Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары. -

Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2470 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Биология. 10 «Б»- сынып. 05.02.2013 ж.
Сабақтың тақырыбы: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары.
Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру және Мендельдің тәуелсіз ажырау заңдылығымен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларға дигибридті будандастыру кезіндегі бұршақ тұқымының пішіні мен түсінің тұқым қуалауы туралы білімін арттыра отырып, Мендельдің үшінші тәуелсіз ажырау заңдылығымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды қосымша есептермен жұмыс істеу қабілетін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, слайд.
Сабақтың пән аралық байланысы: математика, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек-сызбалар, магниттік модельдер.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.
II. Пысықтау. 4 мин. (1- 3 слайд)
III. Үй тапсырмасын сұрау сөзжұмбақ арқылы. 4 мин. (4 - слайд)
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин. (5 - 8 слайд)
V. Білімді бекітуге арналған есептер. 13 мин. (9, 10 - слайд)
VI. Үйге тапсырма беру. 1 мин. (11- слайд)
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.
VIII. Қорытынды сөз. 1 мин. (12 - слайд)
Сабақтың барысы:
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
II. Пысықтау.
1. Генетика терминін алғаш ұсынған ғалым? У.Бэтсон
2. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің негізін қалаған ғалым? Г. Мендель
3. Мендельдің бірінші заңы? Біркелкілік заңы: бір- бірінен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырса бірінші ұрпақта генотипі де, фенотипі біркелкі будандар алынады.
4. Мендельдің екінші заңы? Ажырау заңы: бірінші ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді. Ажырау арақатынасы фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 тең болады.
5. Моногибритті будандастыру дененіміз не? Бір жұп белгілерінде ғана айырмашылығы бар ата- аналық формаларды будандастыру.
6. Гамета тазалығы дегеніміз не ? Будан организмінің гаметасында аллельді гендердің бір- бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталуы.

III. Үй тапсырмасын сұрау сөзжұмбақ арқылы
1. Ата- аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы?
2. Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырған дат биологы?
3. Ата- аналары бір- бірінен бір жұп белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру?
4. Қарама- қарсы белгілерді анықтайтын жұп гендер?
5. Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы?
6. Бірыңғай доминантты немесе рецессивті аллельдерден тұратын организм?
7. Мендельдің I заңы?
8. Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгі?

VI. Жаңа тақырыпты түсіндіру, слайд:
1. Моногибридті мен дигибридті будандастырудың айырмашылықтары
2. Бұйра шашты, қара көзді қыз бен түзу шашты, көк көзді жігіт некелескенде, бірінші ұрпақта балалары түгел бұйра шашты, қара көзді болады. Ал осы ұрпақтағы бұйра шашты, қара көзді қыз өзі бұйра шашты, қара көзді жігітке тұрмысқа шықса, түзу шашты, көк көзді балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?
3. Тегіс сары бұршақ пен жасыл бұдырлы бұршақ.
4. Сары А,тегіс В, жасыл а, бұдырлы в
5. Гаметалардың түзілуі
6. Пеннет торы
7. Гаметалардың үйлесуі
8. Фенотипі бойынша арақатынасы: 9:3:3:1. Генотипі бойынша: 1:2:2:4:1:2:1:2:1

