Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сүтқоректілер класы -

Сүтқоректілер класы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 297 | Просмотров: 3139 | Размер: 27.7 Kb | Автор: bibigul
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Жұлдыз ауылы
№52 Б Аралбаев атындағы орта мектептің биология
пәні мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаев

Сыныбы ;7 сынып Биология
1.Сабақтың тақырыбы : Сүтқоректілер класы
2.Сабақтың мақсаты: а) Білімділік : Оқушыларға сүтқоректілер класының түрлері және маңызы туралы білім беру
Ә) Тәрбиелігі: Оқушыларды сүтқоректілер
\ класының кейбір өкілдерін қорғауға тәрбиелеу
Б) Дамытушылығы : Сүтқоректілер класының
кейбір өкілдерінің ішкі және сыртқы
құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы
ойын дамыту
3. Сабақ өту әдістері : Сұрақ жауап, СтО-ның әдіс тәсілдері
4. Сабақтың көрнекілігі : Плакаттар, Буклеттер, Суреттер
5.Пәнаралық байланыс: География, Биология, Анатомия
6 Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2 ҮЙ тапсырмасын сұрау
Сәйкестік тесті
1. Микология 1. Жануар
2.Бриология 2. Балық
3.Лейхенология 3.Саңырауқұлақ
4.Гельментология 4. Мүк
5.Зоология 5. Қына

6. Ихтиология 6: Құрттар
(1-3,2-4,3-5,4-6,5-1,6-2)
Жаңа сабақ Топ оқушыларына мәтін тарату

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
1-топ Сүтқоректілер класына сипаттама
2-топ Сүтқоректілердің ішкі құрылысы
3-топ Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы
4-топ Сүтқоректілердің түрлері мен өкілдері
Әр топтан 1-оқушыдан шығып мәтінді мазмұндайды
Кім жылдам ойыны
Сүтқоректілердің қоректену жүйесіндегі мүшелерді ретімен жаз
Ауыз, өңеш, аш ішек, тік ішек, аналь тесігі, жұтқыншақ, тоқ ішек, қарын

Венн диаграммасымен жұмыс жүргізу
Сиыр Ұқсастығы Жылқы
Жұп тұяқтылар
Мүйізі бар
Сүт, айран,құрт
Мөңірейді
Бұзау
Үндістанда табынады
Бауырқұртпен ауырады Терісі жұмсақ
Төрт аяқты
Ет
Дене құрылысы ұқсас Тақ тұяқтылар
Қамбар ата
Мүйізі жоқ
Мінеді
Қымыз
Тайбурыл
Құлын
кісінейді


Халықтық педагогика бүгінгі сабақта 7-жоқ
1.Жерде өлшеуіш жоқ 1. Итте бұғана сүйек жоқ
2.Аспанда тіреуіш жоқ 2.Бақада қабырға жоқ
3.Таста тамыр жоқ 3.Балықта қабақ жоқ
4.Тасбақада талақ жоқ 4.Жыланда аяқ жоқ
5.Аллада бауыр жоқ 5.Құста тіс жоқ
6.Аққуда сүт жоқ 6.Акулада торсылдақ жоқ
7, Жылқыда өт жоқ 7.Сиырда----------------жоқ
Аңыз әңгімелер мен жұмыс аңыз әңгімелер білім әлемінде
Неліктен атта өт жоқ, сиырда күрек тіс жоқ?
Жер әлемді жасап біткен соң құдай адамнан:--Қайсысын ұзақ жасайын жазды ма, қысты ма?- деп сұрайды. Адам оған :-Оны менің достарым ат пен өгізден сұра. Олар қалай десе солай болсын деп жауап береді. Құдай алдымен аттан сұрады.—Сен қалай болғанын қалар едің,қыстың ұзақ болғанын ба, жоқ қыстан гөрі жаздың ұзақ болғанын ба?—Мен жаздың ұзақ болғанын қалар едім,-деді ат,-әйтпесе қыста менің тұяқтарым қатты мұздап қалады.Құдай содан кейін өгізден сұрайды:-Сен не дейсің, саған қайсысын ұзартып, қайсысын қысқартқанын қолайлы?—Қысты ұзартқан дұрыс қой,- деді өгіз,-жаздың ыстығында менің мұрнымнан су тоқтаусыз ағады. Құдай дәл солай істеді,қысты ұзақ, жазды қысқа етті. Өгіздің жауабын естіп ашуланған ат оны дәл су-су болып тұратын тұмсықтан келіп бір тепті.Тепкенде де қатты тепті, алдыңғы тістерін қағып түсірді .Өгіз атты сүзіп, өт қабын жарып жіберді. Үлкендердің айтуынша содан бері атта өт жоқ. Сиырда алдыңғы күрек тіс жоқ
Аңыз әңгімен жұмыс жүргізіп болған соң оқушыларға сүтқоректілер класына топтастыру жұмысын ұсындым
Сутқоректілер класы



Логикалық сұрақтар
1.Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар?
т ү й е

2Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары?
и т
3.Әлемдегі ең биік жануар?
к е р і к
4. Бір жақ қырымен жатып ұйықтайтын жыртқыш сүтқоректі?
а қ а ю
5 Жер бетіндегі ең тісі көп жәндік?
Ұ л У
Қорытынды пысықтау сұрақтары
1.Суда мекендейтін сүтқоректілерді ата?
2.Ұшатын сүтқоректілерді ата?
3.Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілерді ата?
4.Құрлықта мекендейтін сүтқоректілерді ата?
7.Оқушыларды бағалау
8.Үйге тапсырма беру Сүтқоректілер класы
9. Оқушылармен қоштасу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.