Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы. -

Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3943 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Атырау облысы, Индер ауданы, Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің химия-биология пәні мұғалімі Оспанова Г.А

Сабақтың тақырыбы: Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы,
қосылыстары туралы жалпы түсініктер беріп, күшті
тотықсыздандырғыштар, қасиеттерін ажырата білу, алыну
жолы, маңызын түсіндіру, мағлұматтар беру
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез
ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой-
өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көз-қарасын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Натрийдің өнеркәсіпте күнделікті тұрмыста қолданылуы,
алған білім дағдыларын өмірде пайдалану, өздігінен
талпынып, жауапкершілікті сезінетін, өнегелі ұрпақ
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, практикалық тәжірибе, ойындар, есептер т.б.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, тәжірибеге
қажетті құрал жабдықтар, жаттығу есептері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қызығушылықты ояту үшін сұрақ –жауап интерактивті тақтадан Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы көрсетіліп сұрақтар койылады.
- Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
- Сілтілік металдарды ата?
- Қандай топшада орналасқан?
- Валенттілігі нешеге тең?
- Электртерістілігі қандай?
- Тотығу дәрежесі қанша?
- Ядро заряды +11 ге тең қай элемент?
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазады. Қызығуды ояту.
№1 Тәжірибе:
Натрийдің сумен әрекеттесуі. Метал натрийді пышақпен кесіп алып, суға салып жібереміз, сол кезде натрий судың бетінде жүгіре жөнеледі. Осы тәжірибені қызықтаған оқушылар мына жұмбақты шешеді.
Ақ түйір айналады, тыным таппай,
Жүргендей су бетінде орын жоқтай.
Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады,
Не түзілді қай элемент кім айтады? (Натрий гидрооксиді)
Тақтада сұрақ-жауап түрінде сызбанұсқа құралады.
1.Тірек сызба


Алынуы: 1807жылы ағылшын ғалымы Сэр Х. Дэви электролиз арқылы металл күйіндегі натрийді алды. Металл күйдегі натрий гидрооксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды. Қосылыстардың балқымасын электр тогымен ыдыратып алады
электр тогымен
2NaCl 2Na + Сl2

2. Тірек сызба. Атом құрылысы.

+11 Na 2e) 8e) 1e)
Электрондық формуласы: 1s² 2s² 2p6 3s¹
Графиктік формуласы:
1s² 2s² 2p6 3s¹


3.Тірек сызба.Физикалық қасиеттері:

Жұмсақ Иілімді

Созылады Оңай кесіледі

Судан жеңіл Na Электр тогын өткізеді

0,97г/см³ тығыздығы Жылуды өткізеді

Күйдіргіш Балқуы 4767ºС

Оқушыларға натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет екенін түсіндіремін.

4. Тірек сызба.

Химиялық қасиеттері:

F2

О2 СL2

жанады
Na

H2O S
“жүгіре” бастайды тұтанады



1. 4Naº+O2 º →2Na2+¹O-²
2. 2Na+S→Na2S
3. 2Na+2H2O→2NaOH+H2

Натрий иондары жалынды сары түске бояйды, ол үшін платина сымын алақанға салып ұстап, содан соң спирт шамының жалынына ұстаса жалын сары түске боялады. Неге? (себебі, адам терлегенде алақанда ас тұзы болады.)

Сілтілік MeO күшті негіздік қасиет көрсететін ақ түсті зат.

Na2O +2H2O =2NaOH
Олар теріні, матаны,
қағазды жеп жібереді.



5.Тірек сызба. Табиғатта кездесуі.

Ашылу тарихы.




Натрий “натрон”, “сода”, “сілті”, деген араб сөздерінен шыққан. Натрийдің көмір қышқыл тұзы өте ерте кезден-ақ кір жууға пайдаланған. Сол кезде оның гидрат тотығыда белгілі болған оны сілті деп атаған.

6.Тірек сызба. Қолданылуы:

Авиациямен мен ядролық Органикалық химияда өршіткі.
реакциялардың жылу
тасымалдағышы.



Металлургияда Na Лампаларды натрий
тотықсыздандырғыш. буымен толтырады.


Көлікте натрийдің
қорғасынмен құймасынан Медицинада радиоактивті
подшипниктер изотоптар
дайындалады.


Алғаш натрийді күшті тотықсыздандырғыш ретінде алюминий өндіруге пайдаланды. Сол кезде алюминий алтыннанда қымбат болды. Қазір натрийді таза алтын алуға қолданады.

7. Тірек сызба. Натрий қосылыстары.

Na



8. Тірек сызба.

жасанды талшық сода тұрмыста


бояу NaOH қолданылуы қағаз

дәрі-дәрмек сабын

NaCl – ас тұзы тамаққа қосылады, ол консервілеуші зат, бактерияларды жояды.

Na тамаққа

Сода NaCl қолданылуы
бактерияларды жояды

NaOH Cl

Na2 SO4 * 10 Н2О глаубер тұзы шыны

Na2 SO4
қолданылуы

сода

тері сабын қайнатуда
Na2СO3
қолданылуы
шыны мата


Алюминий дәрі – дәрмек

кондитер өнеркәсібінде

ас содасы
NaНСО3
қолданылуы

медицина

IV. Жаңа сабақты бекіту:

Ой толғаныс:
Диктант.
Ия, Жоқ

1. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви алды (ия)
2. I-ші топтың қосымша топшасында (жок)
3. Сілтілік метал (ия)
4. Тотығу дәрежесі +1 (ия)
5. Ас тұзының минералын галит деп атайды (ия)
6. Натрий қан плазмасында кездеседі (ия)
7. Натрий қатты металл (жоқ)
8. Электр тогын өткізеді (ия)
9. Ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш (ия)
10. Су бетінде жүгіреді (ия)
11. Инертті газдармен әрекеттеседі (жоқ)
12. Бейметалдармен әрекеттеседі (ия)
13. Натрий ионы жалынды сары түске бояйды (ия)
14. Натрий судан ауыр (жок)

Есептер шығару
1.Натрий қатыса жүретін реакция теңдеулерін жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттарды атаңыздар. (хлор, су, тұз қышқылы, оттек, сутек, азот,)
2.Натрий хлоридінің NaCl, сильвиниттің NaCl*KCl, натрий нитратының NaNO3, мирабилиттің Na2SO4*10H2O құрамындағынатрийдің массалық үлесін есептеңіздер.

V. Үйге тапсырма § 6.4 №1 – 7

VI. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.