.
.
Атырау облысыс Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5788 | Размер: | Автор: Нартай4540Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш.Т.Еркінов орта мектебінің
Химия-биология пәні мұғалімі
Қарағожина Кенжегүл Гапуринқызы
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау.
Сабақ мақсаты:
а) Білімділік. Оқушылардың саңырауқұлақтар дүниесі бойынша алған білімдерін саралай отырып, бір жүйеге келтіру.
ә) Дамытушылық. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру , білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту.
б) Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдістері: СТО элементтерін пайдалану,
демонстрациялау, тест, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Техникалық құралдар, проектор,
кестелер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру
Сабақтың жоспары.
1. Ой маржан (оқушыларға сұрақтар беріледі)
2. Мағынаны тап (берілген сөздердін анықтамасын айтыңыз
3.Суреттер сөйлейді
4. Миға шабуыл
5.Венн диаграммасы
6. Эссе жазу.
1.Ой маржан (оқушыларға сұрақтар беріледі)
1.Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор заты?
2.Талшығы бар спораның атауы?
3.Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ?
4.Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ?
5.Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі?
6.Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ?
7.Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ?
8.Тасқа жабысып өсетін қына?
9.Екі ағзаның пайдалы селбесуі?
10.Саңырауқұлақтың өсімдіктерге тән белгілері?
2. Мағынаны тап (берілген сөздердін анықтамасын айтыңыз)
1. Микология 4. Микориза
2. Конидий 5. Боз арамқұлақ
3. Пеницилл 6. Паразит
3.Суреттер сөйлейді
Берілген суреттер бойынша қалпақшалы, жеуге жарамды, улы, паразит саңырауқұлақтарды ажыратып жазыңыздар
Жауаптары
Қалпақшалы Улы Жеуге жарамды Паразит
3
6
10 2
9 1
5
8 4
7
ә) Қалпақшалы саңырауқұлақ құрлысы?
б)Зең саңырауқұлақтары шоғырының жалпы көрінісі.
Суретте берілген өсімдіктерді атаңыз
4. Миға шабуыл
1. Саңырауқұлақтың жануарларға ұқсастығы қандай?
а) бір орында қозғалмайды
ә) дайын ағзалық заттармен қоректенеді
б) қоректік заттарды бүкіл денесімен сорады
2. Саңырауқұлақтың таралуын қамтамасыз ететін жасуша?
а) сапрофит
ә) зооспора
б) спора
3. Бір жасушалы саңырауқұлақ?
а) ашытқы
ә) қалпақшалы
б) улы саңырауқұлақтар
4.Пеницилл мен аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады?
а) қалпақшалы
ә) зең
б) паразит саңырауқұлақтар
5.Малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ?
а) боз арамқұлақ
ә) көңілкеш
б) діңқұлақ
6.Саңырауқұлақтардан өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат алады?
а) гибереллин
ә) боверин
б) фермент
7. Пеницилл саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотик?
а) асперин
ә) пеницеллин
б) анальгин
8. Қынаны зерттеушілер?
а) лихенологтар
ә) микология
б) альбология
9. Аспергилл саңырауқұлағының тудыратын ауруы?
а) тұмау
ә) ревматизм
б) аспергиллез
10. Ашытқы саңырауқұлағының ғылыми аты?
а) қантты саңырауқұлақ
ә) паразит саңырауқұлақ
б) зең саңырауқұлағы
Тест жауаптары:
1.Ә 6. А
2.Б 7. Ә
3.А 8. А
4.Ә 9. Б
5.Б 10. А
5.Венн диаграммасы
Бактерия Саңырауқұлақ
“Ой толғаныс”
6. Эссе жазу.
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Қорытынды.
Топтастыру бағалау
Өсімдіктерге тән белгі Жануарларға тән белгі Симбиоз
Микология Саңырауқұлақтар Микориза
гибереллин
Бір жасуша Көбеюі пайдасы
Зең Өсімді Жыныссыз Жынысты Боверин
Усыз Жоғарғы саты Улы Зооспора Спора Конадий
Қаракүйе Діңқұлақ
Ақ ұнтақ Паразит
Қастауыш Тат
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.