Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. -

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1778 | Размер: | Автор: bibigul
. 10-сынып. «Биология» пәні

Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

Сабақтың мақсаты:
1.Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.
2. Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, әңгімелеу, раунд-робин әдістері.

Пәнаралық байланыс: химия, биология- 6,7 сыныптар.

Сабақ көрнекілігі: 1.Интерактивті тақта
2.Электрондық оқулық
3.Тақта, бор

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру: а) ұжымдық әрекет,
ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті,
б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,
в) оқушы назарын аудару.

2.Үйге берілген есептердің шешуін талдау, салыстыру, қорытындылау.

№6 есеп: Асбұршақтың қара тұқымы А генімен , ақ тұқымы – а генімен белгіленген.Төмендегі буданды аяқтап , түсін анықтаңыз.
Р ♀ АА × ♂ Аа
Г А А А а
Шешуі: Ғ АА, Аа, Аа, АА, жартысы ақ, жартысы қара.

№7 есеп: Есептеу бойынша бірінші ұрпақтың генотипі мен фенотипін ата.
Р ♀ АА × ♂ аа
Ғ Аа
Шешуі: Фенотипі-қара түсті, генотипі- гетерозиготалы.

№8 есеп: Төмендегі буданның ұрпақтары қандай?
Р ♀ Аа × ♂ Аа
Г А а А а
Ғ АА , Аа , Аа , аа
Шешуі: 1 сары, гомозиота: 2 сары, гетерозигота : 1 жасыл, гомозигота.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен, сол кезде толық қолдау таппай 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды.Себебі ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді.
Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттеулер нәтижесінде, орасан зор табыстарға жетті.Сондықтан Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыла негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.(әрі қарай интерактивті тақтада слайдта моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері схемасын түсіндіру).

ә) Будан организмдердің гаметасында аллельді( жұп) гендер бір-бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталады. Мұны гамета тазалығы деп атайды.

Б) Кей жағдайда Ғ-дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминанттылық белгі толық байқалмай аралық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз доминанттылық деп атайды.Хош иісті раушангүл мен намазшамгүлдің тұқымқуалайтын белгілерінен осы құбылысты көруге болады.

4.Жаңа сабақты пысықтау.
( раунд-робин әдісі арқылы жаңа сабақты пысықтау,әр оқушы жаңа сабақ бойынша бір сөйлеммен өз түсініктерін айтады).

Есеп: Қызыл жемісті жидек өсімдігін өзара будандастынғанда жидектері қызыл түсті ұрпақ береді. Екеуін бір-бірімен будандыстырғанда жемісі қызғылт түсті ұрпақ шығады. Жемісі қызғылт түсті будан жидектерді өзара шағылыстырса, қандай ұрпақ алынар еді?( толымсыз доминанттылық).

5.Үйге тапсырма: Дәрісті оқу, толықтыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.