.
.
Сабақтың тақырыбы: §30 Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 301 | Просмотров: 2917 | Размер: 62.0 Kb | Автор: bibigulСабақтың мақсаты: Оқушыларға ертедегі және осы заманғы адамдардың ерекшеліктерімен, олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын, өмір сүру мәдениетімен таныстыру. Оқушыларға ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдардың ежелгі адамдардан айырмашылығын көрсете алатын деңгейге жеткізу. Адамның тірі организмдердің ең биік сатысына көтерілуі еңбектің арқасы екендігін айта отыра, балаларды адал еңбек етуге, рухани жағынан өсуге тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жасалынған дидактикалық тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымызбен таныстыру. Үй жұмысын тексеру
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ. Пысықтауға арналған тапсырмалар
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма Қорытындылау.
Үй жұмысын тексеру
№1 тапсырма
№2 тапсырма
№3 тапсырма
№4 тапсырма
№1 тапсырма Адамның жүйелеудегі орнын анықтау. Кестеде адамға тән қасиеттер берілген, тек оларды омыртқалылар отрядына, сүтқоректілер класына және ұрықжолдастылар класс тармағына бөлу керек.
Тән қасиеттер Омыртқалылар отряды Сүтқоректілер класы Ұрықжолдастылар класс тармағы
1. Жүрегі төрт қуысты
2. Ұрпақ жатырда дамиды
3. Ми қыртысы өте жақсы жетілген
4. Денесінде түктері бар
5. Жүрегі кеуде жаққа қарай орналасқан
6. Омыртқа жотасы бар
7. Ұрықжолдасы арқылы қоректенеді
8. Тістері жеке топтарға бөлінген
№2 тапсырма Адам денесіндегі кейбір белгілер
№ Денедегі белгілер Рудимент Атавизм
1 Құлақ маңындағы бұлшықет
2 Денедегі қалың түк
3 Көп емшектілік
4 Терідегі түктер
5 Соқырішек
6 Құйрықты адам
№3 тапсырма Ұрықтың дамуындағы дұрыс жолды анықтаңыз
А) морула-зигота—бластуляция—бластула—гаструла—нейрула
Ә) зигота—морула—гаструла—бластула-бластуляция-нейрула
Б) зигота—морула—бластуляция—бластула—гаструла—нейрула
В) морула—зигота—бластула---бластуляция---нейрула
№4 тапсырма Төмендегі сұрақтарға бір сөзбен жауап жазыңыз
1. Тік жүретін адамның ғылыми атауы
2. 2. 1891 жылы архантроптарды тапқан ғалым?
3. Эжен Дюбуа ежелгі адамдарды қалай атады?
4. Ежелгі адамдардың ми салмағы
5. Архантроптар жер бетінде қай кезеңде өмір сүрген?
6. Архантроптардың бойларының ұзындығы қанша?
7. Архантроптардың бір тобы
8. 1907 жылы Германияда табылған қаңқа қалай аталады?
9. Тарихи даму кезеңіндегі негізгі әлеуметтік факторы
10. 1928 жылы Қазақстанның қай жерінен ежелгі адамдардың құралдары табылды?
Жаңа сабақ (Тақтада жазылған сызбалар арқылы оқушылардың өздерін сөйлету, ежелгі адамдармен салыстыра отырып айтқызу)
Палеантроптар Қазіргі адамға ұқсас
1848 ж Еуропадан қаңқасы табылған Миының көлемі 1400гр
155-165см Ертедегі адамдар 1,5-250 000 ж.б.
1856 ж Неандерталь өзенінің аңғарынан табылған
Алдыңғы ми сыңарлары жақсы жетілген Астыңғы жақ кіші
1938 ж орыс ғалымы А.П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен сүйек қалдықтарын тапқан.
Х.А. Алпысбаев 1958-1962 жылдары Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеген.
Ертедегі адамдар 50-100-ден топтасып өмір сүрген. Ер адамдар аң аулаумен, әйел адамдар терімшілкпен ал қарттары құрал-саймен жасаумен айналысқан.
Неантроптар Кроманьондықтар 50-30000 жыл бұрын
жасы 30-40-та Осы заманғы алғашқы адамдар 170 -180 см
1868ж Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған 1400-1600гр
Маңдай сүйегі шығыңқы Көз шарасы жақсы жетілген Бас сүйегі биік емес
Кроманьондықтар жануаралды алғаш рет қолға үйрете бастаған. Егіншілікке де алғаш қадам басқан. Тайпа, ру болып саналы өмір сүрген. Ұрпақтарына деген қамқорлық , қарттарын қадірлеу және олармен санасу дәстүрге айналған.
1. Адамның тік жүруіне байланысты қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеруі жүрген
2. Миының құрылысы күрделенген, дамыған және ұлғайған.
3. Адамның жақ сүйектері кішірейіп, сөйлеу қабілеті пайда болған.
Адамның пайда болуына еңбектің үлкен әсері бар екендігін бабамыз әл-Фараби да орынды бағалаған. Шынында да адам еңбектің арқасында көздеген армандарына жетеді, биікке ұмтылады, өрісі кеңейеді, рухани байлығы да артады. Сондықтан сіздер саналы адамдардың ұрпақтары, қашанда адал еңбек етіп, еңбектің нәтижесінде елдің биігінде көрінулеріңіз керек.
Пысықтау: Бүгінгі алған білімді қорытындылай келе кестедегі ертедегі және осы заманғы адамдарды бір-бірінен ерекшеліктерін көрсетейік.
№ Тән ерекшеліктер Ертедегі Осы заманғы
1 Тастан еңбек құралын жасады
2 Мүйіз, сүйектен жасады
3 Неандерталь
4 Кроманьон
5 Қоғамдасып өмір сүрген
6 Тайпа болып өмір сүрген
7 Әдет-ғұрыптар пайда болағн
8 Өнер дамыған
9 Топтасып аң аулаған
10 Өлген адамдарды жерлеген
11 Ми 1400гр
12 Миы 1400-1600гр
13 300-40000 жыл бұрын өмір сүрген
14 Ұрпақтарына деген қамқорлық жоғары болған
15 1848 жылы Еуропадан табылған
Бағалау:
Үйге тапсырма: §30 тақырыбын оқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.