.
.
САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 327 | Просмотров: 4636 | Размер: 14.4 Kb | Автор: bibigulОқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында өз тәжірбемде сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Әрине, әр сабақтың құндылығы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты. 8-сыныпта « Сезім мүшелері » тарауын қайталағанда « Қазыналы аралға саяхат » атты ойын сабағын өткіздім.
Сабаққа оқушылардың « Сезім мүшелері » тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру, сезім мүшелері мен қоршаған орта арасындағы байланысты анықтай білуге үйрете отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға салауатты өмір салтын ұстануға тәрбие беру мақсатын қойдым.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Саяхат ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Қайталау, сұрақ-жауап, интер белсенді әдістер.
Сабақтың көрнекілігі:1. Сезім мүшелерінің түрлері және құрылысы (слайд)
2. Дидактикалық материалдар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімінде: оқушыларға бүгінгі сабақта таңғажайып саяхатқа аттанатыны айтылады. Олар « Білім » мұхитын жүзіп өтіп, қазыналы аралға баруы тиіс. Мұғалім кеме капитаны, оқушылар жас теңізшілер. Сынып үш топқа бөлініп, әр топ топбасшысын сайлайды. Мұғалім саяхаттың маршруттық картасымен таныстырды.
1-аялдама « Сенсорлық жүйе »
2-аялдама « Сезім жағалауы »
3-аялдама « Сынақ түбегі »
4-аялдама « Өзен порты »
5-аялдама « Шариғат шапағаты »
6-аялдама « Қазыналы арал » ( үйге тапсырма )
Негізгі бөлім: мұнда әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындайды. 1-аялдама « Сенсорлық жүйе » тапсырмасы.
Ағыстардың қаттылығынан кеме шайқалып, картамыз суға ағып кетті. Енді картаны қайта жасау керек. Ол үшін « Лото » ойынын ойнаймыз. Мына кеспе қағаздардан араласып кеткен мүшелерді жүйесіне қарай жіктейміз: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы, кірпік , мұрын қуысы, тіл, иіс сезу бадамы, дабыл жарғағы, қабақ, мұрын қалқандары, тері, тәтті,дыбыс сүйекшелері,
иіс сезу жүйкесі, қарашық, тіл бадамшасы, кеңсірік, ақ қабықша, есту жүйкесі, ащы, торлы қабықша, тұзды, ұлу дене, миға баратын иіс сезу жүйкесі.
Осы тапсырмаларды үш топ жеке-жеке сезім мүшелеріне, құрылысына қарап жіктейді. (яғни сезім мүшелеріне не жататынын сипаттап береді)
2-аялдамада «Сезім жағалауы» тапсырмасы
Үш топқа үш қобдиша беріледі. Қобдишаға түрлі заттар салынған. Оқушылардың көзі орамалмен таңылады да заттарды қолмен ұстап, иіскеп жіктеп атын атайды. Қобдишадағы заттар: бор, алма, иіс су, мақта, темір, спирт, т.б. Оқушылар сипап сезу, иіс сезу мүшелерінің көмегімен заттарды тану қабілетін көрсетеді.
3-аялдама «Сынақ түбегі» тапсырмасы
Үй тапсырмасына байланысты жасалған үш нұсқадағы тест сұрақтарына жауап береді.
4-аялдама «Өзен порты» тапсырмасы
- Портқа келген кезде теңіз қарақшыларына ұсталып қалдық. Қарақшылар бізді тек олардың сұрақтарына дәл, нақты дұрыс жауап бергенде ғана жібермекші. Ендеше жауап беріп көрейік:
1-топ «Көздің құрылысы мен қызметі»
2-топ «Құлақтың құрылысы мен қызметі»
3-топ «Дәм сезу және сипап сезу анализаторы» тақырыптары бойынша мәлімдеме жасайды.
5-аялдама «Шариғат шапағаты»
Мұнда ұлы ғұламалардың, даналардың сезім мүшелері туралы айтқан нақыл сөздері, шариғатта айтылған көз, тіл, құлақ турлы айтылған балаларды жақсылыққа, адалдыққа т.б қасиеттерге тәрбиелейтін әнгімелер айтылып, бейне ролик көрсетіледі. Сонымен қатар сезім мүшелерінің гигенасы, маңызы салауатты өмір салтын ұстау жолы да насихатталады.
6-аялдама «Қазыналы арал»
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланып, үйге тапсырма беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.