.
.
Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлемі» Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлемі»
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5194 | Размер: | Автор: bibigulКүн,20.10.2014ж
8сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Биология әлеміне саяхат» атты саыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Біздің бүгінгі сайысымыз ІІ-топтаң, V-кезеңнен тұрады.
І-топ «Табиғат»
ІІ-топ «Өсімдік»
І-кезең «Бәйге»
ІІ-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»
ІІІ-кезең «Ойлап тап»
ІV-кезең «Заттын иісін анықта»
V-кезең «Дыбыс»
І-кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бойынша жауап береді.
1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
4. Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)
5. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
6. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
7. Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)
8. Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыр жүйесі)
9. Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)
10. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
11. Ұша алмайтын құс (Пингвин)
12. Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)
13. Заттың түсіңн ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)
14. Қан беруші адам (Донор)
15. Ересек адамда неше тіс болады (32)
16. Жүректі зерттейтін ғылым (Кардиология)
17. Ең үлкен құс (Страус)
18. Тісті емдейтін дәрігер (Стоматология)
19. Қаназдық ауруы (Анемия)
20. Қоян жылына неше рет балалайды (3-4)
21. Кенгуру неше метрге секіре алады (Он)
22. Бір жылда екі рет төлдейді (Ешкі)
23. Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратын жануарлар (ит мысық(
24. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)
25. Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
ІІ-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»
Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ жасырылады. Егер бір топ жауап бермесе, екінші топ жауап береді.
1. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. Су
Отқа жанбас, суға батпас. Мұз
2. Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. Сәбіз
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. Пияз
4. Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. Аяз
5. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десен табылмас. Жұлдыз
6. Жылт жылт етеді,
Жылғыдан етеді. Су
7. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде
Бірін-бірі көрмейді. Көз
8. Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қапақ киемін. Күнбағыс
ІІІ-кезең «Ойлап тап»
Бұл кезеңде ойыншыларымыз жасырылған сөзді тауып, сол сөзді жазу керек.
1. 2 адам шахматта 2 сағаттан ойнаса,1 адам неше сағат ойнайды. (2 сағат)
2. Арақ ішіп, .... шеккен,
Денсаулықтың түбіне жеткен (Темекі)
3. ... – улы зат (Есірткі)
4. ... – денсаулық кепілі (Тазалық)
5. Денсаулы - ... негізі (Байлық)
IV-кезең «Заттың иісін анықта»
Бұл кезеңде әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып, көзін байлап иіс сезім арқылы, қандай жеміс-жидектің екенін анықтау.
V-кезең «Дыбыс»
Бұл кезеңде әр топтан екі оқушы ортаға шығады. Екі оқушыға әр топтан бір бала көзін байлап отырғызу. Тұрған оқушыға банан , алма беріп, олар тістеп жейді. Көздері байланған оқушылар ненің дыбысы екенің біліп айту керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.