.
.
«Ауызша сабақ-1 » технологиялық картасы Ұлпа сұйықтығы. Лимфа.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 486 | Просмотров: 3095 | Размер: 56.5 Kb | Автор: bibigulСабақтың тақырыбы : Ұлпа сұйықтығы. Лимфа.
Сабақтың мақсаты:
Оқу материалын оқушыларға 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгерту, оқу техникасының көлемін,сапасын және шапшаңдығын арттыру,ойлау шапшаңдығын, жады мен зейінді дамыту.
Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.
ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
өз бетінше білім алуға үйрету,ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету,өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету
Көрнекілігі ,дидактикалық материалдар:тірек-конспект,интерактивті тақта,
ООМ,
Сабақтың барысы:
Сабақтың
құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1кезең.
Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылардың зейінін жинақтау: ООМ
А Б В С Д Е
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі
2кезең.
Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру.
Жетекші білім метод амалдарын өзектендіру кезеңі
Үй тапсырмасы бойынша қарама –қарсы сұрақтар:
1.Қан жасушаларына не жатады.
(эритроциттер,лейкоциттер, тромбоциттер.)
2.Лейкоциттер дегеніміз не.
(қанның түссіз, ядролы,амеба тәрізді, қозғалғыш жасущалары).
3.Адамның 1куб мм қанында қанша лейкоциттер болады.
(4-9 мың )
4.Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес қандай топтарға бөлінеді
(түйіршікті, түйіршіксіз)
5.Түйіршікті лейкоциттерді атаңдар.
(нейтрофильдер,эозинофильдер,базофильдер).
6. Түйіршіксіз лейкоциттерге не жатады.
(лимфоциттер, моноциттер)
7.Лейкоциттер қайда түзіледі.
(сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде,айырша безде, көкбауырда)
8.Лейкоциттер қалай қозғалады.
(«жалған аяқтарының»көмегімен)
9.Микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» қалай атайды.
(фагоциттер)
10.Лимфоцит жасушаларында қандай қабілеті бар антиденелер түзіледі.
(қорғаныштық)
11Лейкоциттердің қызметін зерттеген физиолог ғалым.
(И.И. Мечников)
12.Тромбоциттер дегеніміз не.
(қан пластинкасы)
13.Жүрек қан тамырларында қанның ұюынан жүрек бұлшықеттеріне қанның баруы әлсіреуінен болатын аурудың аталуы (инфаркт миокарда)
14.Мидағы қан тамырлардың жарылуы.
(инсульт)
15.Фибриногеннің фибринге айналуы қандай нәруызға байланысты.(протромбин)
16,Қан ұйымайтын ауру (гемофиля)
.
Жаңа тақырып тірек-конспект арқылы түсіндірілді
ООМ бойынша бірінші реттік белгілеу
Кіріспе жасауға-5 мин
3кезең.
Стандарттық
және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру
Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс.
Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады:
Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталынып, тақтаға жазылады.
Тақтадағы тірек сөздерді оқушылар есте сақтайды,уақыт біткен соң сөздер жабылып, есте қалғандарын дәптерге жазады.
Сөздер ашылып, салыстырылады,ұмытып кеткен сөздермен толықтырады
Мәтінді оқу жылдамдығы 1бетке 3мин.ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «- » таңбамен белгіленеді.
Тірек сөздерді дәптерге жазу.7 сөзге 30 сек уақыт беріледі.ООМ-да
Неше сөз жазғандығы тексеріліп. бормен сөз саны жазылады
4кезең.Білімді өз бетінше қолдану
Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады
1.Қан сарысуынан түзілетін,түссіз, мөлдір сұйықтық. қалай аталады.
