.
.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет аулы Онтогенездің негізгі кезеңдері
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1820 | Размер: | Автор: Нартай4540Б Сүлейменов атындағы орта мектеп
Қ. А. Омархан –биология пәні мұғалімі.
Технологиялық карта. Биология 8ә класы
№ Блум таксономиясы Оқушылар игеруге тиіс БИД түрлері, танымдық тапсырмалар
1 Сабақтың тақырыбы Онтогенездің негізгі кезеңдері
2 Білім (Жоспарланған нәтижелер) Көбею, оның түрлері, биологиялық маңызы, көбеюдің сатылары. Өмірде осы үрдіске қажетті жағдайларды түсініп біле жүру.Оқушылардың "Көбею" тақырыбы бойынша білімділігін көрсету.Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға үйрету.
3 Түсіну (Оқу процесін ұйымдастыру) Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабақты түсіндіру."Ағзаның даму кезеңдері" таблицасын пайдаланып, әр кезеңнің ережелерін биологиялық және халықтық педагогика тұрғысынан ұғыну
4 Қолдану (Оқушылар білігін арттыру) Тригерлі суреттермен жұмыс, рольдік ойын. Деңгейлік тапсырмалар.
5 Анализ. (Білік пен дағдыны жетілдіру) Танымдық тапсырмалар "Венн диаграммасы" ситуациялық сұрақ. "Мен қандаймын?" Ой толғау
6 Синтез.(Оқушылар жұмысын ұйымдастыру) "Тез, шапшаң" Ой шақыру
7 Бағалау Мұғалімнің бағалауы, оқушының бағалауы
8 Технология Дамыта оқыту
9 Түрі Дәстүрлі емес
10 Әдісі Өз бетінше ізденетіндей ой тудыра отырып,баяндау
11 Көрнекілігі Таблица, тригерлі суреттер
12 Пән аралық байланыс Қазақ тілі, валеология
13 Білім алу көзі Оқулық, кесте
14 Негізгі ұғымдар мен терминдер Онтогенез, геронтология, гериатрия, акселерация
15 Үйге тапсырма
Ауызша журнал сабағы
1 бет
Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп, өсіріп,
Өзімді өзім дегізген.
(Шәкәрім)
I. "Тез, шапшаң" Ой шақыру
1. Аталық безден бөлінетін жасуша
2. Аналық безден бөлінетін жасуша
3. Аналық безден бөлінетін гормон
4. Аталық безден бөлінетін гормон
5. Ұрықтану жүретін аналық мүше
6. Ұрық дамитын мүше
7. Сперматазоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы
8. Дене жасушасындағы хромосома саны
9. Жыныс жасушасындағы хромосома саны
10.Анасы мен ұрықты байланыстыратын арнайы мүше
11.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым
12.Жүктілік мерзімі
13.Көбеюдің түрлері
2 бет
I. "Ер дәулеті- еңбек" Білім мен білік
II. Тригерлі суреттер ( ат қою, мақсатын ашу, мазмұнын айту )
III. Рольдік ойын
Кең дүние төсіңді аш мен келемін,
Алынбаған еншім көп сен де менің
3 бет
I. "Білгенге маржан" адам өмірінің негізгі кезеңдері
№ Кезеңдері Жасы
1 Шарана 1-10 күн арасы
Уызына жарыған, ұлылыққа ұмтылар
2 Емізулі нәресте 11 күннен - 1 жас
Бесік жырын естімегеннен адамгершілік күтпе
3 Алғашқы балалық (сәби) 1 - 3 жас
Бала тілі - бал
4 Жеткіншек 4 - 7 жас
Жетіге келгенше жерден таяқ жер
5 Ұлан 8 - 11 жас қыз
8 - 12 жас ұл Қолқанат
6 Жасөспірім 12-15 жас қыз
13-16 жас ұл
Он үште отау иесі
7 Жастық 16-20 жас қыз
17-21 жас ұл
Жастық шақ алдаспанның жүзі емес пе, Қайрап ап қалың жауға сермегендей
8 Кемелденген 21-55 жас әйелдер
22-60 жас ерлер
Орда бұзар отыз, Қамал алар қырық, Ердің жасы елу, Пайғамбар жасы
9 Мосқал тартқан 56-74 жас әйелдер
61-74 жас ерлер
Қартың болса үйіңде жазулы тұрған хатпен тең
10 Қарттық(кәрілік) 75-90жас(әйелдер және ерлер)
Қартайғанда бір бала
11 Ұзақ жасаушылар 90 жастан жоғары қарай
ІІ. Ғасырдан ұзақ ғұмыр(өзің іздеп өзің тап)
Кітаптағы материалмен танысу
Жүргізуші: Ұрықтан жұмыртқа жасуша тез екіге бөлінеді, 10 сағаттан кейін тағы да митоз, болашақ адам енді 4 жасушадан тұрады, бір жұмадан кейін жасушаның саны 100-ге жетеді, салмағы 1 грамдай ғана ұрық жатырға бекініп, дами бастайды. Ана құрсағында болашақ сәбидің дамуы 270-280 күнге созылады.
1-оқушы. Ана құрсағында дамудың 1-айы.Бір аптадан кейін мен, балаға салынған жайлы төсектей шырышты, қалың қабатқа орналастым. Бірінші аптада менде қағанақ пен кіндік пайда болды, бұлар әзірге менің өкпем, асқазаным, бүйрегім, себебі осылар арқылы мен анаммен байланысамын, тыныс алып, қоректенемін. Қағанақ маған зиянды микробтарды, улы заттарды өткізбейді. 18 күнде жүрегім соға бастады, айдың соңына таман өкпе, бауыр, бүйрек, ми, көз бен құлағым пайда бола бастайды. Мен өсіп келемін, ұзындығым 5 мм-дей.
