.
.
№144 С.Әлжіков атындағы орта мектеп Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалар.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3979 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалар.
Пән мұғалімі: Жаңабатырова Ұ.И.
Сыныбы: 10 Б
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: §11. Ядроның құрылысы мен қызметі.Хромосомалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жасуша ядросы мен ондағы хромосоманың маңызы
жайлы білім жүйесін қалыптастыру,генетикалық инженерияның
адам өміріне пайдасы мен зияны туралы білім беруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Ядро,хромосома және генетикалық инженерия туралы
білімдерін тереңдете отырып, ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Генетикалық инженерияның зерттеу тәсілдерін және олардың
маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын
қалыптастыруға тәрбиелеуге ұмтылу.
Сабақтың нәтижесі:
- Сабақтың демократиялық сипаты
- Оқушылардың топтағы белсенділігі,өзара әректтестік қатынасы
- Жеке қабілеттерімен мүмкіндіктерінің ашылуы,өз ойын ашық жеткізуі,сөз қоры,тіл байлығы,ой ұшқырлығы
- Сыныптағы қолайлы ахуал
Сабақта қолданылған әдістер: сұрақ-жауап техникасы,тұжырымдама кестесін толтыру.
Оқу-құралдар: Компьютер,визуалды айғақ
Пән аралық байланыс: Генетика
Қолданылған әдебиеттер:
1. Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» 10 сынып және әдістемелік кітапша
2. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері»
Сайттар:
1.Білімділер сайты - http://bilimdiler.kz/
2.Биология пәні мұғалімінің сайты - http://tana.ucoz.ru/load/405
3.Интернеттегі білім ресурстары. Биология. Химия - http://www.alleng.ru/d/bio/bio172.htm
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
1)оқушылармен сәлемдесу
2)сыныпты түгендеу
3)сыныпты топқа бөлу (Атом әдісі арқылы)
4) Сергіту сәті
5)назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8-10 мин)
Үй тапсырмасы «А», «В», «С» деңгейінде сұрау
«А» деңгейі: (Әрбір дұрыс жауап 1 балл)
Тест тапсырмалары
1.Фотосинтезді және хемосинтезді ашқан ғалымдар
А) Де Дюв пен А.Клод
Б) М.Ә.Айтхожин мен Н.И.Вавилов
С) К.А.Тимирязев пен С.Н.Виноградский
Д) К.А.Тимирязев пен Т.В.Энгельман
2.Фотосинтез нәтижесінде түзілетін зат
А) ақуыз (белок)
Б) нуклейн қышқылдары
С) көмірсулар
Д) майлар
3.Синтез процесі __________ , ал ыдырау процесі _________ деп аталады.
А) анаболизм,катаболизм
Б) фотосинтез,хемосинтез
С) фагоцитоз,пиноцитоз
Д) Аэробты,анаэробты
Жауаптары: 1-с, 2-с, 3-а
«В» деңгейі: (әрбір дұрыс жауап 2 балл)
Берілген анықтаманың жауабын табу
1 . - реакциялары хлоропластың бетіндегі мембраналық түзілім-ламеллада жүреді.
2. -оттектің қатысуынсыз жүретін және ағылшын ғалымының ашу құрметіне берілген процесс.
3. -фотосинтездің қараңғы сатысында бейорганикалық СО2 –ні игеретін негізгі фермент-рибулозобифосфаткарбоксилазаның қысқаша атауы
Жауабы: фотосинтездің жарық фазасы, Кребс циклі,рубиско
«С»деңгейі:(әрбір дұрыс жауап 3 балл)
Берілген сөздерді сәйкес зат алмасу бағанына толтыру: синтез, ассимиляция, катаболизм, анаболизм, ыдырау,дисимиляция.
Пластикалық алмасу Энергетикалық алмасу
Жауабы:
Пластикалық алмасу Энергетикалық алмасу
синтез Ыдырау
Ассимиляция диссимиляция
анаболизм катаболизм
Бағалау критерийі:
18-14 балл (5)
13-9 балл (4)
8-3 балл (3)
ІІІ. Жаңа сабақ (15-20 мин)
Тақырыбы: §11.Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалар.
