Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шеміршекті балықтар класы. -

Шеміршекті балықтар класы.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3554 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Шеміршекті балықтар класы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. Оқушыларға шеміршекті балықтар класы бойынша тән белгілеріне тоқталу, олардың қаңқасы тек шеміршектен тұратынына түсінік беру; алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
ә) Дамытушылық. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
б) Тәрбиелілік. Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: СТО технологиясы (сатылай кешенді талдау),
демонстрациялау, тест.

Көрнекілігі: Проектор, жылжымалы тақта, тірек-сызбалар, кестелер,
сулы препараттар.

Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Миға шабуыл (оқушыларға «Бинго» ойынын ойнату.
2.Тірек -сызбамен жұмыс
3. Сәйкестендіру кестесі.
Сергіту сәті. «Балық аулау» ойыны. (топтастыру)

ІІІ. Мағынаны тану (Өзара оқыту әдісі бойынша тақырыпты оқытып талдату)
ІV.Ой қозғау. Мәтінмен жұмыс.
V.Ой қорыту.
1. Өз ойларын топтастыру.
2.Шеміршекті балықтардың ішкі құрылысы
3.Кестені толтыр
VІ. Ой дамыту (шығармашылық жұмыс)
Шеміршекті балықтардың ерекшелігі.
І.Ұй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау (нені білеміз?) .
"Бинго" ойыны
1.Желілі жануарлардың үш тип тармағы қалай аталады?
Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар.

2. Бассүйексіздер тип тармағының өкілі?
Қандауырша.

3. Омыртқасы жоқ желілі жануардың өмір бойы сақталатын құрылыс
мүшелері?
Желі.

4. Қандауырша деп аталуы?
Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас
болуы.

5. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелігі .
Терісінің сыртында жұқа сырқабықтың болуы

6. Қаңқаның қызметін не атқарады?
Желі.

7. Желілілердің дене құрылысында, тіршілік әрекетінде
омыртқасыздарға ұқсас белгілерді атаңдар ?
Үш қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты.

8. Асқорыту жүйесінің ерекшелігі неде?
Жұтқыншағы әрі ас қорыту әрі тыныс алу қызметін атқарады.

9. Қандауыршаның жүрегінің қызметі не арқылы орындалады ?
Құрсақ қолқа қан тамыры.

10. Жүйке түтігі қандай қызмет атқарады ?
Орталық жүйке жүйесінің

Тірек- сызбамен жұмыс .





Кестемен жұмыс
Қандауыршаға тән белгілер Омыртқасыздармен ұқсас
тән белгілер

1. Қантарату жүйесі-тұйық.
2. Желісі бар .
3. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады
4. Дененің соңғы қуысы болады
5. Денесі үш қабақтан тұрады .
6. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек
саңылаулары бар.
7. Ішкі қаңқасы-желі.
8. Денесі екі жақты симметриялы .
9. Сырттай ұрықтанады.
10.Аналь тесігі бар.
II. Топтастыру.


III. Жаңа сабақ.






1. Анықтама. Қанқасы тек шеміршектен тұрады. Дене пішіні әр түрлі. Акулалардың денесі созылыңқы, жұ мыр, ұршық тәрізді.
Скаттардың денесі қабысып жалпайып кеткен.

2. Сөзтаным. Ихтиология (грекше “ихтис” – балық, “логия” – ілім, ғылым) деп аталады.

3. Тіршілік ортасы. Су түбінде, барлық мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерінде мекендейді

4. Сыртқы құрылысы. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде: жұп көкірек, жұп құрсақ, дара арқа жүзбе қанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде: сыңар құйрық және аналь жүзбе қанаттары бар.

5. Дене құрылысы: Терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқысы – эпидермис, көп қабатты эпителий, ішкі – нағыз тері қабаты, дәнекер ұлпасын тұрады, эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың терісі ұсақ бүртікті.

6. Қоректенуі. Көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қоғалғыш. Жаққа ірі үшкір тістер орналасады, тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады, жұтқыншақ өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Ас шегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі ашылады. Тік шегі клоакаға ашылады. Тоқ шегі жуан.

7. Тыныс алуы: Желбезектерінде – желбезек доғалары – желбезекаралық перде – желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Тыныс алуы ауыз қуысының қозғалуына сәйкес болады.

8. Қан айналым жүйесі. Жүрегі екі қуысты: 1 құлақша, 1 қарыншадан тұрады. Қан айналым шеңбері – 1.

9. Зәр шығару. Таспа тәрізді жұп бүйрегі болады. Бүректерде қаннан сүзілген зәр заттары бір жұп несепағар өзегі арқылы клоакаға келеді. Зәр заттары клоакадан тікелей сыртқа шығарылады.

10. Жүйке жүйесі. Тіршілік етуіне байланысты миы жақсы дамыған. Ми бөлімдері: алдынғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Жылдам жүзу әрекеттерін реттейтін мишығы жақсы жетілген. Акуланың миынан денесіне он жұп жүйкелер – дене бөліктеріне және жұлыннан да жеке жүйкелер таралады.

11. Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшелері өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көзінің қасаң қабығы – жазық, көз бұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы жақсы дамыған.

12. Көбеюі. Шеміршекті балықтар – дара жынысты. Аталықтарында – жұп аталық және жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп аналық без және жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршікті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады.Аналықтары ұрықтанған үылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрапқтарына қамқорлық жасайды.

13. Жіктелуі. Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақтажелбезектілер және тұтасбастылар.

14. Ерекшелігі. Балықтардың қаңқасы тек шеміршектен түзіледі, көпшілігі іштей ұрықтанады, адамға қауіптісі сұр акулалар, кеңінен таралған – жолақ акула.

IV. Бекіту.




Қандауыршаға тән белгілер Акулаға тән белгілер

1. Қантарату жүйесі – тұйық.
2. Бас қаңқасы бар.
3. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады.
4. Белсенді тіршілік етеді.
5. Іштей ұрықтанады.
6. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары бар.
7. Ішкі қаңқасы – желі.
8. Жұп жүзбеқанаттары бар.
9. Желісінің қалдығы сақталған.
10. Сырттай ұрықтанады.
11. Аналь тесігі бар.
12. Асқорыту жүйесі клоакамен аяқталады.
13. Тоқ ішегінде оралма қатпар бар.

Жауабы
Қандауыршаға тән белгілер Акулаға тән белгілер
1, 3, 6, 7, 10, 11 2, 4, 5, 8, 9, 12, 13

V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма:
Амангелді ауылының өзен-көлдеріндегі балықтар тіршілігі туралы хабарлама.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.