Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Дені саудың – жаны сау» -

«Дені саудың – жаны сау»

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2215 | Размер: | Автор: bibigul
. Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»
Сабақтың мақсаты: «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер
Сабақ барысы: «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбатта та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық әлеміне» саяхат жасаймыз.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер! Бүгінгі « Дені саудың – жаны сау» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Ойынымызды бақылап отыратын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1. 2. 3.
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
Ұйымдастыруы: Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.Олар
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны)
2. Бәйге сайысы
3.Мақалды жалғастыру
4. Сөзжұмбақ
5. Сұраққа жауап
6.Заңғар сөзімді аңғар.
7. Қол күрес
Ат өнері білінбес
Бәйге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес
Қоян-қолтық алыспай. Демекші топтарымызды айта кетейік
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ 5-топ
І. Таныстыру (топтың аты, ұраны)
II. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?
/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)
ІІІ. Мақалды жалғастыру
1.Жығылып жатып................. /сүрінгенге күлме/.
2.Күлме досыңа...................../келер басыңа/.
3.Ауру қалсада.................... /әдет қалмайды/.
4.Әдепті бала арты бала......./әдепсіз бала сорлы бала/
5.Ұяда не көрсең.................../ұшқанда соңы ілерсің/
6.Жаксыдан үйрен................/жаманнан ширен/
7.Жаксы туса - ел ырысы....../жаңбыр жауса - жер ырысы/
8.Қызым саған айтам.........../келінім сен тыңда/
9.Дария жанынан................./құдық қазба/
10.Умен ойнама батарсың...../отпен ойнама жанарсың/
11.Ағасы бардың - жағасы бар..../інісі бардың тынысы бар/
12.Жылы - жылы сөйлесең....../жылын інінен шығады/
13.Атаның баласы болма......./адамның баласы бол/
14.Әдепті бала ата - ана мақтар..../әдепсіз бала ата - анасын қаксатар
15. Тазалық – денсаулық кепілі.
16.Көзің ауырса, қолыңды тый....\Ішің ауырса, ауызыңды тый.
17.Ауру қалса да.........\әдет қалмас.
18. Ауырып ем іздегенше........\Ауырмаудың жолын ізде.
19. Күш білімде.......\Білім кітапта.
20. Білекті бірді жығады...........\Білімді мыңды жығады.
IV. Сөзжұмбақ
V. Сұраққа жауап
VI. Заңғар сөзімді аңғар әр топтан ..............................................
VII.«Күш атасын танымас» дегендей енді сайыскерлеріміздің күш сынасуын байқайық.
Ата – бабаларымыз ұлан-ғайыр жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен талай жаудан қорғаған. Ал, енді ХХІ ғасыр азаматтарын ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрсетсін.
Әр командадан бір оқушыдан шақырамыз.
Қорытынды сөз кезегін ағайлармен апайларға сөз кезегін береміз
Бойларында от бар екен байқадым,
Бойларында шоқ бар екен байқадым
Ешқашанда осы шоқты өшірмей,
Әрқашанда биіктерге тұр деймін

Қорытынды: «Дені саудың – жаны сау» атты сайыс сабағымыздысоңына келіп жеттік. Әр адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек. Бізге өте қымбат дүние десек те болады. Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болулары керек. Сайыс сабағымызға ат салысып қатысқандарыңыз үшін өте ризамыз. Міне, біз осындай әдемі сөздермен Сайыс сабағымызға бүгінгі аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.