.
.
Биология. 10 «Б»- сынып. 14.02.2013 ж. Генетикалық карталар.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2340 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Генетикалық карталар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың генетикалық карталар және оның маңызы туралы білімін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Генетикалық картаныңмаңызымен танысу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, слайд
Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, математика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, слайд.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.
II. Пысықтау. (үй тапсырмасын сұрау) 10 мин.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин.
IV. Білімді бекіту. 6 мин.
V. Үйге тапсырма беру. 1 мин.
VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.
VII. Қорытынды сөз. 1 мин.
Сабақтың барысы:
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
II. Пысықтау.
1. Жасушаның тіршілік әрекеттері мен құрылысы туралы ғылым:
А) гигиена Д) тәнтану
В) физиология Е) гистология
С) цитология
2. Тұқым туалаушылық заңдылықтарын зерттейді:
А) палеоботаника Д) фармакология
В) археология Е) экология
С) генетика
3. Жасуша хромосомалары орналасқан:
А) цитоплазмада Д) жасушааралықта
В) ядрода Е) пластидте
С) жасуша шырынында
4. Г.Мендельдің тәжірибелеріндегі бірінші ұрпақ гибридтері дамитын зиготаның генотипін анықтаңыз:
А) гомозигота Д) бластула
В) гетерозигота Е) гаструла
С) аллельдер
5. Г.Мендельдің тәжірибелерінің нәтижелері бойынша дигибридті будандастыру кезінде жұп белгілердің гендері қайда орналасатының көрсетіңіз:
А) хромосомалардың үш жұбында Д) гомологты хромосомаларда
В) гомологты хромосомалардың әр түрлі жұбында Е) хромосоманың бір жұбында
С) екі хромосомада
6. Аллельді гендері бар хромосомаларды қалай атайтынын белгілеңіз:
А) жұп емес Д) гомологты емес
В) сомалық Е) жыныс
С) гомологты
7. Ұрпақтың жасушаларында жұп белгілердің гендері немесе аллельді гендер қалай пайда болатынын анықтаңыз:
А) ата аналық гаметалардан түзіледі Д) қайта қалыптасады
В) бір ата анасынан тұқым қуалайды Е) екі ата анасынан беріледі
С) кездейсоқ қосылады
8. Фенотипі 3:1 формуласы бойынша ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз:
А) аралық тұқым өуалайтын моногибридті будандастыру
В) талдаушы будандастыру Д) моногибридті будандастыру кезіндегі толық доминанттылық
С) дигибридті будандастыру Е) моногибридті будандастыру кезіндегі толымсыз доминанттылық
9. Г.Мендельдің зерзаты болған асбұршаққа тән негізгі белгілерді анықтаңыз:
А) айқас тозаңданатын өсімдік Д) көп жылдық өсімдік
В) өздігінен тозаңданатын өсімдік Е) бунақденелілер арқылы тозаңданады
С) бәсеңдеу белгілердің болуы
10. Асбұршақтың тегіс тұқымының (А) және қылқандардың болуын (S) анықтайтын гендер бір хромосомада орналасқан. Сонда ААSS х ааss будандастыру нәтижесінде алынатын F1 – ді анықтаңыз:
А) белгілердің жаңа үйлесімі болады Д) тек қана доминантты белгілер
В) бөлінеді Е) ұрпағында ешқандай өзгерістер байқалмайды
С) тек қана рецессивті белгілер
11. Гомозигота дегеніміз қандай дара екендігін көрсетіңіз:
А) әр түрлі аллельді гендері бар Д) мутант гендері бар
В) бірдей аллельді гендері бар Е) аллельді және мутант гендердің жиынтығы бар
С) гендері жоқ
12. Гетерозигота дегеніміз қандай дара екендігін көрсетіңіз:
А) әр түрлі аллельді гендері бар Д) мутант гендері бар
В) бірдей аллельді гендері бар Е) аллельді және мутант гендердің жиынтығы бар
С) гендері жоқ
13. 1AABB : 2AaBB : 1aaBB болып ажыратылатын алынған ұрпақтың ата аналық формаларының белгілерін анықтаңыз:
А) АаBb Д) AABb
В) AABB Е) Aabb
С) AaBB
14. Генотипі және фенотипі 1:2:1 болатын ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз:
А) моногибридті будандастыру Д) дигибридті будандастыру
В) талдаушы будандастыру Е) полигибридті будандастыру
С) моногибридті будандастыру кезіндегі толымсыз доминанттылық
15. 9:3:3:1 болатын ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз.