(Ұлпа сұйықтығы)
2.Ересек адам ағзасындағы ұлпа сұйықтығының мөлшері .(14-20л )
3.Қылтамырлар мен жасушалардың арасындағы байланыс не арқылы жүзеге асады (Ұлпа сұйықтығы )
4.Ұлпа сұйықтығынан не түзіледі(лимфа)
5 «.Лимфа»латын сөзінен қазақшаға аударғанда қандай мағына береді (таза су, ылғал)
6.Адам денесінде бір тәулікте шамамен қанша литр лимфа түзіледі.(2-4л)
7. Лимфаның ұйығыштық қасиеті қандай нәруызға байланысты (фибриноген)
8.Лимфада болатын лейкоциттер қалай аталады.(лимфоциттер)
9.Лимфаның қызметі қандай (ұлпа сұйықтығын қан айналым жүйесіне қайтарады,ағзаға енген зиянды микробтар мен басқа да бөгде заттарды сүзіп қалады, аш ішектің бүрлеріндегі майды сіңіреді)
10. Қан сарысуы дегеніміз не
(қан ұйығының сығындыс)
11.Қан, ұлпа сұйықтығы,лимфа нені құрайды.(ағзаның ішкі ортасы)
12.Адам ағзасының микробтарға, түрлі ауруларға қарсы тұруы қандай жүйеге байланысты.(иммундық жүйе)
13.Иммундық жүйеде қандай мүшелер болады (орталық, шеткі)
14.Дүние жүзінде кеңінен таралған, «ғасыр дерті» атанған ауру(ЖИТС)
15.ЖИТС-тің қоздырғышы (АИВ адам иммунтапшылық вирусы)
16.Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне не жатады.(кемік майы,айырша без)
17.Шеткі мүшелеріне не жатады
(бадамша бездер,лимфа түйіндері,көкбауыр,соқырішек.)
18.Көкбауыр қай жерде орналасқан(құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде) Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5баллдық шкаламен түрлі түсті бормен баға қойылады
5кезең.
Бақылау және өзін-өзі бағалау
Оқушыларға сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай сыни сұрақтар қойылады.
1Ұлпа сұйықтығы қан жасушаларынан түзіледі.(жоқ, ол қан сарысуынан түзіледі)
2.Зат алмасу өнімдерінің концентрациясы әртүрлі болғандықтан олар алдымен ұлпа сұйықтығынан жасушаларға бөлінеді.( жоқ, керісінше ).
3.Қан –адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын түссіз,мөлдір сұйықтық .(жоқ,ол-лимфа)
4.Эритроцит- адамдағы лейкоциттердің 18-20 пайызын құрайды(ол-эритроцит емес,лимфоцит,-лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі).
5.Күн сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады.(күнсәулесінің емес, рентген сәулесінің әсерінен).
6Иммундық жүйеніңорталық мүшелерінебадамша бездер мен лимфа түйіндері,көкбауыр,соқырішекжатады. (жоқ,оған сүйек кемігінде болатын кемік майы,айырша без-тимус жатады)
7.Қысқа және жалпақ сүйектердің кемігінде сары түсті кемік майыболады (жоқ онда тек қызыл түсті кемік майыболады )
8.Ересек адамның сүйектеріндегі кемік майының мөлшері 5-7кг.(жоқ, 2,5-3кг).
9Иммундық жүйенің орталық мүшесіне жататын айырша без-жұтқыншақта орналасады.(жоқ төссүйектің ішкі бетінде , қолқа доғасына жақын орналасады)
10.Жұтқыншақта 10 бадамша без шоғырланған,оны жұтқыншақ лимфа түйіні деп атайды, ( Жұтқыншақта 10 емес,6 бадамша без орналасқан,оны жұтқыншақ лимфа сақинасы деп атайды)
11.Адам ағзасында 700-ге жуық лимфа түйіндері бар. (460-қа жуық)
12.Көкбауырдың салмағы-10-14г. (150-200г)
13.Лимфоцит жасушаларын атқаратын қызметіне байланысты 5-ке бөледі (2-ге бөлінеді)
14.В-лимфоциттер айырша безде жетіледі,( лимфа ұлпаларында жетіліп, лимфа арқылы таралады)
15. Ағзаға түскен микробтарды , олар бөліп шығарған улы заттар –қарсы денелер ,анти денелер.( қарсы гендер-антигендер)
16.Жасушалық иммунитетті қалыптастыратын В-лимфоциттер.( Т-лимфоциттер)
. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді.
6кезең.Түзету және рефлексия
Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру.Жіберілген қателерді талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ негізінде эссе жазу.
Жіберілген қателерді талдау.
7кезең.Қорытындылау
Тез және сапалы жұмыс жасаған ,толық жауап берген оқушыларды мадақтау.Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау,барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 баллдық шкаламен бағаланады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.