанат болмайды. Бұл паразитті тіршілік қалпына көшуіне байланысты пайда болған екінші реттік белгі. Қанаттылар класс тармағының саны өте көп. Сондықтан қанатты бунақденелілер класс тармағына тоқталу қажет. Жалпы бунақденелілер класының 35 отряды бар. Олардың ішінен өз жерімізде тіршілік ететін түрлерімен танысамыз.
Қанаттылар отряды:
• турақанаттылар – шегіртке, шекшек, бұзаубас
• қатқылқанаттылар – қоңыздар
• қабыршаққанаттылар – көбелектер
• қосқанаттылар – маса, құмыты, шіркей, шыбын
• жарғаққанаттылар – құмырсқа, балара, шаншар
• теңқанаттылар – бітелер.
Турақанаттылардың алдыңғы қанаты қатқылдау денеге тура орналасқан.
Турақанаттың астында жалпақтау келген екінші жұбы жарғаққанаты бар.
Ауыз мүшесі кеміруші, артқы аяғы ұзын болғандықтан ұзаққа секіре алады.
Қоңыздардың үстіңгі жұбы-қатқыл, дөңестеу, хитинді тақташадан құралған. Сондықтын қатқылқанаттылар деп аталған.

Көбелектердің қанаттарын хитинді ұсақ қабыршақ қаптайды. Сондықтын қабыршаққанаттылар деп аталған. Қосқанаттылар ең ұшқыр жәндіктер. Бұларда тек алдыңғы екі қанат болады. Соңғы екі қанаты өзгеріп ызылдауыққа айналған. Жарғаққанаттылардың мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары болады. Бұлар қоғам болып тіршілік ететін бунақденелілер. Семьяда атқаратын қызметіне байланысты полиморфизм (сыртқы айырмашылықтар) жақсы көрінеді. Мысалы, бал аралардың семьясында аналық араны, жұмысшы араны және аталық араны ажыратады. Аналық ара ұрықтанған соң ұшу қабілетін жояды, көп мөлшерде жұмыртқа салады. Өзін қоректендіріп, күтетін жұмысшы араларға тәуелді болады. Денесі қампиған өсімдік шырынымен қоректенетін ұсақ жәндіктер. Ерекшелігі аталықтарында көлденең жүйкелі қанаты болады, аналықтары қанатын жойған.
2. Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы
(Бунақденелілердің маңызы мен қиқоңыздың тіршілігі туралы видеоролик көрсетіледі)
Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі қандай пайда-зиянын білдіңдер? Қиқоңыздың қандай пайдасы бар?
Бунақденелілердің пайдасы:
• өсімдіктерді тозаңдандырады
• топырақты қопсытады, топырақ түзуге қатысады
• зиянкестерді жояды
• бал және балауыз береді
• жібек алу үшін өсіріледі
• санитарлық қызмет атқарады
• тағам ретінде пайдаланылады.
3. Бунақденелілердің зияны:
• ауру таратады
• ауыл шаруашылығының зиянкесі
• жеміс - жидектерге, көкөніс дақылдарына зиян
• үй жиһаздарына, азық - түлікке зиян
V. Бекіту.
1-тапсырма.«Жүйелеуге кім жүйрік?»
Бунақденелілер систематикасын құру. Алдымен бунақденелілер систематикасын құрмас бұрын өткенді еске түсіре отырып, мына сұрақтарға жауап береміз.
1. Патшалық нешеге бөлінеді? Бунақденелілер қандай патшалыққа жатады?
2. Бунақденелілер қандай типке біріктіріледі?
3. Буынаяқтылар класы нешеге бөлінеді?
4. Бунақденелілер неше класс тармағына бөлінеді?
5. Бунақденелілер қандай белгілеріне қарай отрядқа бөлінеді?
6. Ұқсас түрлер неге біріктіріледі?
7. Жүйелеудегі ең кіші өлшем бірлікті ата.
Мына бунақденелілерді жүйелейміз: бал ара, бөлме шыбыны, шалғындық инелік, зауза қоңызы және т.б.

Патшалық: жануарлар
Типі: буынаяқтылар
Класы: бунақденелілер
Класс тармағы: қанаттылар
Отряды:жарғаққанаттылар
Туысы: аралар
Түрі: бал арасы
2-апсырма: Сәйкестендіру тесті
Отряды Түрлері
1. Турақанаттылар отряды
2. Жарғаққанаттылар отряды
3. Теңқанаттылар отряды
4. Қатқылқанаттылар отряды
5. Қосқанаттылар отряды
6. Қабыршаққанаттылар отряды а) қоңыздар
ә) шегіртке, шекшек, бұзаубас
б) құмырсқа, балара, шаншар
в) бітелер
г) көбелектер
д) маса, құмыты, шіркей, шыбын
Жауабы: 1-ә; 2-б; 3-в; 4-а; 5-д; 6-г
VІ. Өтілген сабақты қорытындылау
Жәндіктерсіз өмір не болар еді? (пікірлесу)
Егер жер бетінде барлық жәндік атауы жойылып кетсе не болар еді?
(Оқушылардың пікірін тыңдау)
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Егер жер бетінде барлық жәндік атауы жойылып кетсе далалар мен ормандар, гүлге тұнған шалғындықтар адам танымастай өзгереді.Сөйтіп, біртіндеп барлық гүл атаулы жоғалып, біздің көзіміз ондай құлпырған әр түрлі әсем гүлдерді көріп, қуана алмай қалады. Көптеген құстар жоғалып, орман – тоғай өлі, қараңғы түнекке айналар еді. Жер беті біртүрлі гүлсіз, иіссіз өсімдіктердің шөліне айналар еді. Ал тіршілік иесі – адамзат болса қуанышсыз, мардымсыз өмір кешері анық. Сондықтан біздің тілегіміз, жер бетіндегі барлық жәндіктер, мейлі, ол жақсы болсын, жаман болсын тіршілігін жоймасын. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Рефлексия
1. Бүгін мен білдім…
2. Қызықты болды…
3. Қиын болды…
5. Мен үйрендім…
6. Мен өміріме қажетімді алдым…
VІІ. Үйге тапсырма беру
Мәтінді оқу, 202 – беттегі жаттығуларды орындау.
VІІІ. Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.