2-оқушы. Дамудың 2-айы. Мен қоршаған дүниені көрген жоқпын. Бірақ жарық дүние адамның құрсағындай жайлы, жағымды, сәулелі есігін маған айқара ашады деп ойлаймын. Жүйке жүйем дамуда, миым үлкен адамның миындай қыртысты. Инфекциядан қорғайтын "тимус" безім жұмысқа кірісті, аяқ-қолым өсіп келеді, саусақтарым қалыптаса бастады, олар сондай кішкентай. Мүмкін, осы саусақтарыммен скрипкада ойнармын, сурет салармын, мүмкін биші болармын. Бойым 2-3 см-дей, барлық мүшелерім қалыптасып болды.
Жүргізуші: ғалымдардың айтуы бойынша ақыл-ой қабілеті тұқым қуалаушылықпен беріледі екен, баланың интелект деңгейі әкесінен гөрі, анасына көбірек байланысты көрінеді, ата-бабаларымыздың текті жермен құда болуы тектен-тек емес, көрегендігінде. Баланың миының жетілуі үшін, анасының дұрыс тамақтануының маңызы зор, дәмді, сапалы тамақпен қоректенсе, баласы да соғұрлым ақылды болмақ.
3-оқушы. Дамудың 3 айы. Бойым 5-6 см, мұрыным, көзім, ауызым, бұлшық етім, сүйектерім қалыптасып болды. Мені енді ұрық демей бала деп атайды, ұл немесе қыз екенімді айыруға болады. Анамның қуанышын, ренішін сезе аламын.
4-оқушы. Дамудың 4 айы. Бойым 10-16 см, салмағым 40-50 гр-дай, бауырым, асқазаным, бүйрегім жұмыс істей бастады. Басыма алғашқы шашым шықты, ана құрсағында еркін жүзіп жүремін, анам аяғымның қозғалысын анық сезінеді.
5-оқушы. Дамудың 5 айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым, анамның көңіл күйін тез байқаймын. Оның маған арнаған жылы сөздеріне масайрап қаламын, шарап немесе арақ ішсе бет аузымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе бастаймын.
Жүргізуші: Нашақор мен маскүнем ата - аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, аурушаң арқылы кем әртүрлі дене кемістіктерімен туылып, халқына пайдасыз болып, осы зиянды әдеттерге биім келетіні зерттеліп, анықталған.
6-оқушы. Дамудың 6 айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20-60 рет қозғалыс жасаймын, ұйықтаймын, оянамын. Әлі алаңсыз, қамсыз, өмір сүрудемін, дегенмен, ана құрсағы маған тарлық ете бастағандай. Жарық дүниеге шығуға дайындалып, басымды төмен бұрдым.
7-оқушы. Дамудың 7 айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да, қабағымды қақпастан айнала қараймын, түрлі-түсті суреттерді қашан көрер екенмін? Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.
8-оқушы. Дамудың 8 айы. Мен кішкентай адаммын, барлық мүшелерім қалыптасып болды, жүрегім минутына 120-140 рет соғады. Бойым 40 см, салмағым 1700 гр-дай, анамның көбірек демалып, жиі - жиі тамақтанғанын қалаймын, күн санап жүрмін.
9-оқушы. Анамның "тар құрсағын кеңітіп, омырауын иітіп,
мен өмірге келдім".
Кең дүние төсіңді аш мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің..
М.Мақатаев
4 бет.
І. Бәрін білгім келеді(ситуациялық сұрақтар)
ІІ. Мақалдардың мәнін аш
1. Уызына жарыған,
Ұлылыққа ұмтылар.
Азамат боп өседі ізгілікке құнты бар.
2. Балаңды 5 жасқа дейін патшаңдай күт,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен соң досыңдай сана.
3. Бала тілі - бал.
4. Өсер елдің баласы 15-інде баспын дер,
Өспес елдің баласы 30-ында жаспын дер.
5. Отызда орда бұзбаған
Қырықта қамал алмас.
ІІІ. Өзіңе өзің баға бер "Мен қандаймын?"
бозбала бойжеткен
IV. Венн диаграммасы.
V. Кубтың алты қыры
А. Қозы жасы Ә. Қой жасы В. Жылқы жасы
С. Патша жасы Д. Пайғамбар жасы Е. Акселерация
VI.Нені білдім?
А) 1. Өсу мен даму кезінде қандай өзгерістер жүреді?
2. Ағзаның ұрықтық даму кезеңіне сипаттама беріңдер?
3. Ағзаның нәрестелік дамуының ерекшелігі неде?
В) 1. Ағзаның жекелей дамуы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ағзаның дамуының бірінші балалық кезеңі несімен ерекшелінеді?
3. Акселерацияға қандай жағдайлар әсер етеді?
С) 1. Жасөспірімдік кезеңінің ерекшелігін түсіндіріңдер?
2. Адам өмірінің даму кезеңдерін ретімен атаңдар?
3. Адамның дамуындағы анатомиялық өзгерістерге нелер жатады?
VII. Зерделеу.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпты тұра алмасқа
Адамды сүй, алланың хакіметін сез,
Не қызық бар өмірде мұнан басқа.
(Абай)
VIII. Бейнет түбі зейнет(бағалау)
IX. Міндет ал да, парызыңды өте.(үйге тапсырма)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.