.
.
Сабақтың тақырыбы: §32. Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 317 | Просмотров: 3299 | Размер: 6.0 Kb | Автор: bibigulМақсаты: 1.Білімділік: Құртқашаштар тұқымдасы,лалагүлділер тұқымдасының құрылысының ерекшелігі,көбеюі жайында жан-жақты түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды құрқашаш тұқымдастарында тағамдақ түрінде қолдануға және дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы ажырата білуге, қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Құртқашаштар тұқымдасы,лалагүлділер тұқымдасының тіршілік жағдайы, көбеюі және құрылыс ерекшеліктері жайында білімін толықтыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Білімді тиянақтау.
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәні.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
Кім жылдам?
1. Тұқымдастар неліктен күрделі гүлділер деп аталады?
2. Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері?
3. Мақсыр қандай өсімдік?
4. Оның маңызы туралы не білесіңдер?
5. Өгейшөптің басқа шөптекті өсімдіктерден ерекшелігі неде?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Құртқашаш тұқымдастар –даражарнақтылар класылалагүлділер қатарына жататын көпжылдық шөптекті, кейде шала бұталы өсімдіктер. Құртқашаш тұқымдастардың ғаламшарымызда 1800-ден астам түрі бар деп есептеледі. Олардың Қазақстанда 35 түрі өседі. Құртқашаштар тропикте және субтропикте таралған, көпшілігі сәндік өсімдіктер. Гүлдері – ірі, қосжынысты, дұрыс кейде бұрыс гүлді. Дәрілік, тағамдық басқа да мақсаттарға қолданылатын құртқашаш тұқымдастар бар. Халық құртқашашты кейде «жыланқияқ» деп те атайды.
Құртқашаш Лалагүлділер тұқымдастары Лапыз
Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы – германдық құртқашаш. Сабағының биіктігі – 1м. Тамыр – 1м. Сабақтан таспа тәрізді жапырақтары тармақталған гүлсидамы өсіп шығады. Гүлдің формуласы: Гс6А3Ж1. Жемісі – үш ұялы үлкен қауашақ. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Қазақстанда құртқашаштардың 21 түрі бар.
Даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер. Тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық қандауыр
немесе қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі – қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Жемісі – қауашақ немесе жидек. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3) Ғаламшарларымызда лалагүлділер тұқымдасының 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп, секпілгүл, қызғалдақ ауламызда көздің жауын алады. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер.
Көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15см-ге жететін дәрілік немесе улы өсімдік. Күздік лапыздың қапыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қошқыл күлгін түсті гүл жарады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подогра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Сәйкестендіру тест
1. Халқ құртқашашты 1. Қызғалдақ
2. Көпжылдық шөптекті өсімдік 2. Лалагүл түұымдастар
3. Ғаламшарымызда 1300 түрі бар 3. Құртқашаш
4. Көпжылдық, шөптекті улы өсімдік 4. Жыланқияқ
5. Сәндік өсімдіктер 5. Лапыз
6. Гс3+3А3+3Ж(3) 6. Лалагүл тұқымдасының формуласы
7. Қазақстанда лапыздың түр 7. Кессельринг
V. Үй тапсырмасы:
1. §32. Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
2. Лапыздың ауыл шаруашылығындағы маңызын баяндаңдар?
3. Құртқашаш тұқымдастардың гүл формуласын жазыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.