.
.
САПАРОВА Назымгүл, Өсімдіктер
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3275 | Размер: | Автор: bibigul« Қазақстан »жалпы орта білім беретін мектептің
биология пәні мұғалімі
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында, әр тақырыпты өткеннен кейін тест жұмыстарын алудың тиімділігі зор.Биология пәні бойынша 6-сыныпқа арналған тест тапсырмаларын ұсынып отырмын.
Өсімдіктер
1-тақырып.Тамыр
1. Негізгі тамыр неден дамиды?
А) сабақтан;
В) жанама тамырдан;
С) қосалқы тамырдан;
Д) ұрық тамыршасынан.
2. Тамыр жүйесін не құрайды?
А) өсімдіктің барлық тамырлары;
В) жанама тамырлар;
С) қосалқы тамырлар;
Д) негізгі тамырлар.
3. Жанама тамырлар неден тарайды?
А) сабақтан;
В) негізгі тамырдан;
С) қосалқы тамырдан;
Д) негізгі және қосалқы тамырдан.
4. Мынадай өсімдіктердің қайсысының кіндік тамыр жүйесі болады?
А) қымыздық;
В) бидай;
С) пияз;
Д) сарымсақ.
5. Қосалқы тамыр неден тарайды?
А) сабақтан;
В) жапырақтан;
С) жанама тамырдан;
Д) сабақ пен жапырақтан.
6. Берілген өсімдіктердің қайсысына шашақ тамыр жүйесі тән?
А) күнбағысқа;
В) жоңышқаға;
С) сәбізге ;
Д) жауқазынға.
7. Тамыр тігінен ...өседі.
А) төбесімен;
В) негізімен;
С) тамыр оймақшасымен;
Д) өткізу аймағымен.
8. Тамыр түктері қай аймақта орналасады?
А) өсу;
В) бөліну;
С) өткізу;
Д) сору.
9. Негізгі тамыр ұшы қандай ұлпамен қапталған?
А) түзуші;
В) жабын;
С) механикалық;
Д) өткізгіш.
10. Тамырдың түзуші ұлпасы қандай аймақта орналасқан?
А) бөліну;
В)өткізгіш;
С) өсу;
Д) сору.
11.Тамыр түктері-бұл:
А) тамырдың сыртқы жасушаларының өсіндісі;
В) қосалқы тамыр түрі ;
С) ауа тамыр(вентиляционный корень) өсіндісі;
Д) жанама тамыр.
12. Тамыр түктерінің тіршілік ұзақтығы:
А)бірнеше сағат;
В) бірнеше күн;
С) бірнеше апта;
Д) бірнеше ай.
13 Топырақтағы су және минералды заттар не арқылы өтеді?
А) тамыр өсінділері арқылы;
В) жанама тамырлар арқылы;
С) қосалқы тамырлар арқылы;
Д) негізгі тамыр арқылы.
14. Түтіктер арқылы ...өтеді.
А) органикалық заттар;
В) су және минералды заттар;
С) су және органикалық заттар;
Д) су.
15. Қиды топыраққа қашан шашады?
А) қыста;
В) көктемде;
С) жазда;
Д) күзде.
16. Су және минералды заттарды өткізетін түтіктер ... орналасады.
А) сабақтың ортаңғы бөлігінде;
В) қабығында;
С) сору аймағында;
Д) өсу аймағында.
17. Тамыржеміс түзілуіне ...қатысады.
А) жанама тамырлар;
В) қосалқы тамырлар;
С) негізгі тамыр мен сабақтың төменгі аймағы;
Д) жанама және қосалқы тамырлар.
18. Қандай өсімдіктерде қоректік заттар тамыржемісінде жиналады?
А) картопта;
В) нарғызгүлде (георгин);
С) қызылшада;
Д) бататта.
19. Фосфорлы тыңайтқыштардың әсерінен:
А) сабақтың өсуі артады;
В) жапырақ тез өседі;
С) тамырдың өсуі артады;
Д) жеміс тез пісіп-жетіледі.
20. тамыртүйнектер-бұл... түр өзгерісі.
А) негізгі тамырдың;
В) жанама және негізгі тамырлардың;
С) жанама және қосалқы тамырдың;
Д) тірек тамырдың.
21.Эпифиттердің тірек тамырларының қызметі:
А) қор жинау;
В) тірек;
С) фотосинтездеуші;
Д) сору.
22. тірек тамыры бар өсімдік:
А) нарғызгүл;
В) батат;
С) ақбүйрек;
Д) үнді фикусы.
23. Тамырлар қандай қызмет атқармайды?
А) қор жинау;
В) сору;
С) өсімдіктің топырақта бекінуі,
Д) фотосинтездеуші.
24. Суға салынған теректің бұтағынан өсіп шығатын тамырлар қалай аталады?
