.
.
Cабақтың тақырыбы: Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4522 | Размер: | Автор: bibigulСабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды эволюциялық ілім негіздерімен таныстыру.
2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын артыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Дәріс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, әдебиет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, ақпаратты оқыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Эволюция дегенге қалай түсінеміз?
Эволюциялык ілім — тіршіліктін жалпы зандылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді, оның негізін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин салған.
Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы- қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Тірі табиғат туралы түрлі мағлұматтарды жинастырып, жүйеге келтіру Ежелгі Грекияның ұлы ғалым-философтары Аристотель, Теофраст, Гиппократ есімдерімен тығыз байланысты.
Философ әрі жаратылыстану зерттеушісі Аристотель "Жануар¬лардын тарихы", "Жануарлардың бөліктері туралы" деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. Әр түрлі жануарлардын морфологиясы мен анатомиясын, тіршілігі мен түйсікті сезімін зерттеп, біршама жаңалыктар ашты. Акула мен жыландардың тірі туатындарының болатындығын, аталық араның (трутень) ұрыктанбаған жұмырткадан дамитындығын анықтады. Көртышканның көзі, қара шегіртке мен балыктың есту мүшелері рудиментті (калдык) мүшелерге жататындығын дәлелдеді. Жануарлардын қысқы ұйқыға кетуін, жәндіктердің шала және толык түрленіп дамуын зерттеді. Аристотель 454 жануардың сыртқы және ішкі кұрылысын, тіршілігін зерттеп туыстык жағына, сырткы белгілеріне қарап алғаш жіктеді.. Аристотельдің шәкірті Теофраст (б.з.д. 372—287 жж.) өсімдіктер мен жануарлардың биологиясын зерттеді. Өсімдіктерді сипаттағанда оның адам өміріндегі маңызына, ағаш көмірін, шайыр затын алу жолдарына көңіл бөлді. Дәрілік өсімдіктердің адам организміне әсеріне ерекше мән беріп, тіршілік ортасы мен климат жағдайын коса зерттеді. Грекия аймағындағы өсімдіктердің 500-ге жуык түрін аныктаған. Тропикте өсетін бамбук, банан, пальма, лимон, мимоза, макта, лотос, папирус, т.б. өсімдіктердің толык сипаттамасын жазып калдырды.
Көне дәуірде Қытай, Үндістан, Египетте тірі организмдер туралы нақты мөліметтерді пайдаланудың көп пайдасы тиді. Жабайы жануар¬ларды колға үйрету, мәдени есімдіктердің коптеген іріктемелерін алу жүмыстары колға алына бастады. Сонымен орта ғасырдың озінде де тірі табиғат туралы Аристотельдің жазған енбектері ен құнды болып есептелді.
2. Қайта өркендеу (дәуірлеу кезеңі) кезеқіндегі эволюциялық идеялар. XV ғасырдың екінші жартысында жаңа елдер ашылып, тауар өндірістері мен сауда жүмысы каркынды дамыды. Мұндай жетістіктер жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің көбеюіне жол ашып, кайта оркендеу дәуірі басталды. Жана ашылған елдерден Еуропаға бүрын белгісіз болып келген жануарлар мен осімдіктердің түрлері әкелінді. Үндістан мен Америкадан — калампыр, картоп, жүгері, темекі, кызанак, асқабак, какао өсімдіктері алынды. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін, олардың пайдалы және зиянды жактарын сипаттады. Өсімдіктер мен жануарларды тек сипаттап қою жеткіліксіз болды. Енді кұрылысы мен тіршілігі жағынан ұқсас келетін өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, жүйелеу жағына кеңіл аудару кажеттігі туындады.
ІІІ. Бекіту тапсырмалары:
1) Аристотельдің жаратылыстану ғылымына сіңірген еңбектерін мысалмен талдап дәлелдеңдер
2) Теофрастың Грекия аймағындағы сипатталған өсімдіктері мен қайта өркендеу дәуірінде Еуропаға әкелінген өсімдік түрлерін бөлек кестеге толтырыңдар
ІV. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Коацерват дегеніміз не?
- А.И. Опариннің тұжырымының мәні?
- Алғашқы атмосфера құрамын сипатта?
- С.Фокс пікірі қандай?
- С.Миллер мен Г.Юридің тәжірибелерін сипатта.
- Тіршіліктің пайда болуындағы қандай негізгі кезеңдерді ата?
2) Біліміңді сына 24 бетте
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру. §5 Сұрақтарға жауап беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.