Жоспары:
1.Ядроның құрылысы мен қызметі
2.Хромосоманың құрамы мен құрылысы
3.Генетикалық инженерияның пайдасы мен зияны
1 кезең Мағынаны тану (Мәтінмен жұмыс)
Топ ішілік мәтіндік жұмысқа -5-7 минут
Топ аралық мәтіндік жұмысқа-2-3 минут
Сабақтың сұралуына -8-10 минут
Топ аралық сұрақ-жауапқа -3-5 минут
Тірі ағзалар:
─ Жасушасыз ағзалар (вирустар)
─ Прокариоттар не ядросыз ағзалар(бактериялар)
─ Эукариоттар немесе ядролы ағзалар
(Жәндіктер,құрттар,балықтар,жорғалаушылар,құстар, сүтқоректілер)
Тірі табиғат бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді:
↓
Биосфералық деңгей →
Биогеоценоздық деңгей →
Популяциялық-түрлік деңгей →
Ағзалық деңгей→
Мүшелік деңгей →
Ұлпалық деңгей →
Жасушалық деңгей →
Молекула-генетикалық деңгей
Сонымен барлығын біріктіре келе бүгінгі сабағымызда ядролы ағзалардың молекула генетикалық деңгейі жайлы түсіндіріледі.(І видео-ролик ядро жайлы)
Ядроның құрылысы мен қызметі. Ядроны ең алғаш рет 1833 жылы Роберт Броун өсімдік материалынан микроскоп арқылы тозаң жіпшелерінің жасушаларын қарап,дөңгелек денешікті тапты. Оны «nuclei»- ядро деп атады.
Ядро
Ядролық мембрана
(Саңылауы,молекула алмасу жүреді) Нуклеоплазма Хромосома
немесе ядро шырыны
Ядрошық
Ішкі Сыртқы Саны 1-2,кейде 3-4,
Мембрана мембрана дөңгелек,сопақша денешік
РНҚ синтезінің орталығы
Тегіс Рибосомамен
қапталған
Хромосомалар
Хромосома дегеніміз-ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік.
Хромосоманың құрылысы:
1-центромер
2-Хромосома иығы
3-жұп хроматидтер
4-ДНҚ жіпшесі
5-ақуыз
Хромосоманың құрамы:
─ДНҚ –тұқым қуалау ақпаратын сақтайды
─гистон-хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.Гистондар оң зарядталған негіздік нәруыз болғандықтан,ДНҚ молекуласымен берік байланыс түзеді.Сол себепті олар ДНҚ-ға өзінің жұмысын атқаруға мүмкіндік бермейді.Ол шиыршықталудың күрделенуіне жағдай жасайды.
─қышқыл нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады.
Хромосомалар жасуша циклінің кезеңі мен фазаларына байланысты құрылысын өзгертіп отырады.
Интерфазалық хроматин → Хромосомалар → нуклеосомдық жіпше(7 есе қысқарады) → хроматиндік фибрилла (40 есе қысқарады) → хромонема (5 есе қысқарады) → метафазалық хроматид
Әрбір организм өзіне тән жұп хромосома жиынтығынан (диплоидты жиынтық) тұрады.Ал осы организмдердің жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығы 2 есе аз,яғни жалғыз (гаплоидты) болады.
Белгілердің мағынасы
р/с Тірі ағзалар Хромосома саны
1 Адам 46
2 Жылқы 66
3 Бақа 26
4 Дрозофила шыбыны 8
5 Жүгері 20
6 Бұршақ 14
Аллельді гендер дегеніміз- жұп хромосомалардың тек біреуімен ғана жүзеге асырылатын гендер.
Генетикалық инженерия
Америкалық ғалым Пол Берг 1972 жылы алғаш рет организмнен тыс (in vitro) жағдайда рекомбинатты ДНҚ-ны алған.Осылайша молекулалық биологияның жаңа саласы-генетикалық инженерияның іргесі қаланды.
Генетикалық немесе гендік инженерия дегеніміз-организмнің тұқым қуалау аппаратына жаңа гендерді ендіру
Генетикалық инженерияның мақсаты - жаңа генетикалық құрылымдарды ең соңында жаңа тұқым қуалау қасиеттері бар организмдерді жасап шығару.
Қазіргі уақытта бұл салада біраз жетістіктерге қол жетті.Мысалы . «Монсанта» деп аталатын ірі корпорациясының ғалымдары картоп өсімдігіне хитиназа ферментінің генін енгізген.Соның нәтижесінде , картоп колорадо қоңызымен зақымданбайды.
IV Жаңа сабақты бекіту (2-4мин)
Әр топқа сұрақтар қойылады,жауап берген топ сол жауап сөзіне ассоциация құрайды.
Сұрақтар:
1.Дөңгелек немесе сопақша формалы жасушаның ең ірі органоиды? Жауабы -ядро
2.Құрамында ДНҚ,гистон және аз мөлшерде РНҚ болатын Жауабы-хромосома
3.Біздің елімізде академик М.Ә.Айтхожиннің алғаш зерттеулерін бастаған ғылым саласы Жауабы-Генетикалық инженерия
Үш топ ядро,хромосома,генетикалық инженерия сөзіне ассоциация құрау .
V Рефлексия (2 мин)
Сабақтың сізге ұнаған және ұнамаған жақтары жайлы жазып ілу.
VІ Үй тапсырмасы §11 оқу,ғаламтор желісінен гендік инженерияның пайдасы мен зиянына реферат жазып келу,осы тақырыпқа БД құрастырып келу
VІІ Бағалау
Бағалау парағынан қарап қою
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.