.
.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, Тамақтану гигиенасы.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 356 | Просмотров: 3450 | Размер: 39.5 Kb | Автор: bibigulТ.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің
химия – биология пәндері мұғалімі
Жақанова Нұргүл
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану гигиенасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тамақтануды тиімді ұйымдастыруды, тамақтану ретін, ішек – қарын аурулары туралы ақпараттар беру.
Дамытушылық: оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырып, өз бетімен қосымша материалдарды іздеуге, пайдалануға дағдыландыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттырып, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік: ортамен, айналасындағылармен, өз - өзімен қарым – қатынас барысында жауапкершілік сезімін өз мойнына ала білуге, жолдастарымен сыйласа білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, графикалық диктант, сөзжұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, цитаталар.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару, сабақ барысымен таныстыру.
Жүргізуші (мұғалім):
- Құрметті көрермендер, бүгінгі бағдарламамызда «Тамақтану гигиенасына» байланысты хабарымызды бастаймыз. Сұрақтарыңыз болса алдын – ала Сырғагүл почтасына хабарласып, хат жазуларыңызға болады.
Бүгінгі қонақтарымыз:
Мұратбаева Ақерке, Ерманова Айдана, Бекболатова Айша – бибі.
-Ал әзірше қонақтарымыз келгенше, құрметті көрермендер, сіздермен сұхбаттассақ.
1) Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.
2) Қарындағы астың қорытылуы.
3) Астың тоқ ішекте қорытылуы.
- Енді қонақтарымызды студияға шақырамыз.
- Қош, келдіңіздер! Бүгінгі тақырыбымыз «Тамақтану гигиенасына» байланысты сіздерге бірер сауалдар қойсақ. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен қалай тамақтану арқылы адам өз организміне қажетті заттарды алып отырады. Осыған орай тамақтану мерзімі жөнінде не айтар едіңіз?
Мұратбаева Ақерке:
- Ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үшін, бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанған адамның ас қорыту мүшелерінің бездеріне темеқ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді. Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылуына және жақсы сіңіуіне аса қажетті жағдай.
Күніне төрт мезгіл тамақтанған жөн. Күніне төрт рет тамақтанатын асты былай мөлшерлеген дұрыс:
Ертеңгі ас – 25%
Түскі ас – 40%
Сәскелік ас – 15%
Кешкі ас – 20%
Ас кенеулі және әртүрлі болуы тиіс. Тамақтану мерзімі ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
- Қазақта ауру астан деп жатады. Ішек – қарын ауруларының алдын алу туралы айтып өтсеңіз.
Ерманова Айдана:
- Ішек – қарын аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып, тазартылмаған көкөніс пен жемістер жегенде, лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп организмді уландырады. Әсіресе, қантышқақ, ішсүзегі, тырысқақ өте қауіпті ішек – қарын аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда – ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделу адам өміріне қатер туғызады. Бұл қауіпті ауруларды шыбындар мен тараканджар таратады. Тамақтанған соң тамақтың қалдықтарын үстел үстінен жинап, ыдыс аяқты тазалап жуып, шкафта сақтайды. Ас қалдығын сақтайтын шелектің бетін жақсылап жауып, күнделікті тазартып, жуып отыруды ұмытпау керек.
Жүргізуші:
- Сөздеріңізді бөлуге тура келеді, бізге көрермендеріміз хабарласып жатыр екен.
- Алло, тыңдап тұрмыз!
- Менің сұрағым дәрігер Ақерке ханымға арналады.
- Айта беріңіз!
- Кешкі тамақты қай кезде ішкен дұрыс?
- Өзіңізді таныстырсаңыз.
- Есімім – Жасұлан. 8 сынып оқушысымын.
- Рахмет!
- Тамақ рационында мүмкіндігінше көкөніс пен жеміс, сүт өнімдері болуы қажет. Ұйықтар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын тамақтану денсаулыққа жағымды.
Бекболатова Айша – бибі:
- Адам организмінде тірішілік етуге бейімделген ішекқұрттардың түрлері көп. Адамның ішқұрты дайын қоректік заттармен қоректенеді де улы заттарды өзінен бөліп шығарып, адамды уландырады. Ішқұрт ауруымен ауырған адам тез шаршайды, ұмытшақ болады, басы ауырады, жүрегі айнып, құсады, қаны азаяды. Ішқұрттар кір қолдан, жуылмаған жеміс пен көкөністен жұғады. Кейбір ішқұрттар шала піскен ет пен балық арқылы да адам организміне өтеді. Ішқұртымен ауырған адам өз ауруын басқа адамдарға жұқтырады. Сондықтан өз беи\тімен емделмей, дәрігерге қаралып, емделуі қажет.
- Екінші көрерменіміз хабарласып жатыр.
- Алло, менің есімім Нұршат. Мен Айша – бибіден ішқұрт ауруларынан сақтану жолдары жөнінде білгім келеді.
- Рахмет! Ішекқұрт ауруларынан сақтану үшін жеке бас гигиенасын сақтай біліңдер. Ас ішер алдында және тамақ пісірерде, дәретханадан соң қолдарыңды сабынмен жақсылап жуыңдар. Жеміс – жидектерді жуып жеп, қайнаған су ішкен жөн. Өздерің тұратын бөлмені таза ұстаңдар.
- «Сырғагүл» почтасына хат келді!
- Тамақтан уланудың қандай белгілері болады? Тамақтан уланғанда қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
- Темекі тарту мен алкогольдің ас қорыту мүшелеріне тигізетін зиянды әсері туралы білгіміз келеді.
Сабақты бекіту:
Ендігі кезек біздің ас үйдегі Никольяға сөз береміз. Бізге қандай ас мәзірін дайындаған екен?
- Біз бүгінгі ас мәзірінде графикалық диктант пен сөзжұмбақ шешеміз.
Қорытынды:
- Қымбатты көрермендер! Бүгінгі бағдарламамызда тамақтану туралы көптеген мағлұматтар алдық, пікірлеріңізді тыңдадық. Тиімді тамақтану адамның тіршілік етуінің басты шарты. Осы шарт бұзылғанда, болмаса жеткіліксіз, толыққанды тамақтанбағанда адам ауруға шалдығады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін, деніміз сау болу үшін тиімді, дұрыс тамақтана білуіміз керек. Енді бағдарламамызды қорытындылау үшін тағы да сіздермен пікірлессек...
- «Мен ешқашан темекі шекпеймін, себебі...»
- «Мен ешқашан ішімдік ішпеймін, себебі...»
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: §42 түсіріп оқу. Бір күнге арналған ас мәзірін дайындап келу. Мақал мәтел, нақыл сөздер жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.