Ал, өткен сабақта біз осы басымдылық көрсететін белгілерді қалай белгіледік және оның қайсысын гомозигота деп, ал қайсысын гетерозигота деп атадық?
Оқушылардың өткен сабақтан түсініктері.Моногибридті будандастырған кезде біз тек бір белгі бойынша есептеулер жүргіздік. Ол: АА сары түсті бұршақ және аа жасыл түсті бұршақ. Ал бүгін біз осы бұршақтарды екі белгі бойынша будандастырамыз. Яғни, түсі және пішіні жағынан. Тұқымның сары түсін анықтайтын генді — А (доминантты), жасыл түсті — а (рецессивті) тұқымның тегіс пішінін анықтайтын генді — В (доминантты), бұдыр пішінді — b (рецессивті).
Осылай будандастырған кезде біз белгіленуді былай жазамыз: ААВВ (сары тегіс) және аавв (жасыл бұдыр) және енді оларды біз гомозигота, гетерозигота деп атамаймыз. Оларды дигетерозигота деп атаймыз (екі-екіден ген түсі және екі-екіден ген пішіні бар). Тұқымның түсін және пішінін анықтайтын гендер әр хромосомада орналасқанДигибридті будандастыру деп қарама-қарсы екі жұп белгі бойынша ерекшеленетін аталық, аналық формаларды будандастыруды айтады. Дигибридті будандастыру қарама-қарсы жұптардың тәуелсіз тұқым қуалайтын белгілер бойынша айқындалады. Мендель дигибридті будандастыруға белгілердің бір-бірінен тұқымының пішіні және дәнінің түсі арқылы ажыратылатын бұршақты тәжірибеге пайдаланды. Дигибридті будандастыру кезінде буданның бірінші ұрпағы ата-анасының екі белгісі бойынша басым болады. Егер Ғ1 будандары өздігінен тозаңданса, онда Ғ2 ата-ананың екеуінің де жаңа белгілері бар формалар шығады. Яғни будандастыру кезінде жұп белгілер тәуелсіз тұқым қуалайды. Бұл Мендельдің 3 заңы деп аталады. Ғ2 белгілердің фенотипі бойынша ажырауы 9:3:3:1 қатынасында болып, генотипі бойынша 4:2:2:2:2:1:1:1:1 сан қатынасында болады.
4-АаВв
2-ААВв
2-АаВВ
2-Аавв
2-ааВв
1-ААВВ
1-ААвв
1-ааВВ
1-аавв .
Бірінші ұрпақ буданы екі жұп аллельдер бойынша дигетерозигота болғандықтан (АаВb), төрт типті гамета түзеді, себебі А және В гендер гомологті емес хромосомаларда орналасқан. Ал хромосомалар мейоздық бөлінудің I анафазасында полюстерге бір-бірінен тәуелсіз ажырайды. Хромосомалардың тәуелсіз үйлесуіне сәйкес гаметалардың түзілуін мынадай әдіспен шешуге болады. Жасушаның мейоздық бөлінуінде А гені бар хромосома В және b аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің ықтималдығы бірдей болғандықтан, үйлесуі АВ және Аb болады. Осы сияқты а гені бар хромосома В және b аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің мүмкіндігі бірдей болғандықтан, аВ және ab гаметалар түзіледі.
Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.Ғ2 ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы мынадай 9:3:3:1 сандар қатынасында болған. Сонда 9 өсімдіктің тұқымы сары, тегіс; 3 өсімдіктің тұқымы сары, бұдыр; 3 өсімдіктің тұқымы жасыл, тегіс; 1 өсімдіктің тұқымы жасыл, бұдыр болған. Дигибридті будандастыруда Ғ2 кезінде генотип бойынша ажырауы (1:2:1:2:4:2:1:2:1) белгілердің екі жұбының әрқайсысының 1:2:1 қатынасында ажырауын көрсетеді.Мендель дигибридті будандастыру кезіндегі екінші ұрпақта белгілердің 9:3:3:1 қатынасында ажырауын сараптай келе белгілердің тәуелсіз ажырау заңын тұжырымдады. Бұл заңда "будандастыру жағдайында жұп қарама-қарсы белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды және әр жұп белгілердің ажырауы 3:1 қатынасында жүреді" делінген.
V. Білімді бекітуге арналған есептер
ЕСЕП: Қарбыздың сырты жасыл және жолақ-жолақ болады, ал формасы жағынан – сопақша және домалақ болып келеді. Сопақша келген жасыл гомозиготалы қарбызды, домалақ жолақ – жолақ гомозиготалы қарбызбен будандастырған. F1 – та домалақ жасыл қарбыздар пайда болған. F2 қандай?
ШЫҒАРЫЛУЫ: Есептің мазмұнына қарай түсі жағынан жасыл, ал формасы жағынан домалақ белгілердің доминантты екенін байқадық.
I. Жасыл түс – А
Жолақ – жолақ түс – а
II. Домалақ форма – В
Сопақша форма – в

I. P ♀ AА вв x ♂ аaВВ
G Ав аВ
F1 Аа Вв

II. P ♀ Aа Вв x ♂ АaВв




АВ
Ав
аВ
ав

АВ
ААВВ

ААВв
АаВВ
АаВв

Ав
ААВв
ААвв

АаВв
Аавв

аВ
АаВВ
АаВв
ааВВ

ааВв

ав
АаВв
Аавв
ааВв
аавв
G

F2


ЖАУАБЫ: Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді. Демек, 9 A – B – жасыл түсті, домалақ формалы. 3A – вв жасыл түсті, сопақша формалы, 3 ааВ – жолақ – жолақ, домалақ формалы, 1аавв жолақ – жолақ, сопақша формалы.

ЕСЕП: Қара көзді (доминантты белгі) солақай (рецессивті белгі) еркек, көк көзді, оң қолымен жақсы пайдалана алатын әйелге үйленді. Осы семьяда көк көзді, солақай бала туды. Осы аталған адамдардың генотипі қандай?
I. Қара көз – А
Көк көз– а
II. Оң қолдылық – В
Солақай – в

III. P ♀ ааВв x ♂ Аавв
G аВ Ав
ав ав



аВ
ав

Ав
АаВв
Аавв

ав
ааВв
аавв
G

F

ЖАУАБЫ: Әкесінің генотипі - Аавв
Шешесінің генотипі - ааВв
Баласының генотипі - аавв
VI. Үйге тапсырма беру § 39 Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары. 173 беттегі есептер.
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VIII. Қорытынды сөз. Екі жұп қарама- қарсы белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.
Бір бірінен айқын екі жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда, екінші ұрпақта ата- аналарына ұқсамайтын жаңа формалар пайда болады. Ол- белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.