А) тірек;
В) негізгі;
С) қосалқы;
Д) жанама.
25. Тамырдың жұмыстық бетін арттыру үшін қандай агротехникалық әдісті қолдану керек?
А) арамшөптерді жұлу;
В) жерді қопсыту;
С) топыраққа тыңайтқыш себу;
Д) тамыр ұшын кесу.
2-тақырып. Сабақ
1. Өркен-бұл:
А) түрі өзгерген сабақ;
В) жапырағы және бүршігі бар сабақ;
С) гүлі бар сабақ;
Д) жапырағы бар сабақ.
2. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері ... деп аталады.
А) түйін;
В) түптену;
С) жапырақ қолтығы ;
Д) жапырақ буыны.
3. Бүршік құрамына ...кіреді.
А) ұрық сабағы;
В) ұрық жапырақшасы;
С) ұрық өркені;
Д) жоғарыдағылардың бәрі.
4. Буынаралықта, жапырақта және тамырда дамитын бүршіктер:
А) жанама;
В) вегативті;
С) гүлді (генеративті);
Д) қолтықты.
5. Қосалқы (қолтықтағы) бүршіктер ... орналасады.
А) жапырақ қолтығында ;
В) өркен ұшында;
С) буынаралықта;
Д) тамырда.
6. Қайсы өсімдікте бұйыққан бүршік бар:
А) қайында ;
В) қандыағашта;
С) шетенде;
Д) еменде.
7.Сабақ ұзына бойы...өседі.
А) төбесімен;
В) буынаралық жасушаның бөлінуінен;
С) бүйір өркендерімен;
Д) өсу конусының жасушаларының бөлінуі мен өсуінен.
8. Сабақтың ұзарып өсуі ... тән.
А) үрмебұршаққа;
В) қарақатқа;
С) еменге;
Д) бамбукқа.
9. Шырмалғыш сабақтар ... тән.
А) үрмебұршаққа;
В) бұршаққа;
С) құлпынайға;
Д) шырмауыққа.
10.Камбий қайда орналасады?
А)Сүрек пен тоз арасында;
В) сүрек пен өзектің арасында;
С) қабық пен өң арасында;
Д) өң мен тоз арасында.
11. Сабақ жуандауы ненің бөлінуіне байланысты?
А) қабақтың;
В) сүректің;
С) камбийдің;
Д) өзектің.
12.Сүрек құрамына ... кіреді.
А) жасымықша;
В) сүзгілі түтіктер;
С) тамырлар;
Д) тоз талшықтары.
13.Жылдық сақиналар ... түзіледі.
А) камбий жасушаларынан;
В) өзек жасушаларынан;
С) қабық жасушаларынан;
Д) сүрек жасушаларынан.
14. Ағаш жасы ...анықталады.
А) жылдық сақиналар санымен;
В) камбийдің даму деңгейіне байланысты;
С) сабақ қалындығымен;
Д) жылдық сақина қалындығымен.
15. Органикалық заттарды ... тасымалдайды.
А) сүрек түтіктері;
В) сабақ өзегі;
С) камбий жасушалары;
Д) сүзгілі түтіктер.
16. Су және минералды заттарды ... тасымалдайды.
А) сүрек тамырлары;
В) қабық жасушалары;
С) сүзгілі түтікшелер;
Д) камбий жасушалары.
17. Тамырсабаққа тән:
А) ұшында бүршігі бар;
В) тамыр қабығының болмауы;
С) қолтықты бүршіктердің болуы;
Д) жауаптардың барлығы дұрыс.
18. Пиязшық ... болады.
А) үрмебұршақта;
В) бұршақта;
С) нарцисте;
Д) бидайда.
19. Тамырсабақ ... түзіледі.
А) қалақайда;
В) пиязда;
С) жауқазында;
Д) картопта.
20. Картоп түйнегінің көзшелері-бұл:
А) түрі өзгерген жапырақ;
В) бүршік;
С) түрі өзгерген сабақ;
Д) ұрық гүлшесі.
21.Қандай өсімдіктің сабағы фотосинтезге қабілетті?
А) бөріқарақаттың;
В) итмұрынның;
С) кактустың;
Д) ошағанның.
22. Пияз сабағы –бұл:
А) пиязшық;
В) өзгерген өркен;
С) тамыржеміс;
Д) түбі.
23. Он жылдық еменнің камбий сақина саны:
А) біреу;
В) он;
С) тоғыз;
Д) он бір.
24. Сабақтың қандай бөлігінде органикалық заттар қозғалады?
А) қабықшада;
В) сүректе;
С) флоэмада;
Д) камбийде.
25. Сабақтың қандай бөлігінде минералды заттар және су қозғалады?
А) сүрек түтіктерінде;
В) сүзгілі түтікшелерде;
С) камбийде;
Д) трахеидтерде.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.