А) моногибридті будандастыру Д) моногибридті будандастыру кезіндегі аралық тұқым қуалау
В) талдаушы будандастыру Е) моногибридті будандастыру кезіндегі толық доминанттылық
С) дигибридті будандастыру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Генетикалық карталар – хромосомада болатынтіркес гендердің орналасу сызбанұсқасы. Генетикалық тұрғыдан дрозофила, жүгері, қызан өсімдігінің, тышқанның, пішен таяқшасының және т.б. генетикалық картасы жасалған.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидтық жиынтығына сәйкес. М, дрозофилада 4, жүгеріде10. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, IV және т.б. деп белгілейді.
Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын толық білу қажет. М, дрозофиланың 4 тіркестік топта шоғырланған 7000 – ға жуық гені, жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын 1000 – ға жуық гені зерттелген.
Генетикалық картаны құрастыру кезінде тіркесу тобы, гендердің толық немесе қысқартылған атаулары көрсетіледі және хромосомада орналасқан гендердің арақашықтығы цифрмен көрсетіледі. Гендер арасындағы арақашықтық 1% кроссинговерге тең. М, дрозофиланың бір ғана хромосомасында болатын гендердің орналасу реті төмендегідей. Ол үш түрлі гендерден тұрады: 1)қанатының бүріскендігін анықтайтын janthy гені;2)Көзінің қара қошқыл түсін анықтайтын purple гені; 3) Көзінің қызыл түсін анықтайтын cinnabar гені. Бұл гендер дрозофиланың ІІ жұп хромосомасында орналасқан. j мен pr гендерінің арақашықтығы кроссинговер пайызымен есептегенде 5,8; pr мен c гендері 3; j мен c гендерінікі 8,8 сМ тең.
5,8 % 3%
j pr c
8,8 %
Микроорганизмдердің генетикалақ картасы өзгеше. Оларда жалғыз ғана хромосомасы болады, соған байланысты генетикалық картасы да сондай пішінде. Пішен таяқшасында генетикалық ақпарат жасушалардың конъюгациялануы кезінде беріледі және микроорганизмдер хромосомасындағы гендердің орналасу реті тұрақты. Сондықтан генетикалық картасы дөңгелек пішінді болады. Гендердің арақашықтығы кроссинговер пайызымен емес, конъюгацияның ұзақтығымен, минутпен өлшенеді.
Хромосомалық гендердің орналасу ретін зерттеу цитологиялық жолмен де жүргізіледі, соның негізінде цитологиялық карталар жасалады. М, дрозофила шыбыны дернәсілінің сілекей безінде болатын алып хромосомаларды цитогенетикалық тұрғыдан зерттеу арқылы гендердің орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік туды.
Генетикалық және цитологиялық карталарды бір – бірімен салыстыра отырып, хромосома бойындағы гендердің айқасу жиілігін, кроссинговер мөлшерін анықтауға болады. Сілекей бездеріндегі алып хромосомаларды зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Онда барлық төрт жұп хромосоманың жалпы ұзындығы генетикалық карта бойынша 279 % кроссинговерге тең. Америкалық генетик К.Бриджес сол төрт жұп хромосоманың әрқайсысын микроскоп арқылы өлшеген. Барлығының ұзындығын қосқанда 1180 микрометр болған. Генетикалық және цитологиялық карталарды салыстыру үшін К.Бриджес кроссинговер коэффициентін пайдалануды ұсынған. Ол үшін хромосомалардың барлық ұзындығын (1180 мкм) генетикалық картаның көрсеткішіне (279 мкм)бөлген, сонда орта есеппен 4,2 болып шыққан. Бұл генетикалық картадағы әрбір кроссинговер бірлігіне цитологиялық карта бойынша 4,2 мкм ұзындық сәйкес келеді.
IV. Білімді бекіту
1. Генетикалық карта ұғымына анықтама?
2. Генетикалық картаның мәні?
3. Қандай организмдердің генетикалық картасы жасалған?
4. Генетикалық карта қалай жасалады?
5. Тіркестік топтар қалай белгіленеді?
6. Гендер арасындағы арақашықтықтың өлшем бірлігі?
7. Микроорганизмдердің генетикалық картасы қандай?
8. Организмдердің генетикалық картасын жасаудың теориялық және практикалық маңызы?
V. Үйге тапсырма беру. §43. Генетикалық карталар.
VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VII. Қорытынды сөз.
Хромосомада болатын гендердің орналасу сызбанұсқасын генетикалық карта деп атайды. Генетикалық тұрғыдан жақсы зерттелген дрозофиланың, жүгері, қызан өсімдіктерінің және т.б. генетикалық карталары жасалды.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке – жеке жасалады. Осындай хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Тіркестік топтардың саны организм хромосомаларының гаплоидты жиынтығына сәйкес келеді. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды.
Микроорганизмдердің хромосомалары сақина тәрізді жалғыз болатындықтан олардың генетикалық картасы да сондай пішінде болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.