.
.
Атырау облысы, Индер ауданы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 260 | Просмотров: 3911 | Размер: 50.2 Kb | Автор: bibigulСабақтың тақырыбы: Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Жаңа сабақты меңгеру, білімдерін жетілдіру.
2.Дамытушылығы: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды
ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі
дамыту және білімге деген ынтасын арттыру, есте ұстау
қабілетін жетілдіру.
3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,
инабаттылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу,
қауіпсіздік ережесін есте ұстау.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,
қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік кестесі,
реактивтер, лабораториялық құралдар.
Сабақтың пән аралық байланысы: Экология, биология
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сәйкестік тест тапсырмалары.
а) Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.
1. Оксидтер дегеніміз не?- 4.Сутек атомдарынан және қышқыл
қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
2. Негіздер дегеніміз не?- 1. Екі элементтен тұрып оның біреуі
міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.
3.Тұздар дегеніміз не?- 2. Металл атомымен және бір немесе бірнеше гидроксотоптардан құралған күрделі заттар.
4.Қышқылдар дегеніміз не?- 3. Металл атомдарымен және қышқыл
қалдықтарынан құралған күрделі заттар
б) Формулалар бойынша қосылыстардың кластарын айыру.
1.Оксидтердің химиялық формулалары?- 2.КОН,Са(ОН)2,Cu(OH)2,
2.Негіздердің химиялық формулалары?- 4. Н2SO4,HNO3,H2CO3,
3.Тұздардың химиялық формулалары?- 1. Al2O3,ZnO,CaO,
4.Қышқылдардың химиялық формулалары?- 3. MgSO4,Na2SО4,Ca(NO3)2
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Негіздердің жіктелуі
Негіздер дегеніміз-молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксо-тобынан тұратын күрделі заттар.
Негіздердің жіктелуі
Суда еритін (сілтілер) Суда ерімейтін
LiOH,Ca(OH)2,Ba(OH)2; Cu(OH)2,Fe(OH)2, Fe(OH)3;
Екідайлы
Zn(OH)2,Al(OH)3, Be(OH)2,Cr(OH)3;
2.Негіздердің құрылымдық формуласы:
- O-H - O-H
Na-O-H, K-O-H, Ca Al - O-H
- O-H - O-H
3.Негіздердің алынуы:
Суда еритін негіздерді алу.
а) Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіреді.
2Na+2H2O=2NaOH+H2
Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2
Тәжірибе жасау: №1
1. Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2
2. Ca(OH)2 + фенолфталеин = малина түске боялады.
Егер кальции гидроксиді малина түске боялса реакция жүріп жатыр дегені.
б) Белсенді металл оксидтері сумен қосылғанда түзіледі.
Na2O+H2O=2NaOH
CaO+H2O=Ca(OH)2
в) Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді алу үшін металлдардың ерімтал
тұздарына
CuCl2, FeSO4 AlCl3 сілті қосады.
CuCl2 + 2NaOH = Cu (OH)2 + 2NaCl
FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 + Na2SO4
AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3 +3NaCl
г) Өнеркәсіпте өздеріне сәйкес тұздарының балқымаларын электролиздеп алады.
Электр тогы
2NaCl 2Na+Cl2
4. Негіздердің физикалық қасиеттері:
Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және терімен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.(Сақтық ережесін еске түсіру)
5. Негіздердің химиялық қасиеттері:
Сілтілер индикатор түсін өзгертеді. Қызыл лакмус көгереді, метилорнж сары түске өзгереді, ал түссіз фенолфталеин таңқурайдың түсін береді.
Тәжірбие жасау №2
1.NaOH + лакмус = көк
2. NaOH + метилоранж = сары
3. NaOH + фенолфталеин = малина
а) Сілтілер қышқылдық окситтермен әрекетесіп, тұз бен су түзеді.
2NaOH+SiO2=Na2SiO3+H2O
натрии
силикаты
Тәжірибе жасау №3
2NaOH+СO2=Na2СO3+H2O
натрии
карбонаты
б) Негіздермен қышқылдар арасында бейтараптану реакциясы жүреді.
2NaOH+Н2О=Na2SO4+2H2O
Fe(OH)2+2HNO3=Fe(NO3)2+2H2O
в) Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп, жаңа тұз және ерімейтін негіз алынады.
3NaOH+FeCl3=Fe(OH)3+3NaCl
г) Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады.
2Fe(OH)3→ Fe2O3+3H2O
Негіздердің химиялық қасиеттері төмендегі сызбанұсқада көрсетілген.
д) Екідайлы гидроксидттер негіздік қасиет көрсетіп қышқылмен, сол сияқты
қышқылдық қасиет көрсетіп негіздермен әрекеттеседі.
Al(OH)3+HCl=AlCl3+3H2O
H3AlO3+3NaOH= Na3AlO3+3H2O
Al(OH)3- ақ тұнба түзеді, амфотерлі қасиет көрсетеді. Al2O3+H2O=әрекеттеспейді.
Пайда болған Al(OH)3 екі сынауыққа бөліп құямыз, 1-ші сынауыққа HCl, 2-ші сынауыққа негіз құямыз тұнба еріп кетеді.
Тәжірибе жасау №4
1-ші сынауық.. Al(OH)3+3HCl=AlCl3+3H2O
2-ші сынауық.. Al(OH)3+3NaOH=Na3AlO3+3H2O
натрии
алюминаты
IV.Сергіту сәті: «Жұмбақ»
1. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, металл)
2. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне караса алтынға ұксайды (күкірт, бейметалл)
3. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек, бейметалл)
4. Өзі жылтыр күмістей,
Жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсең,
Пайдаланар жері табылар. (Алюминий, металл)
V.Ой қорыту: Есеп шығару.
1. Мырыш оксидінің екідайлығын көрсететін реакция теңдеуін аяқта.
ZnO+KOH=
ZnO+HNO3=
2. Төмендегі реакция теңдеуін жаз.
Сілті + қышқыл → Тұз + су
3. Массасы 28г натрий суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзіледі?
VI. Ойын қызығушылықты ояту. «Сақиналарды жинау, берілген жапыраққа орналастыру»
Na, S, P, Al, Sn, Pb, C, Cl, K, O, Fe, Fe
VII. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
1. NaOH + лакмус = ( қандай түс пайда болады ) көк
2. NaOH +метилоранж = ( қандай түс береді) сары
3. NaOH +фенолфталеин = ( қандай түс береді ) малина
4. Негіздердің құрамы мен анықтамасын айтып беріңдер.
VIII. Үйге тапсырма. §46 124-ші беттегі 1,2,3, сұрақтарға жауап беріп, 4,5,6,7,8,9,10, есептерді шығарып келу.
Боран Нысанбаев атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Негіздердің жіктелуі, алынуы,
қолданылуы
8 – сынып
Пән мұғалімі: Оспанова Гүлнар Айжарыққызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.