Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары. -

Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 324 | Просмотров: 2947 | Размер: 158.2 Kb | Автор: bibigul
. Сабақтың тақырыбы: §25. Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары.
Мақсаты: 1. Білімділік: Қосжарнақтылар класына жататын көкнәр, алабота тұқымдастарының тобына енетін өсімдіктер түрлерімен таныстырып, олардың адам өміріндегі пайда, зияндарын үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды дәрілік өсімдіктердің қасиеттерін біліп, өсіп-көбеюіне жағдай жасауға баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың өз өлкесінде өсетін өсімдіктер жайындағы білімдерін молайтып, өз ойларын толық айта білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: технология, жаратылыстану, валеология.
I . Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу,түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Берілген гүлдерді анықтап, формуласын жазыңдар және диаграмасын сызыңдар.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жабық тұқымды өсімдіктер ағаш, бұта, шөптекті болып келеді. Ең негізгі ерекшелігі – олардың тұқымбүршігі аналық жатынының ішінде өседі. Сондықтан бұларды жабық тұқымды өсімдіктер деп атайды.
Жабық тұқымды өсімдіктер Басқаларынан айырмашылығы Гүлді өсімдіктер бөлімі
Тұқым әрқашан жеміс ішінде өседі. Гүлі мен жемісінің болуы Жеміс пен тұқым гүлдеу нәтижесінде ғана түзіледі. Гүлді өсімдіктердің маңызды ерекшелігі – қосарлы ұрықтану.

Гүлді өсімдіктер 2 класқа жіктеледі.
Қосжарнақтылар Даражарнақтылар
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Көпшілігінде жүзуші ұлпа – камбий болады. Шашақ тамырлы,жапырақтары қатар және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы пияз бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер.


Даражарнақтылар көкнәр, алабота тұқымдастар болып екіге бөлінеді
Көкнәр тұқымдастар Алабота тұқымдастар
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлар – біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Ғаламшарда 700-ге жуық түрлері бар. Қазақстанда көкнәр тұқымдастардың 44 түрі өседі. Көкнәрдің гүлі қосжынысты. Жемісі – қауашақ, тұқымдары – ұсақ, түсі қара болып келеді. Сирек кездесетіндіктен, жіңішке көкнәр Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Ол шөптекті көпжылдық өсімдік. Көкнәр тұқымдастардан жабайы көкнәр, сеппе көкнәр, т.б.көбірек белгілі. Ұйықтататын көкнәр дәрі ретінде пайдаланылады. Көкнәрдан ас әзірлейтін май да өндіріледі. Жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп - бұлар да қөкнар тұқымдас өсімдіктер. Көкнәр тұқымдас үлкен сүйелшөп – улы өсімдік. Ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланылған. Сондықтан «сүйелшөп» аталған. Көкнәрлар тұқымдасының формуласы: жабайы көкнәр Т2К2+2АЖ Басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы кейде бұта кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500-ге жуық түрлері бар. Алабота тұқымдастар – кіндік тамырлы,көпшілігі көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты болып келеді. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды. Олардың түсі жасыл жасыл немесе сары болып келеді. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.



Алабота тұқымдастарға жатады.

Ақ алабота Сексеуіл Қызылша Шпинат Бұйырғын
Өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Гүлі – ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы – Т4А4Ж1
Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді. Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және бұта сексеуіл деп аталады. Сексеуілдің
гүлі ұсақ, қосжынысты – бірүйлі, қабыршақ тәріздігүл жапырақтың қолтығында 4-тен
орналасады. Көктемде гүлдейді. Жемісі – қанатты жаңғақша, қыркүйек-қазан айларында пісіп жетіліп, қараша–желтоқсан айларында жерге төгіледі.
Алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туыстастың 6 түрі бар. Кәдімгі қызылша–қызылшаның мәдени түрі. Оған
Асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады. Қант қызылшасы республикамызда Талдықорған, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр деп аталады.
Бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3 түрі бар. Витаминдерге де бай: А1,В1,В2,С және
РР болғандықтан,
асты дәмдеуге
өте пайдалы.
Бақша шпинаты – екі үйлі. Аталық гүлінің формуласы: К4А4Ж0, аналық гүлінікі:К0А0Ж(1)
Алабота тұқымдастардың
туыстастылары да қосжарнақты өсімдіктерге жатады. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің 17 түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой-ешкі, жылқы жейді. Алайда жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек
деген түрі өте улы.

IV. Жаңа сабақты бекіту
1. Жабық тұқымды өсімдіктер
А. Шөптекті Б. Бір жылдық С. Көп жылдық
2. Тұқым әрқашан жеміс ішінде өседі
А. Гүлді өсімдіктер бөлімі Б. Жабық тұқым С. Ақ алабота
3. Жеміс пен тұқым гүлдеу нәтижесінде ғана түзіледі.
А. Гүлді өсімдіктер бөлімі Б. Жабық тұқым С. Ақ алабота

4. Гүлді өсімдіктердің маңызды ерекшелігі.
А. Эвкалипт Б. Камбий С. Қосарлы ұрықтану
5. Гүлді өсімдіктер нешеге жіктеледі?
А. 2 В. 3 С. 4
6. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер?
А. Көкнәр тұқымдас Б. Қосжарнақтылар класы
С. Даражарнақтылар класы
7. Алабота тұқымдастарға жатады?
А. Қызылша Б. Қауын С. Асқабақ
8. Бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы.
А. Қызылша Б. Шпинат С. Сексеуіл
9. Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы.
А. Қызылша Б. Қауын С. Сексеуіл
10. Даражарнақты өсімдіктерге жатады?
А. Бидай Б. Арпа С. Жүгері
V. Үй тапсырмасы:
1. §25. Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары.
2. Өздерің тұрған жерде осы тұқымдастардың мәдени түрде өсірілетіндерін жазып келіңдер.
3. Кестені толтырыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.